Пысықтау
Тақырып: Пысықтау
Білімділік мақсаты: алған білімдерін пысықтауға арналған арнайы жұмыстарын жүргізу.
Дамытушылық мақсаты: Алған білімдерін практика жүзінде қолдана білулерін дамыту. Білімге
деген құштарлығын, қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік мақсаты: ұқыптылыққа, тапқырлыққа, ойлампаздыққа, төзімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қорытынды сабақ
Көрнекілігі: жаттықтыру парағы
Қолданылатын әдіс:ойын, анаграмма, өздік жұмыс.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сыныпта жағымды психологиялық көңіл күй орнату.
- Құрал-жабдықтарын тексеру.
3.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.
- «Жасырылған сан» ойыны
Мақсаты: оқушылардың сан қатарында сандардың орнын қаншалықты білгендерін тексеру,
логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, белсенділікке жетелеу.
Шарты: бос торкөздерге жоқ сандарды қою.
1 3 5 10 8 6 0
- «Мақалды тап» ойыны
Мақсаты: пәнге қызығушылықтарын ояту, тілдерін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.
Шарты: сандардың орнына керек әріптерді қоя отырып, мақалды алып шығу.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
А н ы ң б л с т ү і
1 | 2 | 1 | 2 | 3 | 4 | 7 | 9 | 8 | 10 | 5 | 1 | 6 | ||
ІҮ. Жаңа сабақ.
- Анаграмма: П С Ы Ы Қ А У Т (пысықтау)
— Ендеше, бүгінгі сабақта біз сендермен алдынғы күндері алған білімдерімізді еске
түсіреміз де, не үйренгендеріңді көрсетесіңдер.
- «Жаттықтыру парағы» бойынша жұмыс.
Әр оқушының алдына «Жаттықтыру парағы» беріледі.
(Оның басында әр оқушының аты-жөні жазылған, бүгінгі күн көрсетілген және 5 тапсырма берілген. Тапсырмалар оқулықта және «Жұмыс дәптерінде» осы сабаққа ұсынған тапсырмаларға ұқсас. Бірақта оқушылар оларды жеке «жаттықтыру» парағында орындайды да сабақ соңында мұғалімге тексеруге тапсырады.)
Мақсаты: сабаққа қызығушылығын арттыру, өздігінен жұмыс жүргізе алу қабілеттерін дамыту,
білім деңгейлерін анықтау.
Ү. Қорытынды.
ҮІ. Бағалау.
Жаттықтыру парағы
Аты – жөні:
Жазған күні:
№1
Тең және тең емес кесінділерді тауып белгіле.
№ 2
Үй неше үшбұрыштан құрастырылған?
№ 3
Қызыл жолақты түгелдей жабу үшін ақ жолақтардың нешеуін алу керек?
Ал көк жолақтан қанша алу керек?
№ 4
Қиықтардың қайсысымен сурет жамалады?
№ 5
Суреттегі үшбұрышқа 3 үшбұрыш шығатындай етіп, 1 кесіндіні қалай жүргізуге болады? әр түрлі тәсілмен орында.