Практикалық жұмыс. ДК басқару пернелерін және амалдарды орындау үшін пернелер комбинацияларын пайдалана алады
Апта:9 Күні: 27.10.14 | Пәні Информатика | Мұғалім аты-жөні Өмірзақов Н.Т. | Астана қаласы №48 мектеп-лицей 7 «а,ә,б,в,г» — сыныптары | Оқу-ісінің меңгерушісі
________Мұқатова Ж.М. | ||||||
Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс. | ||||||||||
Сілтеме: | · 7-сынып оқулығы; · 7-сынып электронды оқулығы; · Стендтер. | |||||||||
Сабақтың мақсаты: | ||||||||||
Білімділік мәні: | Функционалдық пернелердің қызметін біледі. ДК басқару пернелерін және амалдарды орындау үшін пернелер комбинацияларын пайдалана алады. | |||||||||
Дамытушылық мәні: | Практикалық дағдыларын дамыту, өз бетінше жұмыс жасауда білімдерін пайдалана білуге, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру. | |||||||||
Тәрбиелік мәні: | Өз бетімен жұмыс жасауда ұқыптылық, еңбекқорлық, жинақылық, шапшаңдық қасиеттерін тәрбиелеу. | |||||||||
Нәтиже: | · Пернетақта анықтамасын және 4 блогын біледі; · Функционалдық пернелердің қызметін қолдана алады; · Дербес компьютерді басқару пернелерінің байланысын анықтайды; · Қандай да бір амалдарды орындау үшін пернелер комбинацияларын пайдалануды үйренеді. | |||||||||
Түйінді идеялар: | Пернелер қызметтері Пернелер комбинациялары Функционалдық пернелер қызметтері | |||||||||
Сабақтың түрі: | Практикалық сабақ | |||||||||
Әдіс-тәсілдері: | СТО, АКТ, ЖИГСО-1, диалогтық оқыту | |||||||||
Пәнаралық байланыс: | Математика | |||||||||
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.) | ||||||||||
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||||||||
| · Сәлемдесу · Өздерін ретке келтіру · Топқа бөліну · Кітап құралдарын, дәптерлерін, қалам қарындаштарын дайындыққа келтіру | |||||||||
Үй тапсырмасын тексеру (7 мин.) (сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау тәсілі) | ||||||||||
· Пернетақта дегеніміз не? · Пернетақта неше бөлікке бөлінеді? · Басқару пернелерін қызметін атаңдар? · Функционалдық пернелер қызметі? | ||||||||||
Қызығушылықты ояту (2 мин.) | ||||||||||
Пернетақтамен жұмыс істеу жаттығуларын орындау | Компьютерде жаттығулар орындайды
| |||||||||
Мағынаны тану (Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады.) | ||||||||||
ББҮ (2 мин.) | ||||||||||
ББҮ-ны толтыру | ББ бойынша флипчартта жазу | |||||||||
Білемін? | Білгім келеді? | Үйрендім? | ||||||||
Сабақтың негізгі бөлімі (20 мин.) | ||||||||||
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||||||||
Сыныпты әрбір оқушыға мәтін парағын беру.
| Оқушылар мәтінді компьютерде тереді. | |||||||||
Ой толғаныс (4 мин.) | ||||||||||
Пернетақдағы басқару пернелеріне 5 жолды өлең жазу | 5 жолды өлең құрастырады | |||||||||
Қорыту. Күтілетін нәтиже (3 мин.) | ||||||||||
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||||||||
Кері байланыс сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу, басқаға бағыттау) | Сұрақтарға жауап береді. | |||||||||
Бағалау (2 мин.) | ||||||||||
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||||||||
Бақылайды, бағалайды. Оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан ортақ баға қояды. | Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады. Оқушылар өз топтарындағы көшбасшыларды анықтайды. | |||||||||
Үйге тапсырма (1 мин.) | ||||||||||
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||||||||
Үйге 42-44 беттердегі «Пернетақта. Пернелер тобы» тақырыбын оқып келу. | Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады. | |||||||||
Рефлексия (2 мин.) | ||||||||||
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||||||||
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату. Екі жұлдыз — бір тілек әдісін ұсыну. | Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу. Екі жұлдыз — бір тілек әдісімен толтырады. | |||||||||