Компьютердің қосымша құрылғылары

5 сыныптар

Сабақ: 7

Сыныптарға кіретін уақыт:  5а______5ә______5б_______5в_______5г______5д____5е_____

Сабақтың тақырыбы: Компьютердің қосымша құрылғылары.

 

Сабақ міндеттері:

Білімділік: Компьютердің қосымша құрылғылары туралы түсінік беру.

Дамытушылық:  Оқушылардың  ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.

Тәрбиелік: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:    аралас сабақ

Оқыту  әдістері:   көрнекі, практикалық

Сабақтың құрал-жабдықтары:  компьютерлер, тест сұрақтары т.б.

 

Сабақтың барысы:

Қосымша құрылғылар – компьютердің жүйелік блогына қосымша жалғанатын құрылғылар. Оларды жүйелік блоктың сыртына да, ішіне де қосуға болады. Компьютердің қосымша құрылғыларына дыбыс колонкалары, микрофон, принтер, сканер, модем және т.б. жатады.

Дыбыс колонкалары  — дыбыстық ақпаратты шығару құрылғысы.

 

Принтер— ақпаратты компьютерден қағазға басып шығаруға арналған құрылғы. Заманауи принтерлер басып шығару тәсіліне қарай лазерлік және бүріккіш болып бөлінеді.

 

Сканер – мәтіндік және графикалық ақпаратты қағаздан компьютерге енгізу құрылғысы. Сканердің көмегімен мәтіндерді қағаздан мәтіндік редакторға,фотосуреттерді –бейнелерді өңдеу программаларына аударады және т.с.с.

 

Көпфункционалдық құрылғылар- бір құрылғыдағы принтер/сканер/копир. Аталған функциялардың бәрін жүзеге асыруға арналған. Мұндай құрылғылардың ерекщелігі – оларды компьютерсіз де көшірме жасау құрылғысы ретінде қолдануға болады.

 

  Модем – компьютерді жай телефон желісіне қосуға арналған құрылғы. Модем әдетте компьютерге Интернет желісінде орнатылады.

 

Ақпарат тасығыштар:

  • Қатты диск (винчестер);
  • Жұмсақ диск (дискета);
  • Лазерлік дискілер;
  • Флеш-жады

Тасығыштарда ақпарат компьютерге ыңғайлы түрде – сандық форматта сақталады. Адам тасығыштағы ақпаратты компьютердің көмегінсіз ажыратып оқи алмайды. Ақпарат тасығыштардың негізгі көрсеткіші – олардыңсыйымдылығы.

Үйге тапсырма 50-56 беттердегі 7 тақырыпты мазмұндап келу. 57 беттегі өзіңді тексер тестіне жауап жазу.