Кесте және диаграмма тұрғызу
Тақырыбы: Кесте және диаграмма тұрғызу
Пәннің аты | Сынып | |||||
11 | 10 | 9 | 8 | 7 | 6 | |
Тарих | 97 | 85 | 92 | 98 | 84 | 93 |
Информатика | 85 | 90 | 91 | 85 | 92 | 88 |
Қазақ тілі | 92 | 87 | 88 | 93 | 86 | 95 |
Шет тілі | 93 | 89 | 84 | 80 | 82 | 85 |
Жоғарыдағы кестеде мектептегі оқушылардың 2- тоқсандағы сабақ үлгерімі (пайызбен алынған) келтірілген. Осы зертханалық жұмыста берілген кестені және оның негізінде диаграмма тұрғызу қажет.
- Microsoft Word программасын іске қосыңыз.
- Кәдімгі (Обычный) үлгі негізінде жаңа құжат құрыңыз.
- Кесте→Кірістіру→Кесте (Таблица→Вставка→Таблица) командасымен 6 жолдан және 7 бағаннан тұратын негізгі кестені тұрғызыңыз.
- Бірінші бағанның жоғарғы екі ұяшығын ерекшелеп алып, Кесте→ Ұяшықтарды біріктіру (Таблица→объединить ячейки) командасымен оларды біріктіріңіз. Екінші бағаннан жетінші бағанға дейінгі ұяшықтардың бірінші жолдарын да осылай біріктіріңіз.
- Тышқан нұсқағышының көмегімен бағандардың енін суретте көрсетілгендей етіп өзгертіңіз. Тышқан нұсқағышын қажетті түзуге тақаған кезде ол пішінін өзгертеді, сол мезетте оны қалауыңыша оңға немесе солға жылжытасыз.
- Көрсетілген үлгі бойынша кестені толтырыңыз.
- Топ атаулары енгізілген ұяшықтарды ерекшелеп алып, оның жанама менюінен Мәтіннің бағыты (Направление текста) командасын орындаңыз. Пайда болған Мәтіннің бағыты (Направление текста) сұхбат терезесінен үлгідегідей тік бағытты таңдап алыңыз.
- Кесте→Ерекшелеу→Кесте (Таблица→Выделить→Таблица) командасының көмегімен кестені ерекшелеп, алмасу буферіне орналастырыңыз.
- Кірістіру (Вставка)→Объект→Диаграмма Microsoft Graph 2000 командасымен негізгі диаграмманы құжатқа апарып қойыңыз.
- Диаграмманың негізгі кестесін ерекшелеп алып, Түзету→Кірістіру (Правка→Вставка) командасының көмегімен негізгі кестедегі мәліметтерді өз кестеңіздегі мәліметтермен ауыстырыңыз.
- Мәліметтерді ауыстырғаннан соң диаграммадағы өзгерістерді көруге болады.
- Диаграмманы ерекшелеп алып, оның жанама менюінен Диаграмма типі бөлімін таңдап алыңыз. Осы терезедегі құралдарды пайдалана отырып, диаграмманың басқа типтерін тұрғызып көріңіз.
- Ашылған терезелерді жауып, дайын болған құжатты \Менің құжаттарым (Мои документы) қаптамасында сақтап қойыңыз.