Paint графикалық редакторының құралдары. Құю, бүріккіш құралын қолдану. Өшіргіш құралын қолдану
Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторының құралдары. Құю, бүріккіш құралын қолдану. Өшіргіш құралын қолдану
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік. Графикалық редактормен жұмысқа үйрету. Құю, бүріккіш, өшіргіш құралын қолдану дағдысын қалыптастыру. Редактордың құрал- саймандарын дұрыс пайдалана отырып, өз бетімен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық. Оқушылардың бояу, бүріккіштің дағының өлшемін өзгертуді, өшіргіштің өлшемін өзгерте білу қабілеттерін дамыту. Оқушыларды логикалық және фантазиялық, ойлау қабілеттерін арттыру, танымдық белсенділіктерін дамыту, іздендіру.
Тәрбиелік. Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережесін сақтау.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: теориялық-практикалық
Сабақтың принциптері: біртұтастық, жүйелілік, белсенділік, саналылық.
Сабақтың әдіс- тәсілдері: сұрақ- жауап, көрнекілік, ажырату, жинақтау, ізденушілік.
Пәнаралық байланыс: геометрия, сызу, бейнелеу, үнтаспа.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақтаға дайындалған слайдтар
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Қызығушылығын ояту.
- Paint программасын не үшін пайдаланады?
- Paint программасын іске қалай қосылады?
- Paint графиктік редакторының терезесінің элементтері.
- Paint редакторында неше құрал бар?
ІІІ. Мағынаны тану
ҚҰЮ (Заливка) ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ
- Құю құралының батырмасын шертеміз.
- Түстер палитрасынан түс таңдаймыз.
- Бояғымыз келетін тұйық контурдың ішін тышқанмен
БҮРІККІШ ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ
Бүріккіш құралы бояуды бүрку эффектісін жасау үшін қолданылады.
Ол үшін:
- құралын шертеміз.
Палитрадан түсті таңдаймыз.
Бүркі құралының өлшеу дағын таңдаймыз.
Тышқан батырмасының сол жағы арқылы бүркі керек.
Қылқалам пайдалану
Өшіргішті пайдалану:
Өшіргіш құралын пайдаланып, өлшемін таңдаймыз.
Тышқанның сол жағын басып отырып өшіреміз.
ІV.
«Кім зейінді» ойыны
Тапсырма.
(Күй тыңдала отырып, тапсырма орныдалады)
Күшік пен мысық дос. Олар сурет салғанды ұнатады.
Күшік қатарынан бірнеше күн Paint графикалық редакторында сурет салды. Ол оны мысықтың туған күнінен сыйламақшы. Сурет дайын болар кезде, күшіктің бояуы төгіліп, барлық суретін жауып кетті. Басқа сурет салуға күшіктің уақыты жоқ. Ол қатты ренжіді. Оған қалай көмектесеміз?
Дене шынықтыру минуттары
«3,13,33» деп аталады.
3 дегенде қолды созамыз.
13 десе қолды екі жаққа, ал 33 десе қолды жоғары көтеруіміз керек.
Деңгейлік тапсырмалар
І деңгей
а) Кез келген радиусты шеңбер сызыңыз. Қара сызықпен сызып ішін қызылға бояңыз
ІІ деңгей
а) 3 шеңбер,4 төртбұрыш, құю құралдарын пайдаланып,салынатын суретті ойлап тап.
ІІІ деңгей
Жұмбақтың шешуінің бейнесін сал
Көкшіл айна үйдегі,
Көрсетеді киноны.
Өз бетімен жұмыс. Мына суретті сала отырып, атын қой.
- V. «Ой толғаныс»
Тест тапсырмасы:
- Графиктік редактор Paint-ті іске қосу жолы.
а) Іске қосу-программалар-стандартты-Paint графикалық редакторы*
ә) Іске қосу-Paint графикалық редакторы
б) Іске қосу-Документтер-Без имени
2.Тік төртбұрышты салу құралы.
а) түзу сайманы; ә) тіктөртбұрыш сайманы;* б) көпбұрыш сайманы
- Фигуралардың іштерін бояу сайманы.
а) қарындаш сайманы; ә) бүріккіш сайманы; б) құю сайманы;*
4.Экранға қисық сызықтарды шығару үшін:
а) қарындашты пайдаланамыз; ә) қисық құралын пайдаланамыз;*
б) көпбұрыш құралын пайдаланамыз;
5.Экранда жоқ саймандар тақтасын қалай орнатамыз?
а) Түр-аспаптар панелі-белгі қоямыз;* ә) Экраннан іздейміз;
б) компьютерді жүктейміз;
6.Экранға қисық сызықтарды шығару үшін:
а) қарындашты пайдаланамыз; ә) қисық құралын пайдаланамыз;*
б) көпбұрыш құралын пайдаланамыз;
- Суретті құйып бояу үшін:
а) бүріккіш құралы ә) құю құралы* б) өшіргіш құралы
- Суретті өшіру үшін:
а) өшіргіш* ә) карандаш б) бүріккіш
- Түс таңдау палитрасы терезенің қай жерінде орналасқан?
а) сол жақ төменгі бөлігінде ә) Оң жақ төменгі бөлігінде
б) сол жақ жоғарғы бөлігінде
- Сурет салу программасы:
а) Paint* ә) WordPad б) Блокнот
VІ. Үйге тапсырмалары:
Кітаптан графикалық редакторының құралдарының қызметін оқу;
Қағазда және компьютерде сурет салу айырмашылықтарын жазу.
VІІ. Бағалау.