Есептеу техникасының даму тарихы
Апта:6 Күні: 06.10.14 | Пәні Информатика | Мұғалім аты-жөні Өмірзақов Н.Т. | Астана қаласы №48 мектеп-лицей 6 «а,ә,б,в,г,д,е» — сыныптары | Оқу-ісінің меңгерушісі
________Мұқатова Ж.М. | ||||||
Сабақтың тақырыбы: Есептеу техникасының даму тарихы | ||||||||||
Сілтеме: | · 6-сынып оқулығы; · 6-сынып электронды оқулығы; · Стендтер. | |||||||||
Сабақтың мақсаты: | ||||||||||
Білімділік мәні: | Есептеуіш техникасының даму тарихын білу тиіс. Ежелгі есептеу техникасының жұмыс істеу қағидаларын ажырата білуі қажет. Ұлы тұлғалардың жаңалықтарымен танысып тарихи деректер арқылы ЕТД тарихын суреттей алуы тиіс. ЭЕМ-нің қоғам өміріндегі рөлін түсіне білуі керек. | |||||||||
Дамытушылық мәні: | Практикалық дағдыларын дамыту, өз бетінше жұмыс жасауда білімдерін пайдалана білуге, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру. | |||||||||
Тәрбиелік мәні: | Өз бетімен жұмыс жасауда ұқыптылық, еңбекқорлық, жинақылық, шапшаңдық қасиеттерін тәрбиелеу. | |||||||||
Нәтиже: | · Ежелгі есептеуіш техникаларының шығу тарихын біледі; · Механикалық есептеуіш машиналарының негізгі құраушылар элементтерін салыстырады; · Ұлы тұлғалардың ашқан жаңалықтарын анықтайды; · ЭЕМ-нің қоғамдағы маңыздылығын айқындайды; · Топтық жұмыс жасауға бейімделеді. | |||||||||
Түйінді идеялар: | Есептеуіш техникаларының даму тарихы. Ерте заманғы есептеуіш техникаларының құраушылары. Ерте заманғы есептеуіш техникаларының жұмыс істеу қағидалары. | |||||||||
Сабақтың түрі: | Жаңа сабақ | |||||||||
Әдіс-тәсілдері: | АКТ, ЖИГСО-1, диалогтық оқыту | |||||||||
Пәнаралық байланыс: | Математика. | |||||||||
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.) | ||||||||||
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||||||||
| · Сәлемдесу · Өздерін ретке келтіру · Топқа бөліну · Кітап құралдарын, дәптерлерін, қалам қарындаштарын дайындыққа келтіру | |||||||||
Үй тапсырмасын тексеру (7 мин.) (сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау тәсілі) | ||||||||||
· Ақпараттың өлшем бірліктерін ата? · Вирус деген не, вирус қалай тарайды? · Антивирустық программалармен нысандары қалай тексереміз және фирустарды қалай жойамыз? · Ақпаратты мұрағаттаушы программалар көмегімен қалай сығамыз және шығарамыз? | ||||||||||
Қызығушылықты ояту (2 мин.) | ||||||||||
Электронды оқулықтан «Есептеуіш техникасының даму тарихы» тақырыбына арналған бейне материал қосылады. Ол материалда: мәтін, сурет, анимация, тарихи деректер және дыбыстық түсіндіру қамтылған. | Оқушылар зейін қойып тыңдайды
| |||||||||
Мағынаны тану (Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады.) | ||||||||||
ББҮ (2 мин.) | ||||||||||
ББҮ-ны толтыру | ББ бойынша флипчартта жазу | |||||||||
Білемін? | Білгім келеді? | Үйрендім? | ||||||||
Сабақтың негізгі бөлімі (20 мин.) | ||||||||||
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||||||||
Сыныпты Пирамида, Бәйтерек және Хан шатыр суреттер қиындысы арқылы 3 топқа бөлу, топ басшыларын сайлау. Топтағы әрбір оқушының қолына «бағалау парағын» беру. Сабақтың өтілу шартын түсіндіру. 6-сынып оқулығында «Есептеуіш техникасының даму тарихы» тақырыбын оқыту. Әрбір топқа есептеуіш техникасының суреттері беріледі.
| Оқушылар белсене қатысады. Оқушылар үш топқа бөлініп сабақ құрылымымен таныстырылады. Топтағы әрбір оқушының қолдарына «бағалау парағы» беріледі. Оқушылар бірін-бірі бақылап топта жұмыс жасайды. Топтағы әрбір оқушы есептеуіш техникасы машинасын бөліп алып оқиды. Оқушылар өздері оқыған есептеу техникасы туралы топқа түсіндіреді. Топтағы оқушылар постерге суреттерді ретімен желімдеп, әрбір есептеуіш техникасының суретіне анықтама беріп, түсініктерін жазады. | |||||||||
Ой толғаныс (4 мин.) | ||||||||||
Флипчартта есептеуіш техникасының суреттері мен анықтамасы орны ауыстырылып беріледі. | Оқушылар есептеуіш техникасының суретіне анықтамасын сәйкестендіреді. | |||||||||
Қорыту. Күтілетін нәтиже (3 мин.) | ||||||||||
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||||||||
Кері байланыс сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу, басқаға бағыттау) | Сұрақтарға жауап береді. | |||||||||
Бағалау (2 мин.) | ||||||||||
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||||||||
Бақылайды, бағалайды. Оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан ортақ баға қояды. | Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады. Оқушылар өз топтарындағы көшбасшыларды анықтайды. | |||||||||
Үйге тапсырма (1 мин.) | ||||||||||
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||||||||
Үйге 33-36 беттердегі §6. «Есептеуіш техникасының даму тарихы» тақырыбын оқып келу. | Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады. | |||||||||
Рефлексия (2 мин.) | ||||||||||
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||||||||
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату. Екі жұлдыз — бір тілек әдісін ұсыну. | Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу. Екі жұлдыз — бір тілек әдісімен толтырады. | |||||||||