Түйінді сөз бойынша ақпарат іздестіру
Тақырыбы: Түйінді сөз бойынша ақпарат іздестіру
- Internet Explorer программасын іске қосыңыз.
- Адрестік жолдың өрісіне келесі URL-адресті енгізіңіз:www.rambler.ru – Рэмблэр іздестіру жүйесінің титулдық беттерінен жүктеу басталады.
- Жүктелген бетке назар аудара қарап шығып, түйінді сөздерді енгізетін өрісті (Поиск) және іздеу салу батырмасын (Поиск) табыңыз. Біз компьютерге арналған Web-беттерді іздестірейік.
- Түйінді сөздерді енгізу өрісіне компьютер сөзін енгізіңіз.
- Іздеу (Поиск) батырмасын шертіңіз.
- Іздеу нәтижесін қарап шығып, ең алғаш Web-беттегі іздестіру нәтижесіне назар аударыңыз.
- Түйіндес сөздерді енгізу Сети сөзін енгізіп, Іздеу батырмасын шертіңіз.
- Web-беттегі іздестіру нәтижесіне назар аудара отырып, іздеу нәтижесін қарап шығыңыз.
- Түйіндес сөздерді енгізу өрісіне Компьютерные сети сөзін енгізіп, Іздеу батырмасын шертіңіз.
- Табылған Web-беттердің сан мөлшерін жазып қойыңыз. Неге Компьютерные сети сөзі бар беттің саны, Компьютер сөзі бар және Сети сөзі бар беттердің санынан аз екендігін түсіндіріңіз.
- Түйіндес сөздерді енгізу өрісіне компьютер OR сети сөзін енгізіп, Іздеу батырмасын шертіңіз. (Бұл жағдайда OR сөзі – іздеуге арналған түйіндес сөз емес, немесе деген логикалық оператор).
- Табылған Web-беттердің санын жазып қойыңыз.
- Артқа (Назад) навигациялық батырмасының көмегімен Компьютерные сети түйіндес сөзінің іздеу нәтижесіне оралыңыз. Табылған Web-ресурстардың тізімін қараңыз. Бірінші болып тұрған гиперсілтемені шертіңіз. Құжат жүктелуін күтіңіз және оның тиімділігін бағалаңыз.
- Артқа (Назад) навигациялық батырмасының көмегімен алдыңғы Web-бетке оралыңыз және екінші гиперсілтемені пайдаланыңыз. Құжат жүктелуінің аяқталуын күтіп және оның тиімділігін бағалаңыз.