Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі

Апта:7

Күні: 13.10.14

Пәні

Информатика

Мұғалім аты-жөні

Өмірзақов Н.Т.

Астана қаласы

№48 мектеп-лицей

5 «а,ә,б,в,г,д,е» — сыныптары

Оқу-ісінің меңгерушісі

 

________Мұқатова Ж.М.

Сабақтың тақырыбы: Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі
Сілтеме:·         5-сынып оқулығы;

·         5-сынып электронды оқулығы;

·         Стендтер.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік мәні:Компьютердің программалық жабдықтамасы және қолданбалы программалар қызметтерін үйрету
Дамытушылық мәні:Практикалық  дағдыларын   дамыту, өз бетінше жұмыс жасауда білімдерін пайдалана білуге, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру.
Тәрбиелік мәні:Өз бетімен жұмыс жасауда  ұқыптылық, еңбекқорлық, жинақылық, шапшаңдық  қасиеттерін тәрбиелеу.
Нәтиже:·         Компьютердің программалық жабдықтамасы қызметін біледі.

·         Қолданбалы программалар жабдықтамасы қызметтерін үйренеді

·         Программалау жүйелерін қызметін анықтай алады.

Түйінді идеялар:Программалық жабдықтама

Қолданбалы программалар

Программалау жүйелері

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері:СТО, АКТ, ЖИГСО-1, диалогтық оқыту
Пәнаралық байланыс:
Ұйымдастыру кезеңі  (2 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті
  1. Сәлемдесу.
  2. Ұйымдастыру.
  3. Топқа бөлу.
  4. Сабақ барысымен таныстыру.
  5. Бағалау парағын таныстыру.
  6. Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру
·         Сәлемдесу

·         Өздерін ретке келтіру

·         Топқа бөліну

·         Кітап құралдарын, дәптерлерін, қалам қарындаштарын дайындыққа келтіру

Үй тапсырмасын тексеру (7 мин.)

(сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау тәсілі)

·         Дербес компьютер құрылғары және анықтамасы?

·         ДК  құрылғыларының қызметін анықта?

·         ДК құрылғыларының  элементтері?

·         ДК қолдану салалары?

Қызығушылықты ояту  (2 мин.)
Электронды оқулықтан «Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы» тақырыбына арналған бейне материал қосылады. Ол материалда: мәтін, сурет, анимация, тарихи деректер және дыбыстық түсіндіру қамтылған.Оқушылар зейін қойып тыңдайды

 

 

Мағынаны тану

(Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады.)

                                                                                             ББҮ  (2 мин.)
ББҮ-ны толтыруББ бойынша флипчартта жазу
Білемін?Білгім келеді?Үйрендім?
Сабақтың негізгі бөлімі  (20 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті
Сыныпты топ басышысын есімін таңдау арқылы 3 топқа бөлу, топ басшыларын сайлау.

Топтағы әрбір оқушының қолына «бағалау парағын» беру. Сабақтың өтілу шартын түсіндіру.

5-сынып оқулығында «Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы» тақырыбын оқыту.

 

Оқушылар  белсене  қатысады.

Оқушылар екі топқа бөлініп сабақ құрылымымен таныстырылады. Оқушылармен бірге табыс критерийлері анықталады.

Оқушылар бірін-бірі  бақылап топта жұмыс жасайды.

Топтағы әрбір оқушы пернелер тобын бөліп алып оқиды.

Оқушылар өздері оқыған тақырыптуралы топқа түсіндіреді.

Постер дайындау:  пернелерге анықтама беріп, атқаратын қызметін жазады.

Ой толғаныс  (4 мин.)
Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасыПрограммалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы
Қорыту.  Күтілетін нәтиже (3 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті
Кері байланыс сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу, басқаға бағыттау)Сұрақтарға жауап береді.
Бағалау  (2 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті
Бақылайды, бағалайды.

Оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан ортақ баға қояды.

Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады. Оқушылар өз топтарындағы көшбасшыларды анықтайды.
Үйге тапсырма   (1 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті
Үйге 59-61 беттердегі  §8. «Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы» тақырыбын оқып келу.Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады.
Рефлексия  (2 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату. Екі жұлдыз — бір тілек әдісін ұсыну.Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу. Екі жұлдыз — бір тілек әдісімен толтырады.