Сәкен Жүнісовтың «Ақан сері» романы
Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназия
11 «А» сынып
Қазақ әдебиеті пәні
Мұғалім: Жирикова Назгүл Байғұлжақызы
Ашық сабақтың тақырыбы: Сәкен Жүнісовтың «Ақан сері» романы
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік:Өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру; шығарманың негізгі идеясын ашу,кейіпкер галереясын талдау;
- Дамытушылық: Көркем оқу шеберлігін,тілін дамыту,ой өрістерін кеңейту; прозалық шығарманы талдау дағдыларын дамыту,өзінше ой түюге баулу;
- Тәрбиелік: Адами қасиеттерге баулу;
азаматтық бейнесін қалыптастыру,өнерді бағалауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: ұжымдық жұмыс,сұрақ-жауап,әңгімелеу,жинақтау стратегиясы,іздену,мәнерлеп оқу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, жаңа ақпараттық құрал(электрондық оқулық), роман мазмұнына тән суреттер мен портреттер.
Пәнаралық байланыс: Тарих,музыка.
Сабақтың өту барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу, бүгінгі күн.
- Сабақтың тақырыбын,мақсатын айту.
- Жаңа сабақ.
С.Жүнісов туралы мұғалімнің кіріспе сөзі.
С.Жүнісов туралы ой-пікірлерді оқу.
Жинақтау стратегиясы арқылы кластер толтыру(интерактивті тақтада)
С.Жүнісов-публицист,аудармашы,жазушы,әдеби қызметкер,педагог,драматург
Хронологиялық кестемен жұмыс жүргізу.(тақтада беріледі)
«Ақан сері» дилогиясына тоқталу. Электронды оқулықтан Ақан сері туралы мәліметті тыңдау.
Роман мазмұны бойынша ұжымдық жұмыс жүргізу.
1 топ Ақан сері бейнесін ашады
- Ақан сері туралы М.Шаханов, І.Жансүгіров, М.Жұмабаев сөздері тыңдалады.
- Интерактивті тақта арқылы Ақанның қуанышқа толы өмірін қызыл түспен,қайғыға толы кезеңін қара түспен белгілеп,ақын өмірін, оның сан қырын ашып береді.
2 топ Әйелдер галереясына тоқталады.
- Ақтоқты,Балқадиша,Ұрқия бейнелерін ашып береді.
- «Балқадиша», «Сырымбет», «Ақтоқтыға айтқан ау-жары» жатқа айтылады.
3 топ Ақан серінің жан серіктері: Құлагер, Қараторғай,Базаралы туралы әңгімелейді.
- І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасына тоқталу.Оқушылар екі қалам иегерінің шеберлігін салыстырады.
- Венн диаграмма арқылы екі шығарманың ұқсастығы мен айырмашылығын табады.
- Поэмадан,дилогиядан Құлагер өліміне байланысты эпизодтар оқылады.
- Ақан сері «Құлагер» әні тыңдалады.
Ақан сері-тарихи тұлға,тарихи кейіпкер. Сондықтан келес сөз тарихшыға беріледі. Роман мазмұны мен тарихи оқиғаларды салыстырып,талдау жасап береді.
- Шығарманың композициялық құрылымы.
Дилогияның құрылымын анықтау.
Тапсырма:тақтадағы жасырынып тұрған том мен бөлімді эпиграф арқылы табу,бөлім мазмұнын қысқаша әңгімелеу.
- Шығармашылық жұмыс.
Биопоэма
- Аты.
- Мекен-жайы.
- Қандай?
- Неден қорқады?
- Қыр-сыры.
- Үйге тапсырма беру.
Шешендік өнерге байланысты үзінді жаттау.
Тілдік талдау.
- Сабақты қорыту.
Бағалау.