Қатқыл дискіні тексеру
Тақырыбы: Қатқыл дискіні тексеру
- Дискіні тексеру программасын іске қосыңыз (Пуск→Программы→Стандартные→Служебные→Проверка диска).
- Дискілер тізімінен С:дискісін таңдаңыз.
- Қосымша (Дополнительно) батырмасын басыңыз және файлдық жүйенің логикалық құрылымын тексеру кезінде программа қолданатын баптау істерімен танысыңыз. Дискіні баптаудың қосымша параметрлері сұхбат терезесін Болдырмау (Отмена) батырмасын шерту арқылы жабамыз.
- Толық (Полное) ауыстырып-қосқышын→ орнатыңыз және Баптау (Настройка) батырмасын басыңыз.
- Дискінің магнитті бетін тексеру кезінде программа қолданатын баптау істерімен танысыңыз. Дискінің бетін тексеру режімі (Режим проверки поверхности диска) сұхбат терезесін Болдырмау (Отмена) батырмасын шерту арқылы жабамыз.
- Стандартты ауыстырып-қосқышын орнатыңыз. Қателерді автоматты түрде түзету жалаушасын алып тастаңыз.
- Жіберу (Запуск) батырмасын басыңыз және тексеру істерін бақылаңыз.
- Дискідегі қатені тапқан жағдайда қате туралы хабармен танысыңыз және берілген түзету нұсқаларының ішінен қатені елемей, жұмысты әрі жалғастыратын нұсқаны таңдаңыз.
- Тексеру нәтижесі туралы терезені жабыңыз. Дискіні тексеру программасында Жабу (Закрыть) батырмасы арқылы жабыңыз.