MS Word мәтіндік редакторында объектілермен және құжат структурасымен жұмыс

ТАҚЫРЫБЫ: MS Word мәтіндік редакторында объектілермен және құжат структурасымен жұмыс

 

Жұмыс мақсаты:

  1. Формулалар редакторын меңгеру.
  2. Диагарамма құру.
  3. Мәтіндік құжатқа әртүрлі объект қою мүмкіндіктерін меңгеру.
  4. MS Word мәтіндік редакторының қосымшаларының мүмкіндігін үйрену
  5. WordArt объектілерін редакциялау және форматтау амалдары
  • Объектілерді топтастыру
  • Объектілердің орнын алмастыру
  • Объектілерді айналдыру.
  1. Құжат структурасы режимінде жұмысты үйрену.
  2. Құжат мазмұнымен жұмыс.

 

Тапсырма 1: Келесі формулаларды жаз.

  1. ;
  2. ;

Жұмыс барысы:

  1. Вставка \ Объект \ Microsoft Equation 3.0 командасын орында немесе құрал-саймандар панелінен батырмасын таңда (Аталған батырма болмаған жағдайда құрал саймандар панелін баптау терезесі арқылы орнат).
  2. Алынған объектіні форматтау үшін Формат \ Объект (немесе контекстік менюден Формат объекта) командасын орында.

 

Тапсырма 2: Құжатқа MS Excel объектісін қойып, үлгі бойынша мәліметтерге өзгерту енгіз.

Жұмыс барысы:

  1. Вставка \ Объект \ Microsoft Excel немесе Вставка \ Объект \ Диаграммы Excel командасын таңда.
  2. Бірінші команданы таңдаған жағдайда, алдымен берілген мәліметтерді енгіз.
  3. Диаграмма командасын орында.
  4. Екінші команданы орындаған жағдайда Лист1 қабаттамасын ашып, берілген мәліметтерге өзгеріс енгіз.

 

Тапсырма 3:

  1. Суреттер жинағынан кез келген түрде картинка құр (еркін түрде).

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Paint-те сурет салып, оны өз файлдарыңмен бірге сақта.

 Жұмыс барысы:

  1. Сурет қою Вставка \ Рисунок \ Картинки (MS Office жинағынан) командасы (құжатқа суретті графикалық файлдарданда алып қоюға болады) арқылы орындалады.
  2. Жұмыс құжатыңа Вставка \ Рисунок \ Из файла командасы арқылы салған суретіңді қой.

 

Тапсырма 4: Рисование құрал саймандар тақтасының көмегімен Шыңғысханның немесе басқа тарихи тұлғалардың ұрпақтарын құрылымдық түрде көрсет.

 

 

Тапсырма 5: Структура режимінің көмегімен құжат құру, осының негізінде мазмұнын жасау.

Жұмыс барысы:

  1. Вид \ Структура менюінің командасымен құжаттың структура режиміне көш.
  2. Келесі атауларды енгіз:

Солтүстік Америка

Калифорния

Сан-Диего

Сан-Франциско

Мексика

Канкан

Мехико

Кариб бассейнінің аралдары

Багам аралдары

Нассау

Фрипорт

  1. Структура-ның құрал-саймандар тақтасының көмегімен (деңгейлерді төмендетіп, жоғарылатып) құжаттың келесі құрылымын жаса:
Солтүстік Америка
Калифорния
Сан-Диего
Сан-Франциско
Мексика
Канкан
Мехико
Кариб бассейнінің аралдары
Багам аралдары
Нассау
Фрипорт
  1. Әрбір тақырыпшаға негізгі мәтін қос.

Сан-Диего – Кездесулер үшін ыңғайлы орын, қонақ үйлер мен мейрмаханалар қаланың іскерлік бөлігінде орналасқан.

Сан-Франциско – Кеңселерге жақындық транспорт шығынын төмендетеді. Балықшылардың кемежайында демалуға және жақсы тамақтануға болады.

Канкан – Конференц-залдар және қонақ үйлер жағажайда орналасқан. Канкан жыл бойына су спортымен айналысуға мүмкіндік береді.

Мехико- Қонақ үйлер конференц-залдармен, компьютерлік және қаржылық орталықтармен қамтамасыз етілген.

Нассау – Іскерлік кездесулер өткізуге арналған жоғары класты қонақ үйлер Кэл-Бич ауданында жағажайда орналасқан.

Фрипорт – Сонымен қатар, сіздің құзырыңызға дүкендер, гольф ойнауға арналған тамаша алаңдар және спорттың түрлері.

  1. Құжатты МысалСтруктура1 атымен сақта.
  2. Бірінші, екінші және үшінші деңгейдегі тақырыпшаларды қара.
  3. Мексика тақырыпшасының ішкі мәтінін жинақта. Қайта аш. Сан-Франциско тақырыпшасының деңгейін жоғарылат. Бастапқы қалпына келтір. Мехико тақырыпшасын ішкі мәтінінсіз жоғарыға орналастыр. Осы тақырыпшаны ішкі мәтінімен бірге орнын алмастыр. (Егер ішкі мәтін жиналып тұрса, онда тақырыпшаның орнын алмастыру оның ішкі мәтінін бірге алып кетеді).
  4. Берілген құжаттың мазмұнын келесі бетке құр. (беттерді бөлу үшін структура режимінен қалыпты режимге көшу керек).

Құжаттың мазмұнын автоматты түрде құру үшін құжатты теру кезінде әртүрлі деңгейдегі тақырыпшаларды белгілеу керек. (Тақырыпша 1, Тақырыпша 2 және т.с.с.), яғни осы тақырыпшаларға «Форматирование» тақташасындағы тақырып тізімін пайдаланып арнайы бір стиль беру керек. Құжат мазмұнын құратын жерге курсорды қойып, Вставка \ Ссылка \ Оглавление и указатели \ Оглавление командасын орындау қажет.