«Сұлушаш» туындысы – шоқтығы биік шығарма.
ШҚО, Семей қаласы, №13 жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аймухамбетова Жанна Намазбайқызы
11 – сынып Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: «Сұлушаш» туындысы – шоқтығы биік шығарма.
Сабақтың мақсаты: Сәбит Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасының көркемдік ерекшілігіне тоқталу, кейіпкерлер бейнесін талдау арқылы поэманың тақырыбын, идеясын, мәнін ашу.
Сабақтың міндеттері:
- Көркем сөйлеу, жазу, шығармашылығын арттыра отырып, тіл байлығын, сөздік қорын дамытады.
- Оқушылардың ой – белсенділігін арттыру, шығармашылық ізденіске бағыттау, ізденімпаздылық қасиеттерін арттырады, ой шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіре отырып ой бөліседі.
- Ақынның шығармаларын талдай отырып, мейірімділікке, сезімталдыққа, ұлтжандылыққа, адами қасиеттерге тәрбиелейді.
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау.
Көрнекіліктер: Ақынның портреті, кестелер, ватман, маркер т.б.
Сабақ барысы:
Оқушылар 2 топқа бөлініп отырады.
І. Қызығушылықты ояту. (2 мин)
— Сіздер, «Сұлушаш» поэмасын оқыған сәтте Сұлушашты көз алдарыңызға қалай елестеттіңіздер?
ІІ. Мағынаны ажырату.
Концептуалдық кесте
Кейіпкерлер | Өмірге қызығушылығы | Адамгершілік қасиеті | Кейіпкерге берілетін баға |
Сұлушаш | Жоғары. Ақылды, парасатты, адамгершілігі мол адам. | Жоғары | Жоғары |
Алтай | |||
Қайсар | |||
Ермек |
ІІІ. ЕТК.
Тілеуберді жасынан жігіт жиды, Тоқсан торқа оранып киім киді. Қыран тазы қолында жұбымен боп, Қасқыр, түлкі, бұғыны тау қып үйді. | ||
Май туып, жер құлпырып, шешек атты, Даланы жасыл ала пүліш жапты. Сай-суларға мөлтілдеп, өзен дағы, Сылқ-сылқ күліп, бұраңдап, төмен ақты. Жылы жаздың мейірі ағаштарға, Сылдыраған, төгілген шолпы тақты. | ||
«Ұл туды» деп шашулар шашылған жоқ, Қатын жиып қалжа да асылған жоқ. Шілдехана жасауға туған күні Екі адамның басы да қосылған жоқ. Жөргегі жоқ, қап-қара құрымға орап, Алса да, жанның жаны ашыған жоқ. Алтай деп әлде қалай атын қойды, «Азанменен» құлағы ашылған жоқ. |
Ақын поэмасының тіл ерекшелігіне тоқтала кетсек, әдет – ғұрыпты суреттеумен байланысты қолданылған: жөргек, шілдехана, азан шақырып ат қою, тәңірі, аруақ, құл, күң деген сөздерге түсінік бере кеткеніміз жөн сияқты.
Ой толғаныс. Шығарма кестесі.
Шығарма | Авторы | Басты кейіпкерлер | Әрекет желісі | Мағыналық болжам | Өз қорытындың |
«Сұлушаш» | С.Мұқанов | ||||
«Еңлік-Кебек» | Шәкәрім | ||||
«Қыз Жібек» |
Мұнда С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасында көтерілген әлеуметтік проблемалық мәселе – Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ ауылындағы тап тартысы екені анық, «Сұлушаш» поэмасының уақиғаны шешу әдісі «Қыз Жібек», «Еңлік-Кебек» т.б. үндес келетіні, ал таптық қоғамда уақиғаның түйінінің бұлай шешілуі өмір шындығының ұштасып жататыны айтылады.
Сонымен, біз сіздермен Сәбит Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасын жан-жақты талдап, шоқтығы биік шығарма екендігіне көзіміз жетті.
Үй тапсырмасы: Поэмадан үзінді жаттау.