Ахмет Байтұрсынұлы «Өгіз бен бақа» мысалы.

Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы

                                     «Өгіз бен бақа» мысалы.

Сабақтың мақсаты:

                                     білімділік – Ахмет байтұрсынұлының өмірі, шығарма шылығы туралы мағлұмат беру, «Өгіз бен бақа» мысалының тақырыбы, идеясын, мазмұнын түсіндіру;

дамытушылық оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру, топпен жұмыс жасай білу дағдыларын дамыту, топта бір-бірінің пікірін тыңдай білуге, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге қалыптастыру;

тәрбиелік-  көрсеқызарлық, мақтаншақтық, әлі келмейтін істерге ұрыну сияқты қылықтардан бойларын аулақ ұстауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, СТО, топпен жұмыс, талдау, сұрақ-жауап.

Пәнаралық  байланыс: қазақ тілі, сурет.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, бейне таспа.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

                    (Амандасу, түгелдеу, топқа бөлу)

Үй тапсырмасын тексеру.

1-тапсырма.Толағайға мінездеме, портрет жазып келу.

2-тапсырма.«Керқұла атты Кендебай» мен «Толағай» ертегілерін              салыстыру.

3-тапсырма.«Толағай секілді ер болу сенің қолыңнан келе ме?» Егер ел                 басына күн туса, сен не істер едің?» (Ой толғау жазып келу).

Балалар, біз   ертегісінен  адам бойында кездесетін қандай қасиеттермен таныстық? (еңбексүйгіштік, адал, батырлық, елі үшін жанын беретін).

Дұрыс айтасыңдар, адам бойында жақсы қасиеттермен қоса, жағымсыз қасиеттер де кездесіп жатады. Қандай жағымсыз қасиеттерді білесіңдер?

Топтастыру стратегиясы бойынша оқушылар жаман қасиеттерді топтастырып жазады (жалқау, еріншек, өтірікші, қызғаншақ, күншіл, көрсе қызар)

Балалар, бүгін біз сабағымызда осындай жаман қасиеттерді көрсететін мысал өлеңмен танысамыз .

Жаңа сабақ.

Сабақтың тақырыбы, мақсаты хабарланады

Оқулықтан мысал аллегорияга түсінік беру. Мысалда жануарлар, аңдар, құстар, хайуанаттар, өсімдіктер іс-әрекетіі мінезі арқылы адам бойындағы мінді кемшілікті тұспалдап әжуа, күлкі етеді. Мысалдар өленмен де, қарасөзбен де жазылады. Осындай шағын көлемді, оқиғалы, адамға сабақ болатын тағылымдық шығарманы мысал дейді. Мысалдарда жануарлар мен жәндіктер адам істейтін әрекеттерді жасайды.

Қазақ әдебиетінде мысал жанры Абайдан басталады. Абай мен Ахмет мысалдары аудармадан гөрі қазақтың өз топырағында жаратылған шығарма кейпінде көрінеді.

Ахмет Байтұрсынұлы 1893 жылы бұрынғы Торғай облысында дүниеге келген. Жазықсыз жалаға  үшырап, 1938 жылы атылған. Ахмет Байтұрсынұлы халқымыздың тарихында үлкен оры бар қоғам қайраткері, тамаша оқулықтар жазған педагог, дарынды ақын, шебер аудармашы, ірі ғалым болған.Ахмет Байтұрсынұлының әйелі-Бадрисафа/татар есімі/,шын аты-Александра/орыс есімі/.Бұлардың балалары болмаған.Ахмет туған інілері Қали,Кәкіш,Мәкен.Амет інілерінің екі ұл,екі қызын бауырына салады. Олар Кәтез,Аушат,Қазихан,Шолпан.Кәтез 1940жылы қайтыс болады.Аушат пен Қазиханды әкелері ұсталған соң,ауылдың ұрда-жық әпербақандары зәбірлеп өлтірген.Қызы Шолпан кейінге дейін өмір сүрген.Александра мен  Ахметтің  некесін Зайнулла  Ишанның арқасында қиылады.Неке қиюдан кейін оның жаңа аты –Бадрисафа  Мұхамедсадық қызы болды.Ислам дінін қабылдайды.Ұрпағы Ильяс Байтұрсын «Алтын  бесік»кітабында.: Бадриса 2-3 ай мешітте қалып ислам дінін оқиды». Ол берген сертінен ешқашан тайған емес. Қазақтар оны /Ақ  келін/ атанған.

Мысалды мәнерлеп оқу (Түртіп алу әдісі бойынша оқушылар түсініксіз              сөздердің астын сызып отырады).

Сөздікпен жұмыс (түсінбеген сөздерінің мағынасы түсіндіріледі)

Талдау жұмыстары

  • Мысалда не туралы айтылған?
  • Автор бақаның іс әрекеті арқылы қандай адамның бейнесін көрсеткісі келді?
  • Бақаның өгіздей бола алмауына не себеп болды?
  • Осыған байланысты автор қандай түйінді ой айтады?
  • Қалай ойлайсындар, өмірде осындай адамдар кездесе ме?

 

Мысалдың мазмұнына талдау

  • Оқиғаның басталуы: 1-2 шумақ
  • Бақаның монологы 3-4 шумақ
  • Мақтаншақ бақаның жолдасымен диалогы 5-6 шумақ
  • Оқиғаның шиеленісуі 7 шумақ
  • Оқиға шешімі 7-шумақ (3-4 тармақ)
  • Автордың түйінді сөзі

Топпен жұмыс

  1. топ мысал өленді сахналау
  2. топ диалогпен оқу
  • топ мысалдағы жағымсыз әрекеттің жағымды мәнді сөзін жазу (қызғаншық—дархан, ақкөңіл, кеңпейіл)

Сөзжұмбақ шешу.

Бекіту.

  • Мысал дегеніміз не?
  • Мысалда жануарлар мен жәндіктердің адам істейтін әрекеттерді жасауы не деп аталады?
  • Ахмет Байтұрсынұлы қай жерде дүниеге келген?
  • Ахмет байтұрсынұлының «Қырық мысал» деген атпен шыққан кітабы қай жылы, қай қалада жарық көрді?
  • «Өгіз бен бақа» мысал өлеңінің негізгі идеясы неде?

Қорытынды.

-Балалар, бүгінгі сабағымызды қорытындылай келк айтар түйін мынау: Бақаның бойындағы көрсе қызарлық, күншілдік сияқты жаман әдеттерден бойларыңды аулақ ұстандар. «Әлін білмеген—әлек» деген нақыл сөзді есте сақтап, шамаларың келетін істі істеуге дағдылануларың керек.

Үйге тапсырма. Мысалды мәнерлеп оқу. Бақаға мінездеме жазу. Мысал бойынша сурет салып келу.

Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№101 орта мектеп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы

                      «Өгіз бен бақа» мысалы

 

Сыныбы: 5 «Е»

 

Өткізген: Сыздықова Ж.Н