Қосу және азайту
Сабақ тақырыбы: Қосу және азайту
Сабақ мақсаты:
Білімділік: қосу және азайту дағдыларын қалыптастыру, өзара байланысын еске түсіру;
Дамытушылық: кеңістікті бағдарлау,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: белсенділігін, математика сабағына деген қызығушылығын арттыру.
К. құралдар: мультимедия, интерактивті тақта,оқулық,
Сабақ әдісі: әңгімелеу,түсіндіру,оқу, «ой толғау», практикалық жұмыс.
Сабақ түрі: пәнаралық.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезені: сабаққа дайындық
Психологикалық ойын: «Сәттілік тілегі»
Әр партадағы оқушылар тізбектеп қол ұстаса отырып, бір-біріне тілек айтады. (слайд)
Мұғалім: Балалар, біздің сабаққа көп қонақтар келіп отыр, амандасып отырайық.
Оқушылар ,бүгін біздің мектепке фақс арқылы хат келген екен. (оқу) (слайд)
Құрметті достарым!!!
Математика еліндегі цифрлар мен таңбалар түсініксіз жағдайларға байланысты өз орындарын таба алмай жүр. Сіздерден көмек сұраймын.
Математика ханшайымы.
ІІ. Жаңа сабақ:
Балалар, олай болатын болса , математика еліне аттанайық. (слайд)
Бүгінгі сабақ тақырыбы: «Қосу және азайту» (слайд)
Қызығушылығын ояту.
Мұғалім: Математикалық ханшайымның еліне көмектесу алдында біз өз ойларымызды ұштап алайық. (слайд 2)
Интерактивті тақтада көрсету және оқушылар практика жүзінде іске асырады. (слайд)
Практикалық жұмыс: компас көмегімен кеңістікті бағдарлау (слайд)
Математика еліне аттануға бүгінгі сабақта біз мына картаны қолданамыз және ханшайымның тапсырмаларын орындауға тырысамыз. (слайд)
Оқулықпен жұмыс: (слайд)
Картаға қарайтын болсақ алдымызда көл кездеседі. Бұл көлдегі бақалар өздерін санай алмай отыр екен. Біз өрнек құрастырып есептеп берейік. (слайд)
8-3=5
Мұғалім: жақсы,енді біз кең алаңға жетіп қалдық. Бұл алаңдағы жәндіктерді яғни ұлуларды санап өрнек құрастырайық. (слайд)
7-2=5
Мұғалім: сонымен балалар біз «Цифр» ауылына да келіп қалдық.
Әр бір үйде бір неше ұл бала және қыз бала тұрады екен. Солардың сандарын тауып берейік. (слайд)
9=4 және 5 8=2 және 6 7=3 және 4 6= 3 және 3
Егерде әрі қарай жүретін болсақ «Таңбалар» ауылына жетеміз.Балалар қосу және азайту таңбаларды дұрыс қоюға көмек берейік. (слайд)
«Есеп» ауылы (слайд)
Тапсырма: есеп шығару
Алмада 6 фломастер бар, ал Айшада ——— артық. Айшада неше фломастер бар?
ІІІ. Сергіту сәті: (слайд)
«Амалдар» ауылы(слайд)
Мінекі оқушылар «Математикалық» ханшайымның еліне көмектесіп математика сабағында алған білімдерімізді көрсете білдіңдер. Еңді мектепке оралу уақыт та болып қалды. Мектепке бару жолымызды есеп шығару арқылы табамыз. (слайд)
(оқушылар алдында түрлі түсті қағаздан кесілген жолақшалар)
ІҮ. Қорытынды: Кімге көмектестік? Неге?
Ү. Үй жұмысы:
ҮІ. Бағалау: (слайд)
Рахмет.