Мәтіндік құжатты форматтау. Мәтін абзацын форматтау
Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік құжатты форматтау. Мәтін абзацын форматтау.
(8 –сынып)
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Word мәтіндік процессорымен таныстыру, электронды оқулықты пайдаланып, информатика сабағында оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру .
Дамытушылығы: Оқушылардың ой- өрісін кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту, өз бетімен шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Тәрбиелігі: Оқушыларды өз ойын ашық айта білуге, еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, электронды оқулық
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап, ой қозғау , интерактивтік әдістер
Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық « Әдемі гүлдер»
Қызыл түс — өз-өзіне сенімділігі басым, жұрт көңілін өзіне аулай алатын жан
Жасыл түс – тыныштық пен жаңарудың символы. Өзінүнемі еркін ұстайтын , тез шешім қабылдағыш , ізденгіш, жаңашыл адамдар
Ақ түс – ашықтықты, шындықты, тазалық пен ұқыптылықтың белгісі. Бүгінгі сабақтан көрсем, білсем, үйренсем деген жандар
ІІ . «Қанат қақты» бөлімі . Үй тапсырмасын тексеру.
Электронды оқулықпен жұмыс (6 модуль)
№1 Word бағдарламасын іске қосыңыз
№2 Word құжаты терезесі элементерінің атауларын жақтауға енгізіңіз
№3 интерактивті тақтаға базалық құралды жазу
ІІІ. «Самғау» бөлімі. Жаңа сабақты түсіндіру
Интерактивті тақтаны пайдалана отырып, жаңа сабақты түсіндіру.
ІҮ. «Шарықтау» бөлімі
І. Сәйкестікті тағайындау. Электронды оқулық (1 модуль)
№1 компьютердің құрамына кіретін құрылғыларды жазыңыз
№2 Ақпаратты тасымалдаушыларды оларды пайдаланатын құрылғылармен сәйкестендіріңіз
ІІ. Сұрақ –жауап. «Сен маған, мен саған» ойыны
- Мәліметтерді енгізу құрылғысы (пернетақта)
- Қажет емес символдарды алып тастау пернесі (алып тастау, удалить)
- Баспа құрылғысына деректерді жіберу командасы (баспа, печать)
- Терезені жабу батырмасының аты (жабу, закрыть)
- Дүниежүзілік компьютерлік желі (интернет)
- Кез – келген символдар жиынтығы (мәтін)
ІІІ. Тапқыр болсаң, шешіп көр (жұмбақтар шешу)
- Экранның бетінде оның тұрағы,
Қашан көрсең жыпылықтап тұрады. (курсор)
- Ұзын тұра жалқаубек, тұрамй ылғи жатады. (бос орын)
- Бұрқыратып қағазға, жазғаныңды басады,
Жұмысыңды көргенде, көңілің сенің тасады . (принтер)
- Бұтақ орнында мың бір инесі , Компьютер жаны оның мекені . (кактус)
- Ақпараттар ағынын , есінде мол сақтайды,
Оқушының сенімін, ол әр кез ақтайды. (процессор)
- Кішкене ғана саусаққа, ұқсайды ма білмеймін
Сақтай алар өзіне, барлық қызық дүниені . (флешка)
Ү. «Шырқау» бөлімі
- «Біз сурет сала аламыз…»
( активстудио құралын, кітапханасын пайдалана отырып, сурет салу)
- Мерекелік құттықтаулар
( Әркім өз компьютеріне жазуы керек)
ҮІ. «Жерұйық» бөлімі . Жаңа сабақты қорытындылау
Электронды оқулық (6 модуль)
№5 Стандартты құралдар үстелінде орындалатын амалдар
№6 Пішімдеу құралдар үстелінде орындалатын құралдар
№7 Мына батырмалардың қайсысы Стандартты үстел құрамына кірмейді?
№8 Мына батырмалардың қайсысы Пішімдеу үстел құрамына кірмейді?
ҮІІ. Үйге тапсырма 7.4-7.5 тақырыпты оқу
ҮІІІ. Бағалау.