Кестелер. Кестелер құру

Сабақтың тақырыбы:   Кестелер. Кестелер құру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Word редакторында кесте құру, ұяшықтарды қосу, өшіру, және біріктіру, кестелерді жиектеу туралы білімдерін қалыптастыру;

Тәрбиелік:Жан-жақты болуға, өзбетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Дамытушылық:Оқушылардың есте сақтау және зейінділік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: компьютер,оқулық ,интерактивті тақта.

Сабақ жоспары:

І.Ұйымдастыру кезеңі (1 минут)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау ( 10 минут)

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру (15 минут)

ІV.Тапсырмаларды орындау (15 минут)

  1. V. Бекіту (3 минут)

VІ. Үйге тапсырма (1 минут)

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

Информатика жалауын көтеріп,

Әлемге жар саламыз.

Қарсылық егер болмаса,

Сабағымызды бастаймыз.

Класс оқушыларын 4 топқа бөлеміз:

  1. Монитор
  2. Процессор
  3. Принтер
  4. Пернетақта

Әр топтың дұрыс жауабы үшін бір-бір жалауша беріледі. Сабақ соңында қай топтың жалаушасы көп болса сол топ жеңіске жетеді.

«Әр сұраққа — бір жауап» (Бұрын өтілгеноқу материалдарын еске алу)

 

1.Редакциялау дегеніміз не?

Редакциялау деп-өңдеу, өшіру, орын вцыстыру немесе құжаттың мазмұнын түзету.

2.Пішімдеу дегеніміз не?

Пішімдеу деп-мәтіндік құжаттарды рәсімдеу бойынша жүргізілетін әртүрлі әрекеттерді айтамыз.

3.Paint қандай редактор?  ( графикалық редактор)

4.Paint графикалық редакторының палитрасында  негізгі неше түс бар? ( 20)

5.Paint графикалық редакторының палитрасының  негізгі  түсіне неше түс қоуға болады?   ( 10)

6.Адам мен компьютердің арасындағы қарым-қатынас?  ( интерфеис)

7.Информациялық процестерді жүзеге асыратын құрал?    ( Компьютер)

8.Магниттік дискіде сақталып, компьютер жадына енгізіліп, жүктелетін машина тіліндегі нұсқаулар жиыны?  (бағдарлама)

9.Ақпаратты енгізуге арналған құрылғы?    ( пернетақта)

10.Қағаздағы көріністі экранға түсіруші құрылғы?   ( сканер)

11.Компьютердің «миы», ең басты бөлігі? (Жүйелік блок)

12.Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі?   (Бит)

13.Мәтін жазуға арналған редактор?    (Word)

14.Принтердің неше түрі бар?   (3) ( лазерлік, бүріккіш, матрицалық)

15.ЭЕМ-нің даму тарихы неше буыннан  тұрады?  ( 4 буын)

16.Информатика нені зерттейді?   ( ақпараттық процестерді)

  1. 8 битке тең өлшем бірлік? (Байт)

 

Жаңа сабақты түсіндіру:

Кесте құжаттың кез-келген жеріне қойыла алады. Кесте мөлшері қағаз парағынан үлкен болуы мүмкін, сондықтанол бір немесе бірнеше беттерде орналаса алады. Кесте мәтіндік және графикалықхабарламаларды көрнекі етуге мүмкіндік берелі. Кесте баған мен жолдан және екеуінің қиылысуында орналасқан ұяшықтардан тұрады. Ұяшыққа бірнеше жол немесе абзацтар, сонымен қатар суреттер т.б. заттар орналасуы мүмкін.Ұяшықтағы мәтінді кәдімгі ереже бойынша пішімдеуге болады.

Құжатта кесте жасаудың ені әдісі бар:

1-әдіс: Кірістіру            Кесте      (Вставить           Табица)

Кестені қою терезесінде бағандар мен жолдардың сәйкес сандарын қоямыз.

2-әдіс:Әртүрлі өлшемдегіжолдар мен бағандарды қаласақ, оны салу үшін жүгіргішті қолдануға болады.

  1. Кесте қойылатын орынды нұқимыз.
  2. Кірістіру Кесте          Кесте алу
  3. Меңзер қарындашқа айналады.

Кестенің жиектерін жасау үшін төртбұрыш сызамыз. Одан кейін тіктөртбұрыш ішінде баған мен жол сызықтарын сызамыз.

  1. Сызықты өшіру үшін кесте құралдарының жасақтамасы қосындысын нұқып, өшіргіш түймешегін басамыз да, өшірілетін сызықты нұқимыз.

Кесте ішінде жылжу тышқан курсорыныңкөмегімен немесемынандай пернелер көмегімен орындалады     ,   ,     ,      ,Tab (бір ұяшық оңға,  Shift ( бір ұяшық солға)

Ұяшықтарды біріктіруге және бөліктерге бөлуге болады.

Кесте құрылымдарын өзгерту:

Кесте        Қосу       Бағанның сол жағы, бағанның оң жағы, бір жол жоғары, бір жол төменұяшықтарының пунктерін таңдау қажет.

Кесте элементтерін өзгерту үшін  Кесте       Өшіру (кесте, жол, баған,ұяшық) таңдаймыз.

ІV.Практикалық жаттығулар: №1,№2,№3, №4

 

Техникалық диктант

 

ЭЕМ даму тарихы  …….буыннан тұрады. Ең алғаш компьютер …….жылы шыққан. Ең алғашқы ДК  ……   фирмасы……. жылы ойлап тапқан. Оның элементтер базасы………. Микропроцессордың  сапасын ………….. анықтайды. Оның өлшем бірлігі ретінде ………… алынған.

Қазіргі компьютерлердің микропроцессорының аты………………..

Полиглот

Қазақ ,орыс, ағылшын тілінде қандай деңгейде білетінін тексеру үшін информациялық термин сөздерін білдіретін суреттер көрсетіледі.

  1. Системный блок – жүйелік блок – Sistem blok
  2. Мышь – тышқан — Mouse
  3. Клавиатура – пернетақта – keyboard
  4. Принтер – баспа – Printer
  5. Монитор – монитор – Monitor
  6. Графицескии редактор — Графикикалық редактор –Graphiseditor

 

Бұл не? (Ситуациялықсұрақ)

Тышқанның шаригі кірлеп жүрмей қалғанда не істер едің?

Ол үшін 7 зат берілген:

  1. Табақтағы су
  2. Сабын
  3. Орамал
  4. Ақ бет
  5. Спирт
  6. Мақта
  7. Тышқан

Жауабы: Алдыментышқанның шаригін алып, оны табақтағы сабынды суға салып жуып, орамалға сүртеміз де, ақ беттің бетіне қоямыз. Тышқанның ішін спиртке малыңған мақтамен сүртеміз. Содан кейін тышқанның ішіне шаригін салып, қолданамыз.

 

V.Жаңа сабақты бекіту.

а)  кесте құрудың неше әдісі бар?

б) кестеде  бағанның немесе жолдың мөлшерін өзгерту үшін жасалатын әрекет.

в)  кестеде ұяшықтың мөлшерін көрсететін сызық.

г) кестедегі ұяшықтарды қалай біріктіреміз?

Бағалау.

VІ.Үйге тапсырма: Кесте құру