ИНФОРМАКТИКАНЫ ОҚЫТУДА КІРІКТІРУ ТӘСІЛДЕРІНІҢ ТИІМДІЛІГІ.

ИНФОРМАКТИКАНЫ ОҚЫТУДА КІРІКТІРУ ТӘСІЛДЕРІНІҢ ТИІМДІЛІГІ.

Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаев  Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында : «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттерін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі»деп атап көрсеткен болатын.

Қазіргі жаратылыстану пәні  оқушыларға әлемнің ғылыми – жаратылыстық бейнесін түсіндіріп, табиғатты танып білудегі ғылыми көзқарастарды қалыптастыруға және алған білімдерін өздерінің болашақ мамандықтарына пайдалана  білуге көмектеседі.

Табиғаттағы негізгі заңдарды, құбылыстарды және процестерді зерттеу адамзат пен қоғамды танып-білуімен ұштасып келеді. Жаратылыстану, математика мен техникалық ғылымдарының жетістіктерін бір-бірімен байланыстырып қараған кезде дүниенің біртұтас ғылыми бейнесі  қалыптасады. Болашақ ұрпақ табиғаттың фундаменталь заңдарын, сан қырлы құбылыстар мен процестерін және Әлемнің құрылысын, даму заңдылықтарын зерделеп, дүние мен өмірдің мәнін дұрыс түсінулері қажет. Физика, химия, биология және де басқа ғылымдардың жетістіктерін түсініп,қазіргі кездегі ғылымдардағы бағыттар мен салалары туралы хабардар болуы керек. Мега –макро- және –микродүниелер күрделілігін түсініп, олардағы құпия құбылыстарды ашуға бағытталған зерделеуге қажет материалдық жаңа технологияның негізінде жасалынған құрал-жабдықтардың қаншалықты қаржыны, еңбекті, жігерді және білімді қажет еткендігін бағалай біледі.

Жаратылыстану пәні   — ғылымның дүниені тану процесінің формасы екендігі және оның салалары, әдістері, таным ерекшеліктері қарастырылады.

ХХI ғасырда ғылым табиғат пен адам қоғамдастығының сәйкестігіне, процестерді саналы түрде зерттеуге бағытталады.

Күннен күнге  қоғамда жаратылыстану ғылымының рөлі өсуде. Жаратылыстану ғылымының жоғары дәрежеде  дамуы – білімнің түрлі салаларының нәтижелі көтерілуінің қажетті шарты. Ғылыми ақпараттар ағынының жедел қарқынмен өсуі, жалпы білім беретін мектеп оқушыларын өз бетінше жаңа білімдер игеруге қабілетті етіп тәрбиелеу мен оқытуды талап етеді.

Қазіргі кезде білімнің кіріктіру тәсілдерін  қамтамасыз ету, оның ғылыми деңгейін арттыру, тұтастай алғанда оқушылардың танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру міндеті негізгі мәселелердің біріне айналып отыр.

Осы арада мектептің оқу-тәрбие процесін кіріктіру тәсілі  негізінде ұйымдастыруы, ғылымдар жүйесінің бір арнаға тоғысу, адамның интеллектуалдық өрісін байытумен бірге, бүкіл адамзаттық құндылықтар көзінің де бірлігі, жалпы ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігітуралы ғылыми көзқарастың қалыпты қалыптасуына мүмкіндік береді.

Кіріктіру тәсілінің  бір пайдалы жағы ол бүкіл оқыту ісін, бір мектептің барлық жұмысын бір жолға салуға, барлық мұғалімдерге бірыңғай талаптар қоюға және әр түрлі пәндерде ортақ мүддені шешуге жұмылдырады.

Кіріктіру тәсілін  жүзеге асырудың жолдары мынандай:

  • Әрбір жеке пәнді оқытқанда басқа пәндерді оқыту ісіне өз ықпалын тигізетіндей болуын көздеу;
  • Түрлі пәндерді оқып үйренуде – өтілетін материалдарды уақыт жағынан үйлестіріп отыру.
  • Окушылардың ғылыми теориялар мен заңдылықтарды игеруін, олардың жинақтылығымен әдістерімен, дағдыларымен сабақтастыра қалыптастыру.
  • Жалпы теориялық білім алуды және практикалық іскерліктер мен дағдыларды бірыңғай әдіспен жүзеге асыру.
  • Оқушыларға (білім алу, икемділік пен дағдыларды қалыптастыру барысында) бірдей талап қою.
  • Оқушылардың бір пәннен білім алуға икемі мен дағдыларын пайдалана білуге әдеттендіру.
  • Әр түрлі пәндердің зерттеу әдістерінің ортақтық ерекшеліктерін көрсете білу.
  • Әр пән сабақтарында оқылатын құбылыстардың өзара байланысын ашып, дұрыс дидактикалық дүниетаным қалыптастыру.

Қазіргі әлемнің ғылыми бейнесінің негізгі сипаттамасы қоғамдағы және табиғаттағы информатикалық процестер мен факторлардың фундаментальды ролін мойындау болып табылады.

Өткен ғасырларда әлемнің ғылыми бейнесі ертеректе екі негізгі ұғым төңірегінде құрылғаны белгілі: зат және энергия. Сөйтіп, ғылыми көзқарасты қалыптастыруда негізгі рольды осы ұғымдарды сипаттайтын ғылымдар атқарады. Физика, химия, математика. Мысалы: заттар мен энергияның сақталу заң тек физика мен химияның ғана заңы емес, универсал ғылыми принципке айналды «жоқтан еш нәрсе пайда болмайды».

Бұл жағдай біздің ғасырдың басында әлемнің бейнесін җаңаша тұжырымдайтын идеяның тууына байланысты өзгере бастады.Мұндағы негізгі мәселе ұйымдастырушылық немесе қазіргі айтылып жүргендей информациялық факторларға байланысты. Дәлірек айтсақ, алдынғы кезекке жеке пәндер немесе құбылыстар ғана емес, солардың өзара байланысы мен өзара әсерлесу мәселесі қойылды. Бұл мәселемен айналасатын ғылым информатика деп аталады.

Сонымен, информатика – ЭЕМ-дың көмегімен информацияны іздеу, сақтау, жинақтау, тарату, өлшеу мен өндеудің әдісі, тәсілдері мен заңдылықтарын қарастыратын математикалық ғылым. Информатианы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ-дерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмысістеу принциптерін түцсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында информацияны кеңінен тарату заңдары мен тәсілдері  туралы түсініктер береді.

Қазіргі кезде жаңа ЭЕМ-дер күнбе-күн пайда болып, олардың даму процесі уздіксіз ғылыми – техникалық процеске айналып отыр. Сонымен қатар, информацияны өңдеу, жинау, және беру тәсіледері де күннен күнге дамып келеді. Осы себептерге байланысты информатика жиі өзгеріске ұшырайтын ғылыми пән болып саналады да,  оны оқып үйрену күннен күнге күрделеніп барады.

Информатика пәнінің басқа мектеп пәндерімен тығыз байланысы оның негізгі ерекшеліктері болып табылады. Себебі, оқушылар информатика сабағында алған білімдерін басқа пәндерді оқып-үйрену барысында жан-жақты қолдана алады Оның тағы бір ерекшелігі пән мазмұнындағы тақырыптардың арасындағы пәнішілік байланыстың күтілігінен көрінеді. Себебі, информатиканың бастапқы ұғымдары математикадан алынған. Математикада дәлелдеулер алгоритмдік құрылымға негізделген, ал информатикада осы алгоритмдерді құрайтын бөліктерді ерекшелей білу мақсаты қойылады. Информатиканың физика, химия  пәндеріне ұқсастығы оның тәжірибеге, экспериментке негізделгенінен көрінеді. Компьютерде программаны жүктеу мен жүргізу эксперимент ретінде әсіресе, программадағы қатені іздеуде айқын байқалады.

Жаңа информациялық технологияны пайдалану – ғылымның жеке саласындағы білім мазмұнын кіріктіру тәсілімен оқыту. Осыған байланысты информатиканы математика пәнімен кіріктіріп оқыту оқушылардың шығармашылықпен айналысуына көптеген септігін тигізері сөзсіз.

Информатиканы оқытудың  мемлекеттік білім беру стандартына жазылған жалпы ережеде: информатиканы оқытудың практикалық мақсаты, оқушыларды басқа пәндерді оқыту процесінде практикалық есептерді шешуге бағытталсын, — деп жазылған.

Осы ретте информатика пәнінен 9-класта өткізілген «Қайталау операторларына есептер шығару» тақырыбына тоқталсам.Паскаль тілінің қайталау (White, Repeat, For) операторларын пайдалана отырып, есептер шығартуда оқушыларға берілген есептің шартына қарай талдау жасауды, цикл командасын және циклді ұйымдастыру принциптері туралы ұғымын қалыптастырған дұрыс. Оқушылардың алгоритмдік ой – өрістерін кеңейтіп, пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқушылардың шеберліктерін және дағдыларын дамытуды басты назарда ұстаған абзал.

Ондағы мақсатым:

  • Программалауды жетік меңгерту, пәнге деген қызығушылығы арттыру;
  • Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру;
  • Оқушылардың шығармашылық белсенділігін көтеру;
  • Оқытудың сапасын арттыру;
  • Дифференциялдап оқытуға көшу.

1 есепті шығару шарты: есепті талдау және программасын компьютерде орындау.

№1 есеп: 1,2,3,…, 15 сандары квадраттарының қосындысын есептеу алгоритмін және программасын құру. Соңғы шарттаы циклді пайдаланып, жауабын алу керек.

Program  kosyndy;

Var x,y,s:integer;

Begin

X:=1; s:=0;

While x<=15  do

Begin

Y;=sqr(x);

S:=s+y;

X:=x+2;

End;

Writeln (“s=”,s);

End.

Егер бұдан соң, RUN директивасын орындасақ, дисплей экранында сұрақ белгісі шығады. Одан кейін берілген айнымалыға жаңа мән беруге болады. Бұл процесті шексіз жалғастыра беруге болады.

Информатика сабақтарында физика есептерін шығару үшін физикалық теория мен заңдарды, құбылыстар мен процестерді қолдану шекарасын анықтап, оларды аналогты амал арқылы жүзеге асыруға болады. Есептерді іріктеген кезде мынадай талапты ескерген жөн:

Есеп тек компьютердің көмегімен шығарылады, шешілуі қиын;

Компьютерді қолданғанда есеп тез шығарылады және есепке сәйкес программаны құру көп уақытты алмайды;

Есептер оқушылардың логикалық ойлау қабілеті дамитындай, оқушы үшін сабақ мағыналы болуы керек;

Есептердің программасын құруда ең алдымен физикалық есептің қай құбылысқа негізделгенін, қандай формуламен шығарылатынына назар аудару керек.Компьютердің көмегімен физика есептерін шешудің мәселелері мектеп оқушыларының түсініктерінің жаңа деңгейде көтерілуін, мағлұматтарды меңгеруге ықпал етіп, әдістер мен идеяларды қалыптастыруға бағыттайды.

Физика есептерін Турбо Паскаль программалау тілінде шығару әдісін келтірейік.

1-есеп. Параллель жалғанған екі кедергіден тұратын электр тізбегінің кедергісін есептеңіз, мұндағы R1=15 Oм, R2=20 Ом

Программаның экрандағы көрінісі:

Кедергілерді параллель жалғау кезіндегі электр тізбегінің кедергісін есептеу.

 

 

 

Бастапқы мәліметтерді енгізіңіз:                        Программасы:

Бірінші кедергінің мәні (Ом)          15

Екінші кедергінің мәні (Ом)          20

Тізбектегі кедергі: R=8.57 Ом

 

Қорыта келгенде, информатика пәнінің басқа мектеп  пәндерімен тығыз байланысы оның негізгі ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Оқушылар информатика сабағында алған білімдерін басқа пәндерді оқып-үйрену барсыныда жан-жақты қолдана алады. Информатиканың маңызды ерекшелігі – оның қоғамдық қызметтің барлық негізгі түрлеріне қолданылуы: өндірісте, басқаруда, ғылымда, білім беруде, сауда операцияларында, қоршаған ортаны қорғауда  және тағы басқа орындарда қолданылуы. Информатика көптеген нақтыаралық процестердің, технологиялардың барлығына ортақ мәселелерді зерттейді. Осы технологиялар информатиканың объектісі болып  табылады.

Кіріктіру тәсілі соңғы кезде батыста өріс алып келе жатқан бағытталған жобалық оқыту тәсілімен қатар білім беру ісінің белгілі бір тобын құрайды. Көптеген елдер пәндерді интеграциялау, яғни біріктіріп оқыту жолымен жүргізіп келеді. Сонымен интеграция не береді дейтін болсақ, ол мынадай жұмыс түрлерін жүргізуді қамтамасыз етеді деп айта аламыз:

  • Педагогтардың бір-бірімен тығыз байланыста болуы;
  • Жеке шығармашылық ізденісте екпінді ету мүмкіндігі;
  • Оқушылар үшін әлемнің біртұтастығы, пәндердің байланыстығы жайлы ұғымды қалыптастыру.

 

Аннотация

В данной статье рассматривается проблемы и методики учащихся интеграционный изучении по информатике.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Информатика негіздері [№38 27 бет]
  2. Информатика негіздері [№62 34-35 бет]
  3. Информатика негіздері [№28 2 бет]
  4. Математика және физика [№51 38бет]
  5. Алгорифм [№36   22 бет]
  6. Интернет сайттары