Компьютердің көмегімен хабарларды жеткізу және қабылдау. Жергілікті желі. Электронды пошта
10.05.2012 | Информатика | 7 «Ә» сынып | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Компьютердің көмегімен хабарларды жеткізу және қабылдау. Жергілікті желі. Электронды пошта | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: | Желі және жергілікті желі түсінктерімен танысу. Электрондық пошта арқылы нәтикетке сәйкес хабарлама жібере алу. | |||||||||||||||||||||||||||||
Міндеттері: |
| |||||||||||||||||||||||||||||
Күтілетін нәтиже: | — Желі түрлерін ажырата білу; — Электронды поштамен еркін жұмыс істей білу; — Өз ойларын айта білу; — Бағалауды үйрену. | |||||||||||||||||||||||||||||
Дерек көздер: | Н.Ермеков, Н.Стифутина информатика оқулығы, электрондық оқулық | |||||||||||||||||||||||||||||
Жаттығулар: |
| |||||||||||||||||||||||||||||
Тапсырмалар: |
| |||||||||||||||||||||||||||||
Сергіту сәті: | Тренинг «Қалпақ» Менің қалпағым үшбұрыш, Сенің қалпағың үшбұрыш емес. Егер қалпақ үшбұрыш болмаса, Онда ол менің қалпағым емес. | |||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау: | Бағалау өлшемдері Оқушының аты-жөні____________________________________ Күні________________
| |||||||||||||||||||||||||||||
Рефлексия: | Оқушылар туындаған сұрақтары бойынша соңғы бағанды толтырады. | |||||||||||||||||||||||||||||
Үйге тапсырма: | 8.1 тақырып, 229 бет №2;6 тапсырмалар |
Пән мұғалімі: Калибекова Д.Ш.
1-қосымша
Үй тапсырмасы:
Төменде берілген семантикалық кестені толтыра отырып, үй жұмысы бойынша қайталау жүргізіледі.
Сабақ барысы:
Компьютерлік желі дегеніміз – әр түрлі ақпарат тасымалдауыштарын қолданбай-ақ, компьютерлер арасында ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін компьютерлер мен басқа да құрылғылардың жиынтығы.
Компьютерлік желілер пайдаланушылардың жылдам ақпарат алмасуын қамтамасыз етумен қатар, принтерлер мен басқа да қосымша құрылғыларды біріге пайдалануға, бір мезгілде бірнеше адамның бір құжатпен жұмыс жасауына мүмкіндік береді.
Жергілікті желі— бұл географиялық бір жерде немесе бір бөлмеде (мысалы 8-12 компьютерден тұратын мектептің компьютерлік класы) немесе бір ғимаратта (мысалға, мектеп ғимаратының әр түрлі кабинетінде орналасқан ондаған компьютерлер жергілікті желі арқылы өзара байланысып тұрады) орналасқан компьютерлерді өзара байланыстырады.
Жергілікті желідегі компьютерлердің бір-бірімен геометриялық байланысу тәсілі топология деп аталады. Негізгі түрлері:
Компьютердің ресурстарын қолдануға рұқсат келесі жолдармен беріледі:
- «Менің компьютерім» қапшығына кіру.
- Арнайы қапшықты — С.А.В-Д; Е дискілерін белгілеу.
- Маустың оң жақ батырмасын басу арқылы контексті менюді шақыру.
- «Қасиеттер» пунктіне кіру.
- «Доступ» (Қатынау) бет белгісін таңдау.
- «Ортақ ресурс» деген сөз тіркесінің жанына нүкте кою.
- «Тек оқу үшін». «Толық». «Парольмен анықталады» пункттерінің бірін таңдау.
- «Парольмен анықтау» пунктін таңдағанда, пароль енгізіледі.
- Берілген ресурстарды пайдаланбасын десеңдер, онда «Жергілікті ресурс» сөз
тіркесін белгілеу керек.
Электрондық пошта арқылы мәтіндік, графиктік, дыбыстық, бейнелік ақпараттарды жіберуге болады. Электрондық пошта өте жылдам жұмыс істейді. Әлемнің кез-келген нүктесінен хатты санаулы минуттарда немесе секундтарда алуға болады. Электрондық поштадағы хаттарды компьютерді іске қосып, пошталық серверге қосылу арқылы оқи аламыз.
Электрондық хаттар жазу және оқуға арналған бағдарламалардың бірі — Оutlоок Ехргеss. Электрондық пошта жұмыс істеуі үшін оны күйге келтіру керек.
Электрондық поштаның стандартты пошталық бумалары алынған және жіберілетін хаттарды сақтау үшін қолданылады.
Кіретіндер (Входящие). Бұл бумаға барлық қабылданған хабарлар орналасады.
Шығатындар (Исходящие). Жазылған және жіберілген хаттар осы бумада орналасады.
Өшірілгендер (Удаленные). Кез-келген бумадан өшірілген хаттар осы бумаға келіп орналасады.
Жіберілгендер (Отправленные). Шығатындар бумасынан жіберілгендердің көшірмесі осы бумаға келіп орналасады.
Шимай дәптерлер (Черновики). Егер жазылған хат әлі жіберуге дайын болмаса да оны жабуға болады, және ол Шимай дәптерлер (Черновики) бумасында сақталады. Келіп түскен хаттармен не істеуге болады. Келген хабарды бірінші белгілеп одан кейін әргүрлі әрекеттерді орындауға болады.
Принтер арқылы қағазға басып шығару. Файл — Печатъ — ОК командасын орындау арқылы.
Жауап беру. Хат жолдаушыға және осы хатты алғандардың әрқайсысына жауап жазуға, хабарды басқа қабылдаушыға жіберуге болады.
Сақтау (Сохранить как). Таңдалған хабарды сақтауға болады, ол үшін Файл -Сохранитъ как командасын орындаймыз.
Нетикет (net + etiquette) – интернетте сөйлесу кезінде әдептілікті сақтау ережесі.
Электронды пошта:
- хаттың тақырыбы, сәлемдесу, қол қою
- сөздерді бас әріптермен жазбау
- алдын-ала келісім болмаса көлемі үлкен файлдарды жібермеу
- жүктелетін файлдарды(*.exe) жөнелтпеу
- ұятты сөздер мен түсініксіз сөз тіркестерін қолданбау
Форумдар:
- сұрақтар мен жауаптар тізімін әуелі оқып шығу (FAQ, ЧаВо)
- форумның тақырыбынан ауытқымау (off-topic – «тақырыптан тыс»)
- сөздерді бас әріптермен жазбау
- басқа қатысушыларды балағаттамау
Чаттар:
- өзгелердің әңгімесіне кіріспеу
- сөйлесіп отырған адамыңыз кетіп қалса, оған ренжімеу