WINDOWS операциялық жүйесiмен жұмыс
ТАҚЫРЫБЫ: WINDOWS операциялық жүйесiмен жұмыс
Жұмыстың мақсаты:
- Windows–тiң негiзгi тәсiлдерiн мазмұндау;
- Windows ортасында бағдарлауды үйрену, ұғымдар кiргiзу.
Тапсырма 1: WINDOWS стандартты бағдарламаларымен жұмыс.
Жұмыс барысы:
- Менің компьютерім (Мой компьютер) программасын іске қосыңыз. «С:» дискін активтендіріңіз.
Windows жүйелік папкасын ашыңыз.
CALC қосымшасын іске қосыңыз (калькулятор таңбашасымен) – калькулятор.
Калькуляторды келесі амалдарды орындаңыздар
а)125.26*63.65 б)456.36/(377-2.58)
в) (456.25 – 35.35 )*(3.658-45.254)
Нәтижесін жазыңыз.
Калькулятор терезесін ашып, 45.62+323, амалын орындау, жауабын жазу.
Калькулятор терезесін жабу, ары қарай тізбек бойында «С:» диск терезесін және Мой компьютер (Менің компьютерім).
Тапсырма 2: Анықтама ішкі менюімен танысу.
Жұмыс барысы:
- Менің компьютерім (Мой компьютер) программасын іске қосу.
- Меню арқылы анықтаманы (Вызов справки) (тiлсызықпен ? таңбасын басу және тыщқанмен анықтаманы шақыру): шақыру.
- a) орыс әрiптерiн теру режимiне өту;
б) Предметный указатель өрісінде Алғашқы әрiптердi кiргiзiңiз (Введите первые буквы) . . . терiңiз Терезе(окно).
в) Выберите термин или фразу (термин немесе фраза таңдаңыз) өрiсiнде … тышқанмен Окна сообщений, изменение вида таңдаңыз;
г) Шығару (Вывести) батырмасын басыңыз (терезенiң төменгi жағында);
д) шығарылған мәтiндi оқып, терезенi жабу.
- Менiң компьютерiм терезесiнде Басқару панелi (Панель управления) жолында тышқанмен екi рет шерту.
- Басқару панелi (Панель управления) терезесi iшiнен экранды таңдау және тышқанмен екi рет шерту.
- Қасиет (Свойства) диалог терезесiнде Көркемдеу-ді (Оформление) таңдау.
- Терезенiң iшiнде батырмасын басып Түсі (цвет) арқылы түсiн өзгерту.
- ОК батырмасын басыңыз.
- Менің компьютерім (Мой компьютер) терезелерiн жабу.
Тапсырма 3: Жұмыс үстелінің контекстік менюі.
Жұмыс барысы:
- Жұмыс столында тышқанмен бос орынды көрсетiңiз және тышқанның оң батырмасын басыңыз.
- Динамикалық (контекстi) меню пайда болады, Свойства (қасиет) жолын таңдаңыз.
- Свойства (қасиет) диалог терезесiнiң iшiнен Көркемдеу-ді (Экран Оформление) таңдаңыз.
- Экранның түсiн, Түсі (цвет) сөзiнiң алдындағы батырмасын басу арқылы таңдаңыз.
ОК батырмасын басыңыз.
Тапсырма 4: Сілтеуіштің (Проводник) жұмысы
Жұмыс барысы:
- Іске қосу (Пуск) батырмасын басу арқылы, Сілтеуіш программасын iске қосыңыз, ары қарай тышқанмен шертiп Программы – Проводник-тi таңдаңыз.
- Сілтеуіш терезесi пайда болады, терезенiң сол жақ бөлiгiнде Менің құжаттарым (Мои документы) бумасын тышқанмен шертiңiз, терезенiң оң жақ бөлiгiне және бума таңбашасына көңiл аударыңыз.
- Терезенiң сол жақ бөлiгiндегi Windows бумасын тышқанмен шертiңiз, терезенiң оң жақ бөлiгiне көңiл аударыңыз.
- Windows бумасының алдында, тышқанме “+” белгiсiн шертiңiз, не болғанын түсiндiрiңiз.
- Windows бумасының алдында, тышқанме “-” белгiсiн шертiңiз, не болғанын түсiндiрiңiз.
- Терезенiң оң жақ бөлiгiндегi Temp бумасының таңбасында тышқанмен екi рет шертiңiз және не болғанын түсiндiрiңiз.
- Сілтеуіш терезесiн жабыңыз.