Excel-де жүргізілетін қарапайым амалдар. Автотолтыру әдісімен мәліметтерді енгізу
Тақырыбы: Excel-де жүргізілетін қарапайым амалдар. Автотолтыру әдісімен мәліметтерді енгізу
- Excel программасын іске қосыңыз (Пуск→Программы→Microsoft Excel)
- Жаңа жұмыс кітабын даярлаңыз(Файл→Создать)Оны Кітап.xls деген атпен сақтап қойыңыз(Файл→Сохранить как).
- Таңбашасына шерту арқылы қолданылмаған жұмыс парағын таңдап алыңыз немесе жаңасын құрыңыз(Вставка→Лист). Жаңа парақтың таңбашасына екі рет шертіңіз және оны Автотолтыру деп атаңыз.
- А1:В7 ауқымына әр түрлі бүтін сандар енгізіңіз.
- Осы ауқымды ерекшелеп алып, оған Түзету→Тазарту→Ішіндегі (Правка→Очистить→Содержимое) командасын орындаңыз. Болған өзгеріске назар аударыңыз.
батырмасын басу арқылы бұрын енгізілген мәндерді қайта қалпына келтіріңіз.
- А1:В7 ауқымын ерекшелеп алып, оны Түзету→Көшіру(Правка→Копировать) командасының көмегімен алмасу буферіне орналастырыңыз.
- Алмасу буферіндегі мәліметтерді G5 ұяшығына апарып қойыңыз (Түзету→Кірістіру (Правка→Вставить)).
- G5:Н8 ауқымын ерекшелеп алып, Түзету→Қиып алу (Правка→Вырезать) командасының көмегімен қиып алып, С8:D12 ауқымына апарып қойыңыз.
- С15:L15 ауқымын автотолтыру көмегімен 2003 санымен тотырыңыз, ол үшін 2003 санын С15 ұяшығына енгізіп, сол ұяшықты ағымдық етіп алыңыз да, тышқанның нұсқағышын толтыру маркерін L15 ұяшығына дейін созыңыз.
- Осылайша 2004 санын А15:А25 ауқымына тігінен толтырыңыз.
- Кітап.xls жұмыс кітабын сақтап қойыңыз.