Көктем аруы

Касимова Райхан Баймырзақызы

бастауыш сынып мұғалімі

Бидайық орта мектебі

Уалиханов ауданы

СҚО

Тақырып: «Көктем аруы»

Мақсаты:  Қыз балаларды ұлттық, халықтық тәрбие рухында тірбиелеу, ана өнегесінен үлгі алу,

салт-дәстүрлерді бойына сіңіру.

Эстетикалық тәрбие беру, сұлулыққа тәрбиелеу, тазалыққа үйрету.

Көрнекіліктер: шарлар, гүлдер, сыйлықтар, сұрақтар жазылған карточкалар.

 

Сабақ барысы

 

Бастау: 8- наурыз  —  Халықаралық әйелдер күні!

Мереке құтты болсын, қымбатты аналар!

Бүгінгі «Көктем Аруы» аты сайысымыз сіздерге арналады!

(Музыка орындалады)

Армысыздар, әлеумет, кеш қонағы,

Бүгін бізде мереке аса мәнді.

Қуанып зер салайық, ей халайық!

Аруларды қошеметтеп қарсы алайық!

(Музыка орындалады)

Аруларды ортаға шақырып отырып, тақпақтар оқу:

 

Аруларға:                        1..Мінезі ашық, жарқын, жүзі жылы,

Түрінен көрінеді ішкі сыры.

…………………….. да келді міне өнерлі қыз

Аспаннан шашылғандай күннің нұры!

(Музыка орындалады)

 

2 .Жас ботаның көзіндей мөлдіреген,

Қызғалдақтай құлпырған кезі ме екен?

Ортаға шықты міне …………….. де,

Көктемдегі  бәйшешектей уілдеген.

(Музыка орындалады)

 

  1. Қандай әсем көрікті үлбіреген,

Билейді ән әуенімен тебіренткен.

………………… атты аруым шықты ортаға,

Дайындықпен сайысқа бүгін келген!

(Музыка орындалады)

 

  1. Даусы әсем, нәзік әнші  ……………..дай,

Сүйкімді қыз үріп ауызға салғандай.

Өлеңменен алға тартып өз сыныбын,

Қараңдаршы, ……………. атты қыз қандай!

(Музыка орындалады)

 

  1. Оқуда алда жүрген бір тұлпары,

Болашақтың басылар бір құмары.

Бүгінгі күн қуантады ұстазын,

Шықты ортаға  ………………. қыз гүл жұпары!

(Музыка орындалады)

 

  1. Келді міне …………….тың,

Өскенінде қуантады ел-жұртын.

Сүйкімді  кішіпейіл, қарапайым

Белсенділікпен білімге құштар әрдайым!

(Музыка орындалады)

  1. Атына ақылы сай аруым бар,

Қарасаң, қанша үзіліп қанбас құмар,

…………… ару, көрсетші өнеріңді,

Тамашалап көңілденіп отырғандар!

(Музыка орындалады)

 

  1. Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты,

Алдымызға келді ару ……………… атты.

Парасатты бойжеткен аталамын,

Деп өзінің сыныбын алға тартты!

(Музыка орындалады)

 

 Әділ қазыларға:                               Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,

Өнерліге өз басым таң қаламын.

Өнерді әділдікпен бағалайтын,

Таныстырайын әділ қазы алқасын!

(Әділқазаларды таныстыру)

 

І сайыс:   Танысу ( арулардың әрқайсысы  алдын

ала дайындалған)

 

 

ІІ сайыс:   Өнер көрсету ( Қалтадан кез келген

өнерді   көрсетеді: өлең айту, би

билеу, ою қию, шаш өру, картоп аршу)

 

ІІІ сайыс:   Сұрақ – жауап

  1. «Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба» кімнің сөздері? Абай
  2. Ы. Алтынсаринның қай өлеңін білесін? Кел, балалар, оқылық
  3. Қазақ әліпбиінде неше әріп, неше дыбыс бар? 42 – 40
  4. Дыбыстардың неше түрі бар? 2
  5. Өрнек түрлерін ата?                                                        Әріпті – санды
  6. Ойын-есеп: Дүкеннен кеп сабын алдым, оның және қабын алдым.

Екі дәптер, бір қарындаш, тіс іысқышты тағы да алдым.

Есептеші, сонда бәрі қанша болды қолда бәрі? 6 зат

  1. Тудың авторы кім? Шәкен Ниязбеков
  2. Елтаңбаның авторларын ата? Жандарбек Мәлібеков, Шота Аман Уалиханов
  3. Гимннің авторлврын ата? Ш.Қалдаяков, Жүмекен Нәжімеденов, Н. Назарб.
  4. Апта күндерін ата. Дүйс, сейс, сәрс, бейс, жұм, сенб, жекс.
  5. Айларды атап бер. Қаңт, ақп, наур, сәу, мамыр, маус, шіл, там,

қырк, қаз, қар, желт

  1. Қазақша жыл атаулары. Тышқан, сиыр, барыс,

қоян,ұлу, жылан жылқы,

қой,мешін, тауық   ит, доңыз

  1. 7 қазынаға не жатады? Сұлу әйел, ер жігіт берен мылтық, жүйрік ат, тазы ит,  қыран бүркіт, ақыл-білім,.
  2. Ана туралы мақал-мәтел. Ата көрген оқ ….,Әке

асқар тау, ана- шалқар көл,

ананың ойы ұяда, баланың ойы далада,

Баланың бас ұстазы-ата-ана,

  1. Жұмбақ ? Маған да, саған да  Жақын туыс 5 адам.

3 әріптен тұратын, оңға оқы,  солға оқы,

Өзгермейді еш одан. Бәрі де өз жұратың

Айтады кәне, кім атын?           Ата, ана, аға, апа, іні.

  1. Батыр қыздарды ата?                Мәншүк, Алия.

 

IV сайыс: Сән үлгісін көрсету.  Алдын ала үйге берілген тапсырма.

 

Соңы:                                 «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші

Сайысымыз да өз мәресіне жетті.

Сіздер бүгін қыздарымыздың

жан-жақтылығын байқадыңыздар.

Енді қазылар алқасына кезек береміз.

 

Әділ қазылар есеп бере отырып,

«Көктем аруы» атаққа кім  ие болғанын айтады,

марапаттау,

құттықтау сөздер.