Сауалдар көмегімен кестедегі мәліметтерді таңдау. Параметрлі сұраныс .
Сабақ тақырыбы: Сауалдар көмегімен кестедегі мәліметтерді таңдау.
Параметрлі сұраныс .
Сабақ мақсаты:
Білімділік: MS Access бағдарламасында сауалдар көмегімен кестедегі мәліметтерді таңдау, параметрлі сұраныс құрудың жолдары мен әдіс-тәсілдерін меңгереді;
Дамытушылық: Жаңа мәліметтер арқылы білім қорын көбейту, ой-өрісін дамыту, «білсем» деген дағдыларын қалыптастыру, қызығушылығын арттырады.
Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, жұмысты жүйелі жасауға, жасаған іс-әрекетті нақты жеткізе білуге және компьютерді еркін меңгеруге үйренеді.
Сабақ түрі: Демонстрациялық көрсетілім көмегімен баяндау
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгеру сабағы.
Әдіс-тәсілдері: Жеке, топпен жұмыс, практикалық жұмыс, өз бетімен жаңа білім алу, бекіту жаттығулары.
Пәнаралық байланыс: Физика, Тарих,Дене шынықтыру.
Көрнекі құралдар:Слайд-фильм, оқулық, MS Access бағдарламасы, үлестірме тапсырмалар.
Техникалық құрылғы: Проектор, экран, компьютер.
Сабақ барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі. Слайд1: Бүгінгі күн.
- Сәлемдесу. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру. Журнал толтыру.
- Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттерін, барысын айтып өту.
Мұғалім сөзі:
Үй тапсырмасын сұрау 2-5 слайд көрсету арқылы
Жаңа білім:
Сауалдар көмегімен кестелерден мәліметтерді таңдау. Параметрлі сұраныс.
Сұраныс- жұмыс істеуші адамның керекті мәліметтерді бір немесе бірнеше кестеден берілген шарттарғы байланысты таңдап алу тәсілі.
Параметрлі сұраныс. 6-18 слайд демонстрациялық көрсетілім көмегімен баяндау арқылы түсіндіру.
- Менің құжаттарым бумасынан 11 класс бумасынан Облыс МҚ ашу.
- Кесте1 белгілеп Сұрау компонентіне басып Кестелік режимде сұраныс (создание запроса в режиме конструктора ) таңдап аламыз.
- Ашылған сұқбат терезесінен кестелерді қосу (добавление таблицы) сұқбат терезесі шығады.
- Кестелерді қосу (добавление таблицы) сұқбат терезесінде Кесте1 кестесінің атына екі рет шертеміз.
- Кестеден облыс, аймақ, облыс орталығы, халқы, ауданы, тығыздығы өрістерінің аттарына екі рет шертеміз. аймақ, облыс орталығы, халқы, ауданы, тығыздығы өрістері сұрау бланкісіне қосылады.
- Аймақ өрісіне шарт (условия отбора) Like [аймақтың атын енгіз] деп жазамыз.
- Саймандар панеліндегі сақтау (сохранить) батырмасына шертеміз.
- Сұраудың аты ретенде «11а сураныс» атын енгіземіз.
- Сұрау құрылады, енді сұрауды орындау үшін ! батырмасына шерту немесе кесте режиміне ауысу керек.
- Сол сәтте экранда параметр мәнін енгізу деген сұқбат терезесі шығады. Аймақтын атын енгіз өрісіне аймақ атын енгіземіз, де ОК батырмасына шерту. Мысалы Оңтүстік Қазақстан.
- Сонда экранда сұрау кесте режимінде төмендегідей болады.
Практикалық жұмыс:
Тапсырма 1: Күн жүйесі МҚ «Планета» және «арақашықтық» бойынша сұраныс құру.
Планета | Күн | Арақашықтық | Диаметр | Масса | Планета серігі |
Күн | 0 | 0 | 13929 | 2000000 | 0 |
Меркурий | 0,24 | 58 | 4,8 | 0,32 | 0 |
Шолпан | 0,62 | 108 | 12,1 | 4,86 | 0 |
Жер | 1 | 150 | 12,8 | 6 | 1 |
Марс | 1,88 | 288 | 6,8 | 0,61 | 2 |
Юпитер | 11,9 | 778 | 142,6 | 1906,98 | 16 |
Сатрун | 29,5 | 1426 | 120,2 | 570,9 | 17 |
Уран | 84 | 2869 | 49 | 87,24 | 14 |
Нептун | 165 | 4496 | 10,2 | 103,38 | 2 |
Плутон | 248 | 5900 | 2,8 | 0,1 | 1 |
Тапсырма 2: Пекинда Олимпиада қорытындысының кестесінен «мемлекет» атына бойынша параметрлі сұраныс құр.
|
Тапсырма 3: Осы кестені пайдаланып «орын» бағанына параметрлі сұраныс құр
(Таблица «Казахстанцы в десятке сильнейших» 09.09.2008 Казахстанцы в десятке сильнейших на Олимпиаде в Пекине )
Аты-жөні | Түрі | Кг | Орын | |
1. | Илья Ильин | Ауыр атлетика | 94 | Алтын |
2. | Бахыт Сарсекбаев | бокс | 69 | Алтын |
3. | Таймураз Тигиев | Еркін күрес | 96 | Күміс |
4. | Ирина Некрасова | Ауыр атлетика | 63 | Күміс |
5. | Алла Важенина | Ауыр атлетика | 75 | Күміс |
6. | Асхат Житкеев | дзюдо | 100 | Күміс |
7. | Нурбакыт Тенизбаев | Греко-римская күрес | 60 | Қола |
8. | Асет Мамбетов | Греко-римская күрес | 96 | Қола |
9. | Марид Муталимов | Еркін күрес | 120 | Қола |
10. | Елена Шалыгина | Еркін күрес | 63 | Қола |
11. | Мария Грабовецкая | Ауыр атлетика | 75 | Қола |
12. | Арман Чилманов | таеквондо | 80 | Қола |
13. | Еркебулан Шыналиев | Бокс | 81 | Қола |
- Бағалау. Жаңа білім қорытындысы. Слайд 19 Жалпы қорытынды. Журналға баға қою.
- Үй тапсырмасын беру.8 тақырып оқу. Дәптерге конспектілеу.
- Қорытындылау.