Ш.Айтматов «Қарғысқа ұшыраған аңшы туралы аңыз» әңгімесі.
Бактыгалиева Эльмира Сагынгалиевна
Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы
Ж.Досмұхамедов атындағы жалпы білім
беретін орта мектеп-балабақша кешенінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Апта | Күні | Сабақ. Әдебиет. | |
Сабақтың тақырыбы | Ш.Айтматов «Қарғысқа ұшыраған аңшы туралы аңыз» әңгімесі. | ||
Жалпы мақсаты | Ш.Айтматовтың автобиографиясын, «Қарғысқа ұшыраған аңшы туралы аңыз» әңгімесінің мазмұнын меңгерту, шығарманың тақырыбы мен идеясын ашу, сөйлеу тілі мен ойлау қабілетін дамыту, мәтінді талдау дағдысын жетілдіру. | ||
Күтілетін нәтижелер | Ш.Айтматовтың автобиографиясын біледі, «Қарғысқа ұшыраған аңшы туралы аңыз» әңгімесінің мазмұнын меңгереді, шығарманың тақырыбы мен идеясын ашады, өмірмен байланыстырады, кейіпкерді сипаттайды. Әңгімеден троппен фигураның түрлерін табады. | ||
Сабақ түрі | Жаңа сабақ | ||
Тапсырмалар | Шығармашылық жұмыстар, мәнерлеп оқу, теңеу, метафора, тұрақты тіркестер мен синонимдерді тізбектеп жазу, аңшының суретін салу, рөлдік ойын, постермен жұмыс. | ||
Керекті жабдықтар | Ш.Айтматов шығармалары, интербелсенді тақта, маркер, А3 форматы. | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | |
Кіріспе | 1.Тұлғааралық байланысты орнату. Сыныппен амандасу. «Бір тілек» тренингі. Оқушыларды сапалық сын есімдермен «Қызыл», «Жасыл», «Көк», «Сары» 4 топқа бөлу. Алдыңғы сабақты қысқаша қайталау.
Сабақ тақырыбын білдіретін мәселелерді анықтау. 1.Мемлекетіміздің шекарасы қай елдермен шектеседі? 2.Қырғыз халықының қандай жазушыларын білесіңдер? 3. Біз бүгінгі сабағымызда Қырғызстан Республикасының жазушысы Ш.Айтматовтың автобиографиясы мен «Қарғысқа ұшыраған аңшы туралы» аңыз әңгімесімен танысамыз.
|
Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді.
1.Аң ататын адам, аң мен күн көретін адам. 2.Киімінен, сырт тұрпатынан. 3. Қару-жарағынан. | |
Тұсаукесер | Аңшы, мерген, қалындық, аң, ешкі. Осы сөздермен қандай әңгіме құрай алар едіңдер? Осы заттармен байланысты әңгімедегі оқиғаны, кейіпкерді және жағдайды елестете отырып, бірнеше минут ойланыңдар. Көршіңізге бұрылыңыз өз ойыңызды ортаға салып, бірлесіп әңгіме жазып шығыңыз. Содан соң біреуіңіз сол әңгімені айтып беріңіз. | Оқушы: өз әңгімесін оқиды.
| |
Негізгі бөлім | Топ оқушыларына мәтінді абзац бойынша оқиды. Әр абзац бойынша тоқтатып, сұрақтар қойып, ойлануға мүмкіндік беремін. 1 абзац: — Қожажаш не істеді деп ойлайсыңдар? 2 абзац: — Қожажаш аңды неге қыра бастады? 3 абзац: — Қожашаш құндыздардың қыз ұзату тойын көре отырып, қандай әрекет жасады? 4 абзац: — Ашынған сұр ешкі Қожажашқа не айтты? Сұр ешкінің сөзін аңшы қалай қабылдады? Не істеді? 5 абзац: — Кімдікі сәйкес келеді, кімдікі сәйкес келмейді? Аңшы ешкіні өлтірді ме? 6 абзац: — Сұр ешкі неге жазықсыз аңдарды қырғынға ұшыратқаны үшін енді сазайынды тарт деді? 7 абзац: — Осы эпизод негізіндегі Қожажашты қалай суреттейсіздер? — Ш.Айтматов сөзді пайдалана және өз әңгімесін неге «Аңшы зары» деп атаған жоқ? «Аңшы зары» деп атағанда логикалық жағынан дұрыс болар еді…. (жұпта,топта талқылаңыздар) Оқушылар мәтінмен жұмыстанады. «Әдеби үйірме» стратегиясы бойынша топтағы 6 оқушыға зияттық деңгейіне сай жұмыстандырдым. Оқу үлгерімі орташа оқушыларға «Баяндап беруші», «Сұрақтар құрастырушы», «Сілтеме табушы», «Суретші» , ал оқу үлгерімі жақсы оқушыларға зерттеуші, дәнекерші міндеттерін бөліп бердім. Постермен жұмыс. | Оқушылар жетек сұрақтарға жауап бере отырып, өздерінің мәтіндерімен салыстырып отырады.
Өздерінің пікірлерімен бөліседі.
Оқушылар өзіндік ойынша әңгіме мазмұнын баяндап, жоғары, төмен мәртебелі сұрақтар дайындап, мәтіннен троп пен фигураны тауып, аңшының суретін салады, аңшылық туралы жазылған қосымша материалдар мен сюжеттік желісін өмірмен байланыстырады. Постер қорғайды. | |
Қорытынды | Оқушыларды бағалау өлшеміне сай жинаған жетондарымен есептеліп бағаланады. | ||
Сабақтың өзіндік талдауы | Мен сыныпқа жақсы психологиялық атмосфера тудыру мақсатында «Бір тілек» тренингін өткізуден бастадым. Сынып оқушылары сапалық сын есімдермен 4 топқа бөлінді, сыныппен «аңшы» ұғымын топтастырып алдым да, шығармашылық жұмысқа бағыттадым. Шығармашылық тапсырманы оқушылардың барлығы жұппен орындады. Аңшы, мерген, қалыңдық, ешкі сөздерін қатыстырып шағын мәтін құрды. Әр жұп құрған мәтіндерін оқыды. «Қарғысқа ұшыраған аңшы туралы аңыз» әңгімесін әр топтан бір оқушыға оқыта отырып, әр абзац бойынша әңгіменің сюжеттік желісі қалай дамуы мүмкін деген жетек сұрақтар арқылы мазмұнын ұғындырдым, кейіпкердің іс-әрекетін болжау арқылы адами құндылықтарын талдады. Топ мүшері баяндап беруші, зерттеуші, сұрақтар құрастырушы, сілтеме табушы, бейнелеуші суретші, дәнекерші міндетін топ ішінде бөліп алды да, өз беттерімен мәтінмен жұмыстану барысында әңгіменің мазмұнын түгел меңгерді, әңгіменің көркемдік ерекшілігі троп пен фигураны тапты, кейіпкерге мінездеме берді, әңгіме желісі бойынша сұрақтар дайындады, рөлдік ойындар ойнап, аңшының суретін салды.Осы жұмыс формасының тиімділігін барлық оқушының жұмыстанғандығынан көрдім. Сынып түгелімен әңгіме мазмұнын түсінді оны баяндап берушінің өзіндік баяндауынан көрдім. Әңгімеге толық әдеби-теориялық талдау жасалынды. Оны сілтеме табушының жұмысынан білдім. Шығарманың сюжетік эпизодтарын өмірмен байланыстырды. Мұны дәнекершінің талдауынан көре алдым. Кейіпкер портретін ашуда бейнелеуші суретшінің ауызша сипаттамасынан, және ролдік ойын арқылы Мажитхан аңшының өктем күлкісін шебер жеткізе білді. | ||
Сабақты бағалау | Бұл сабақта барлық оқушы белсенді қатысты, сабақ қызықты әрі тартысты өтті. Себебі сабақ үстінде белсенді жұмыстанып, сұрақтарға жауап берген оқушыларға жетондар беріп отырдым. Бағалауда өлшемді ескере отырып, жетондар саны есептеліп бағаланды. Және де топ мүшелерінің барлық жетоны саналып «Сары» тобы жеңімпаз атанды. Мерсер (2000), «ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жету аясында табысты талқылауларда әңгімелесудің зерттеушілік түрі басымдыққа ие екендігі, зерттеушілік әңгіме барысында ортақ проблема болатындығы, сол мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптасатындығы пікір алмасатындығы, өз ойларын дауыстап айтатындығы, болжамдар ұсынып, талқылайтындығы» — Мұғалімдерге арналған нұсқаулықта атап көрсеткен (40-бет). Мерсердің осы идеясын осы сабағымда жоғарыда көрсетілген жұмыс формалары арқылы жүзеге асырдым. Сынып оқушыларының әңгімені толық игеруіне Мерсердің идеясы негізінде қол жеткіздім. | ||