«Информатика» пәнінен оқу бағдарламасы Күнтізбелік жоспар
Пәні: Информатика
Пән мұғалімі: Э.Ашимова
Сыныбы: 6
Сағат саны: 51
Бағдарлама: ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін мектептің
5-9 сыныптарына арналған «Математика және информатика» білім саласы пәндерінің оқу бағдарламалары –Астана,
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы.
«Информатика» пәнінен оқу бағдарламасы Күнтізбелік жоспар
Түсінік хат
- Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
- Оқытудың мақсаты информатика және қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйелеу арқылы ақпараттық құзіреттілікті қалыптастыру, әр түрлі ақпараттарды өңдеудің қарапайым бағдарламаларымен жұмыс істеу дағдылары, алгоритмдік және операциялық ойлау қабілеттерін дамыту, программалау тілдерінің бірімен, модельдеу қағидаларымен танысу болып табылады.
- Оқыту міндеттері:
- ақпарат туралы түсінікті қалыптастыру;
- есептеу техниканың және телекоммуникацияны негізгі құрылғылары пайдалану дағдыларын қалыптастыру;
- ақпараттық модельдеу, модельдеу әдістерін қолданатын негізгі салалар туралы мағлұмат беру;
- программалау тілінде негізгі базалық алгоритмдік құрылымдарды пайдалана білуге үйрету;
- ақпараттарды өңдеу бойынша ақпараттық технологиялармен жұмыс істеуге дағдыландыру;
- жобалық іс-әрекетте ақпараттық технологияларды пайдалану тәжірибесін алу;
- алгоритмдік және операциялық ойлау қабілеттерін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдары арқылы оқушылардың логикалық, математикалық, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- қауіпсіздік техника ережелерін, ақпараттық этика және құқық нормаларын сақтау дағдыларын қалыптастыру;
- оқушыларды ақпараттық мәдениетке және техникаға ұқыпты болуға тәрбиелеу.
- Информатика пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
- 5 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
- 6 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
- 7 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
- 8 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
- 9 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.
- Информатика курсын оқыту үдерісінде басқа оқу пәндерімен пәнаралық байланыстар жүзеге асады.
- Математика пәнімен пәнаралық байланыс:
- сандық, мәтіндік және графикалық ақпараттарды кодтау жасағанда сандық деректер типі туралы мағлұматты пайдалану;
- калькулятор арқылы есептеулер жүргізу;
- графикалық редактор және электрондық кесте арқылы функциялардың графиктерін салу.
- Алгебра пәнімен пәнаралық байланыс:
- үдерістерді автоматтандыру үшін функция, формулалар, салыстыру операцияларын пайдалану;
- электрондық кесте арқылы есептеулер орындағанда математикалық білімдерін пайдалану;
- стандартты функциялармен амалдар орындағанда әртүрлі есептеулер ережелерін пайдалану;
- кестелік процессорда графиктерді салғанда координаталық жүйені пайдалану;
- есептер шығарғанда қолданылатын амалдарды іске асыру мақсатында негізгі кезеңдерді анықтау үшін математикалық логика элементтерін пайдалану;
- математикалық объектілерді зерттегенде ақпараттық көзқарасты пайдалану;
- программалау тілінде суреттерді салу үшін координаталық жүйені пайдалана отырып алгоритмдерді өндеу.
- Геометрия пәнімен пәнаралық байланыс:
- векторлық графика объектілерін құруда геометриялық фигуралармен жұмыс істеу тәсілдерін қолдану;
- әртүрлі құрылымдағы алгоритмдерді программалауда планиметрия формулаларын қолдану;
- геометриялық объектілерді модельдеу, геометриялық композицияларды құру.
- Физика пәнімен пәнаралық байланыс:
- компьютердің архитектурасын, ақпаратты кодтау, санау жүйелерін, логика элементтерін қарастырғанда электр тоқ саласынан білімге тірек жасау;
- дыбыстың, бейненің және графиктің физикалық мәніне бағдар жасау;
- физикалық үдерістерді модельдеу үшін ақпараттық технологияларды және программалау тілдерін пайдалану;
- алгоритмдерді өндеуде физикалық есептерді қарастыру;
- дербес компьютердің құрылымының жұмыс істеуінің физикалық принципі.
- Қазақ, орыс және шетел тілдерімен пәнаралық байланыс:
- информатика терминдерімен сөздік қорды байыту;
- мәтіндік материалдарды рәсімдегенде орфография және пунктуация ережелерін пайдалану;
- мәтіндік процессормен жұмыс істегенде ұлттық халық ауыз әдебиетімен байланысты мәтіндерді пайдалану;
- жоба қорғау барысында, жарыс сөздер және ауызша жауаптарда сөйлеу мәдениетін дамыту;
- операциялық жүйелерді және программалау тілін меңгеру барысында ағылшын тілін пайдалану дағдыларын қалыптастыру;
- программалау тілінің синтаксисін түсіну, компьютерлік технологияларды меңгеру, кең таралған әдебиеттерге еркін қол жетімдік;
- телекоммуникациялық ресурстар ағылшын тілін меңгеру құралы ретінде қарастыру.
- Биология пәнімен пәнаралық байланыс:
биологиялық үдерістерді кестелік процессор және программалау тілі арқылы модельдеу.
- Химия пәнімен пәнаралық байланыс:
химиялық үдерістерді кестелік процессор және программалау тілі арқылы модельдеу.
- Тарих пәнімен пәнаралық байланыс:
дербес компьютердің құралдарының дамуы мен шығуы және ақпараттарды өндеу әдістері.
- Бейнелеу өнері пәнімен пәнаралық байланыс:
- жалпы ақпараттық мәдениет элементі ретінде эстетикалық көзқарасты қалыптастыру;
- мәтіндік және графикалық редакторларын оқу барысында қазақ және басқа халқының бейнелеу өнерінің элементтерін пайдалану.
- Сызу пәнімен пәнаралық байланыс:
мәтіндік және графикалық редакторларын оқығанда ұлттық және басқа халқының бейнелеу өнерінің элементтерін пайдалану.
- Технология пәнімен пәнаралық байланыс:
- есептеулерде және шамаларды өлшегенде алгоритмдерді пайдалану;
- ақпараттық іс-әрекет технологиясын меңгеру.
Ауыспалы оқу бағдарламасының базалық мазмұны.
- 2012 жылдың 23 тамыз №1080 күнінен жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде информатика пәні 5-ші сыныптан енгізілді.
- Сабақтастық қағидасын сақтау үшін 6-8 сыныптарда информатика сабағын беру ауыспалы сипатқа ие, осыған орай 5-9 сыныптарға арналған жана оқу бағдарламасы негізінде 6-8 сыныптар үшін ауыспалы оқу бағдарламасы әзірленді, Аталған оқу бағдарлама әр сыныптың кіріктірілген материалын қамтиды, ол аталған сыныптың және одан дейінгі сыныпта оқитын материалдардан тұрады, яғни 6-сыныпқа арналған оқу бағдарламасы 5-6 сыныптың базалық мазмұның, 7-сынып – 5-6-7 сынып оқу материалдарын, 8-сынып – 6-7-8 сыныптарының оқу материалдарын, 9-сынып – 2011-2013 оқу жылдарында өткен 7-8 сыныптардың оқу материалдарын қамтиды.
- 6-9 сыныптарға арналған информатика пәні бойынша ауыспалы оқу бағдарламасы 2013-2014 оқу жылдарына ғана арналған.
- Информатика пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
- 6 сыныпта – аптасына 1,5 сағат, оқу жылында 51 сағат;
- 7 сыныпта – аптасына 1,5 сағат, оқу жылында 51 сағат;
- 8 сыныпта – аптасына 1,5 сағат, оқу жылында 51 сағат;
- 9 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.
Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны
- Кіріспе (1 сағат):техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.
- Ақпарат және ақпараттық үдерістер (4 сағат)информатика, ақпарат, ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері;ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі;вирусқа қарсы программалар, ақпаратты қорғау;ақпаратты сығу, мұрағаттау программалары.
- Компьютер (9 сағат) :компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері, пернетақта;есептеуіш техниканың даму тарихы;электронды-есептеуіш машинанық кезеңдері,
қазіргі заманғы дербес компьютердің архитектурасының даму тенденциясы,программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі; операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері; файлдар, бумалар және белгішелер;бумалар мен белгішелерді құру, атын өзгерту;объектілерді іздеу, объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою; ақпаратты жазу және санау, ақпаратты тасымалдаушылар.
- Алгоритмдеу және модельдеу (6 сағат):алгоритм және оның атқарушылары, алгоритмді жазу пішімі, блок-схемалар;алгоритм типтері: сызықты, тармақталу және циклдік алгоритмдер; модель, нақты объектің қасиеттерін бейне ретінде көрсетеді;модельдер түрлері.
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (27 сағат) :
қарапайым графикалық редакторы; суретті ашу және сақтау; графикалық редактордың сурет салу құралдары, суреттің үзінділерін ерекшелеу, суреттің үзінділерімен жұмыс, масштаб, графиктік ақпаратты өңдеу (бейнелерді масштабтау, трансформациялау), баспаға дайындау, баспадан шығару; қарапайым мәтіндік редакторы, редактор интерфейсі, мәтінді теру ережесі, мәтін бойымен жылжыту, мәтіннің үзіндісін ерекшелеу;мәтінді пішімдеу және редакциялау, қаріп, абзац;графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу, аралас құжаттарды құру; калькулятор, блокнот, дыбыстық ақпаратты өңдеу, дыбысты жазу;мәтіндік процессоры жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі, құжаттарды құру және сақтау;мәтінді пішімдеудің негізгі әдіс-тәсілдері; қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтар;нөмірленген және маркерлеген тізімдер;бағандар, беттердің параметрлері, жиек, алдын ала қарау, құжатты баспадан шығару; кестелер, кестелер құру, кестелерді редакциялау, кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу; графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру, суреттер мен жазуларды пішімдеу;программа интерфейсімен танысу, презентациялар; мультимедиялық презентациялардың конструкторы, презентацияларды құру, безендіру шаблондары, мәтінді құру;кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты слайдтарға кірістіру;анимация әсерлерін баптау, презентацияларды көрсету.
6)Телекоммуникациялар (2 сағат):компьютерлік байланыстың негізгі түрлері, ауқымды ақпараттық желілер, интернет, интернетте ақпаратты іздеу, электрондық пошта.
7) Жобалық іс-әрекет (2 сағат).
- 6-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
- Оқушылардың дайындық деңгейі үш аспекті бойынша бағаланады (пәндік нәтижелер, тұлғалық нәтижелер және жүйелі-әрекеттік нәтижелер).
- Пәндік нәтижелер екі аспектімен көрсетіледі (оқушылардың білуі тиіс және меңгеруі тиіс).
- 6-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:
- қауіпсіздік техникасының ережесін;
- информатика пәні нені оқытатының;
- ақпарат ұғымын;
- ақпарат түрлерін;
- ақпаратты өңдеу тәсілдерін;
- ақпарат санының ұғымын;
- ақпараттың өлшеу бірлігін;
- ақпаратты сығу;
- мұрағаттау міндеттерін;
- вирусқа қарсы программалар туралы ұғымын;
- компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктерін;
- компьютердің бағдарламалық қамтамасыз етудің міндеттері мен түрлерін;
- операциялық жүйе түсінігін;
- операциялық жүйелерді басқару тәсілдері мен негізгі объектілерін;
- ақпараттарды тасымалдаушылар міндетін;
- есептеуіш техниканың даму тарихын;
- электронды-есептеуіш машиналардың даму кезеңдерін;
- дербес компьютердің даму архитектурасының үрдісін;
- ақпаратты енгізу-шығару құрылғыларының міндеттерін;
- алгоритм және атқарушы ұғымын;
- алгоритмді жазу формасын;
- алгоритмді блок-схема түрінде жазуын;
- алгоритм типтерін;
- модель ұғымын;
- модель түрлерін;
- графиктік редакторда жұмыс істеу тәсілдерін;
- мәтіндік редакторда жұмыс істеу тәсілдерін;
- мәтінді редакциялау және пішімдеу тәсілдерін;
- калькуляторда жұмыс істеу тәсілдерін;
- сандық, дыбыстық ақпараттарды өңдеу бойынша программаларда жұмыс істеу тәсілдерін;
- мәтіндік құжатты рәсімдеу тәсілдерін;
- мәтіндік редактордың мәтіндік процессордан айырмашылығын;
- мәтіндік процессордың интерфейсін;
- құжатты ашу және сақтау тәсілін;
- мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдерін (қаріп, абзац, шегініс, аралық, тізім);
- мәтіндік процессорда кестелерді құру және редакциялау тәсілдерін;
- бағанға мәтінді орналастыру тәсілдерін;
- мәтінге графикалық объектілерді және жазуларды кірістіру командаларын;
- слайд ұғымын, слайдтармен жұмыс істеу тәсілдерін;
- презентацияда мәтінмен, кестелермен, графикалық объектілермен, бейнемен және дыбыспен жұмыс істеу тәсілдерін;
- презентацияларды көрсетудің баптау тәсілдерін;
- компьютерлік байланыстардың түрлерін;
- Интернетте ақпаратты іздеу әдістерін;
- электрондық поштаны пайдалану салаларын;
- жобалық іс-әрекетте жұмыс істеу дағдыларын.
- 6-сыныптың соңында оқушылардың меңгеруі тиіс:
- қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтауды;
- ақпараттың түрін анықтауды;
- файлдарды мұрағаттау және мұрағаттан шығаруды;
- компьютерде вирусқа қарсы бағдарламалар арқылы ақпараттарды қорғау әдістерін пайдалануды;
- компьютердің стандартты графиктік интерфейсін қолдануды;
- файлдармен, бумалармен, белгішелермен операциялар орындауды;
- әртүрлі алгоритмдерді ауызша және графиктік түрде құруды;
- модельді нақты объектіден айыра білуді;
- модель түрлерін анықтауды;
- қарапайым графиктік редакторлар құралдарымен графиктік объектілерді салуды;
- калькулятор арқылы есептеу нәтижелерін табуды;
- дыбыстық ақпаратты жазуды;
- компьютердің құрылғыларының, енгізу-шығару құрылғыларының міндетін анықтауды;
- мәтінді теруді, редакциялауды және пішімдеуді;
- мәтіндік үзінділерімен жұмыс істеуді;қиыстырылған құжаттарды құруды;
- тізімдер (нөмірленген және маркерлеген тізім) бар мәтіндік құжаттарды құруды;
- мәтіндік құжаттарда кесте салуды;мәтінге баған орналастыруды;
- мәтіндік құжаттарға графикалық объектілерді және жазуларды кірістіруді;
- қарапайым мультимедиялық презентациялар құруды;
- слайдтардың әсерлерін және көрсетулерін баптауды;
- Интернет желісінің ресурстарын қолдануды;электрондық поштаны пайдалануды.
ИНФОРМАТИКА
6-сынып
(барлығы 51 сағ, аптасына 1,5 сағ)
№ | Тақырыптар атауы | Сағат саны | Мерзімі | Сабақтың түрі, әдісі | Іскерлік дағдыны қалыптастыру | Жаңа технологияны қолдану | көрнекілік | қайталау | Қосымша материалдар | Үйге тапсырма |
1 | Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру. | 1 | Практикалық элементтері бар, көрсетіп түсіндіру сабағы. | -компьютер сыныбындағы іс-әрекет ережелерін; -көз талғандағы жаттығуларды жасауды; -өрт сөндіргішті қолдануды; | Өзіндік дамыту технологиясы | презентация
| Интернет материалдары | |||
Ақпарат және ақпараттық үдерістер (4 сағат) | ||||||||||
2 | Информатика. Ақпарат. Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері | 1 | Пікірлесіп – түсіндіру | -тірі табиғатта, техникада, қоғам мен адам іс-әрекетінде ақпаратты жеткізу, сақтау және өңдеу тәсілдерінің мысалын келтіруді. | Сын тұрғысынан ойлау технологиясы | презентация SinKaz электронды оқулығы | ЕТ кабинетін дегі қауіпсіздік ережесін | «Информатика негіздері» журналы, Youtubeсайтынан видео | «Жаңа ақпараттық әлем» тақырыбына сурет салу | |
3 | Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі. | 1 | Пікірлесіп – түсіндіру | -ақпараттың өлшеу бірліктерін; -хабардың ақпараттық көлемін анықтауды; | Жұптасып жұмыс жасау. | Презентация | Ақпаратты өңдеу тәсілдерін. | 7 сынып оқулығы Н.Ермеков | Сөзжұмбақ құрастыру. | |
4 | Вирусқа қарсы программалар. Ақпаратты қорғау. | 1 | Практикалық элементтері бар, көрсетіп түсіндіру сабағы. | -антивирустық программалармен жұмыс істеуді меңгерту; | Проблемалық оқыту технологиясы. | Компьютер, антивирустық бағдарлама | Ақпарат көлемін анықтау есептерін шығару. | 8 сынып оқулығы Н.Ермеков, интернет материалдары. | «Вирустың таралу жолдары мен шығу тарихы» реферат жазу | |
5 | Ақпаратты сығу. Мұрағаттау программалары. | 1 | Практикалық элементтері бар, көрсетіп түсіндіру сабағы. | -мұрағаттау программаларымен жұмыс істеуді меңгерту; | Топтық оқыту технологиясы. | Компьютер, мұрағаттау бағдарламасы. | Антивирустық бағдарламалармен жұмыс жасау жолдарын. | 8 сынып оқулығы Н.Ермеков, интернет материалдары | «Ақпарат» тарауына тест тапсырмасынжасау. | |
Компьютер (9 сағат) | ||||||||||
6 | Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері. Пернетақта. | 1 | Көрсете-түсіндіру. | -Компьютердің негізгі құрылғыларымен жұмыс жасауды; -компьютерді қосуды және өшіруді. | Оқытудың компьютерлік технологиясы. | «Информатика» электронды оқулығы, Компьютер. | «Ақпарат және ақпараттық үдерістер» тарауын қайталау. | 7 сынып оқулығы Н.Ермеков, Интернет материалдары. | «Компьютер тарихы» тақырыбына реферат жазу. | |
7 | Есептеуіш техниканың даму тарихы. | 1 | Пікірлесіп-түсіндіру | -ЭЕМ-ді қоғам өмірінде қолдану мысалдарын келтіруді; | Проблемалық оқыту технологиясы. | Презентация, видеофильм | Пернетақтамен жұмыс | 7 сынып оқулығы Н.Ермеков, Интернет материалдары | Сөзжұмбақ құрастыру. | |
8 | Электронды-есептеуіш машинаның кезеңдері. | 1 | Көрсете – түсіндіру | -әртүрлі буындағы ЭЕМ мысалдарын келтіруді; -элементтік базасы бойынша қандай да бір машина қай буынға жататынын анықтауды; | Жұптасып жұмыс жасау. | Презентация, видеофильм | «Компьютер» тақырыбына тест тапсырмасы арқылы | 7 сынып оқулығы Н.Ермеков, Интернет материалдары | «Ауылшаруа шылығына компьютер не үшін керек?» т/на эссе жазу. | |
9 | Қазіргі заманғы дербес компьютердің архитектурасының даму тенденциясы. | 1 | Практикалық элементтері бар, көрсетіп түсіндіру сабағы. | -Қазіргі заманғы ДК түрлері және қолдану міндетімен танысады. | Топтық оқыту технологиясы. | «Информатика» электронды оқулығы, Компьютер. | Есептеуіш техниканың даму тарихы. | «Информатика негіздері» журналы, Youtubeсайтынан видео | «Менің қиялымдағы компьютер» тақырыбына сурет салу. | |
10 | Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі; | 1 | Практикалық элементтері бар, көрсетіп түсіндіру сабағы. | -кез келген шығыстық құрылғыны компьютерге қосуды және оны іске асыруды үйренеді; | Оқытудың компьютерлік технологиясы. | «Информатика» электронды оқулығы, Компьютер. | ДК құрылғысының қызметін қайталау. | Интернет материалдары | Семантикалық картаны толтыру. | |
11 | Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері мен обьектілері. | 1 | Көрсете – түсіндіру | -WindowsXP жүйесімен таныстыру; «Терезе» ұғымымен таныстырып, оның көлемін қалай ұлғайту және бір орынға жылжыту тәсілдерін меңгеру; | Проблемалық оқыту технологиясы. | презентация SinKaz электронды оқулығы | Пернетақтамен жұмыс | 7 сынып оқулығы Н.Ермеков, Интернет материалдары | Тақырыпты қайталау | |
12 | Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалар мен белгішелерді құру және атын өзгерту. | 1 | Практикалық элементтері бар, баяндап көрсету. | -файлдар мен бумаларды құруды; -белгішелер жасауды; | Сын тұрғысынан ойлау технологиясы | презентация SinKaz электронды оқулығы | ЕТ кабинетін дегі қауіпсіздік ережесін | «Информатика негіздері» журналы, Youtubeсайтынан видео | Тақырыпты қайталау | |
13 | Обьектілерді іздеу, обьектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. | 1 | Пікірлесіп-түсіндіру | -обьектілерді жылжыту мен көшіруді; -файлдардың, бумалардың және белгішелердің аттарын өзгертуді; -Обьектілерді жоюды; -жойылған обьектілерді қалпына келтіруді үйрену; | Жұптасып жұмыс жасау. | «Информатика» электронды оқулығы, Компьютер. | Бумалар мен белгішелерді құру және атын өзгерту. | Интернет материалдары | Тақырыпты қайталау | |
14 | Ақпаратты жазу және санау, ақпаратты тасымалдаушылар. | 1 | Көрсете – түсіндіру | -Ақпаратты тасымалдаушылармен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру; | Проблемалық оқыту технологиясы. | презентация SinKaz электронды оқулығы | ДК құрылғысының қызметін қайталау | Интернет материалдары | «Адамның ішкі және сыртқы жадысы» т/на эссе жазу. | |
Алгоритмдеу және модельдеу (6 сағат) | ||||||||||
15 | Алгоритм және оның атқарушылары
| 1 | Түсіндіру, іздендіру, салыстыру сабағы | -Алгоритм ұғымымен таныстыру, оның қасиеттерін пайдалану жолдарын және атқарушы командалар жүйелерін пайдаланып жұмыс істеуге баулу. | Сын тұрғысынан ойлау технологиясы | компьютер, интерактвті тақта, қима қағаздар, суреттер | Пернетақтамен жұмыс | 9 сынып оқулығы Н.Ермеков, Интернет материалдары | күнделікті тұрмыстағы кез келген әркет бойынша алгоритм құрып келу | |
16 | Алгоритмді жазу пішімі, блок-схемалар. | 1 | Білімді меңгерту Баяндау , сұрақ- жауап арқылы | -Оқушылардың ой — өрісін, өздігінен білім алып, ізденімпаздық жүйелеу қасиеттерін, алгоритм түрлерін пайдаланып жұмыс істей алу дағдыларын дамыту. | Проблемалық оқыту технологиясы. | Презентация
| Алгоритм және оның атқарушылары
| 9 сынып оқулығы Н.Ермеков, Интернет материалдары | Алгоритм түрлері. Графикалық бейнелеулер. | |
17 | Алгоритм типтері (сызықты, тармақталу және циклдік алгоритмдер). | 1 | Түсіндіру, іздендіру, салыстыру сабағы | -Алгоритмдерді алгоритм тілінде көрсету және оның типтерімен таныстырып, пайдалану жолдарын меңгерту. | Сын тұрғысынан ойлау технологиясы | Презентация | Алгоритмді жазу пішімі, блок-схемалар. | Интернет материалдары | Алгоритм командалары Алгоритм құрылымы | |
18 | Модель, нақты объектің қасиеттерін бейне ретінде көрсетеді. | 1 | Теориялық сабақ | -Оқушыларды «модель» ұғымымен таныстыру, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын меңгерту. | Проблемалық оқыту технологиясы. | компьютер, интерактвті тақта, қима қағаздар, суреттер | Алгоритм типтері | 9 сынып оқулығы Н.Ермеков, Интернет материалдары | Тақырыпты қайталау | |
19 | Модельдер түрі. | 1 | Түсіндіру, іздендіру, салыстыру сабағы | -Статистикалық және динамикалық, ақпараттық, компьютерлік және компьютерлік емес модельдер жөнінде түсінік беріп, жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру. | Сын тұрғысынан ойлау технологиясы | Презентация
| Пернетақтамен жұмыс | Интернет материалдары | Тақырыпты қайталау | |
20 | Өздік жұмысы | 1 | Практикалық сабақ | — Оқушыларға модельдер және модельдеу туралы түсінік бере отырып ой – өрістерін, білім – білік дағдыларын қалыптастыру. | Жекелеп оқыту технологиясы | компьютер, қима қағаздар | Модельдер түрі. | «Информатика негіздері» журналы
| Тарауды қайталау | |
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (27 сағат) | ||||||||||
21 | Қарапайым графикалық редакторы. | 1 | Практикум элементтері бар, көрсете-түсіндіру; | -графикалық редакторды іске қосуды; -сурет салуды және оларды редакциялауды; | Проблемалық оқыту технологиясы. | Презентация | Тышқанмен жұмыс | 7 сынып оқулығы Н.Ермеков, Интернет материалдары | Тақырыпты қайталау | |
22 | Суретті ашу, сақтау. Графикалық редактордың сурет салу құралдары. | 1 | Практикум | -графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету; -графикалық редактор құралдарымен сурет салу дағдыларын қалыптастыру; | Жекелеп оқыту технологиясы | компьютер, қима қағаздар | Қарапайым графикалық редакторы. | «Информатика негіздері» журналы
| Тақырыпты қайталау | |
23 | Суреттің үзінділерін ерекшелеу. Суреттің үзінділерімен жұмыс. | 1 | Практикум | -үзінділерді белгілеуге және олармен әртүрлі әрекеттер орындауға үйрету; -үзіндіні көшіруге, жылжытуға, көбейтуге және жоюға үйрету; | Оқытудың компьютерлік технологиясы. | компьютер, қима қағаздар | Графикалық редактордың сурет салу құралдары. | 7 сынып оқулығы Н.Ермеков, Интернет материалдары | Тақырыпты қайталау | |
24 | Графиктік ақпаратты өңдеу (бейнелерді масштабтау, трансформациялау), баспаға дайындау. Баспадан шығару. | 1 | сұрақ – жауап, ой – қозғау, топпен жұмыс | -Графикалық редактормен жұмыс істеу кезінде практикалық біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру; -Редактордың құрал – саймандарын дұрыс пайдалана білу және командаларды орындай алу қызметін меңгерту; | Сын тұрғысынан ойлау технологиясы | Интерактивті тақта, үлестірмелі тапсырма. | Қарапайым графикалық редакторы. Тышқанмен жұмыс.
| 7 сынып оқулығы Н.Ермеков, Интернет материалдары | Тақырыпты қайталау | |
25 | Практикалық жұмыс. | 1 | қорытынды сабақ | -Оқушылардың өткен тарау бойынша білімдерін нығайту, бір жүйеге келтіріп қорыту, теориялық білімін практикамен ұштастыру. | Проблемалық оқыту технологиясы. | компьютер, қима қағаздар | Қарапайым графикалық редакторы. Тышқанмен жұмыс. | «Информатика негіздері» журналы
| Тақырыпты қайталау | |
26 | Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі. Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту. Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу. | 1 | Практикум элементтері бар, көрсете түсіндіру; Зертханалық жұмыс; | -Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.WordPad мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға, сақтауға үйрету. | Сын тұрғысынан ойлау технологиясы | Интерактивті тақта,WordPad редакторы, карточкалар. | Пернетақтамен жұмыс | 7 сынып оқулығы Н.Ермеков, Интернет материалдары | Тақырыпты қайталау | |
27 | Мәтінді редакциялау және пішімдеу. Қаріп. Абзац. | 1 | Демонстрация лық көрсетілім көмегімен түсіндіру. жаңа сабақты меңгерту. | — пішімдеу тақтасы мен сызғышты қолдана отырып, құжатты пішімдеуге үйрету; | Проблемалық оқыту технологиясы. | Интерактивті тақта,WordPad редакторы, карточкалар. | Мәтінді теру ережесі. Пернетақтамен жұмыс. | «Информатика негіздері» журналы
| Тақырыпты қайталау | |
28 | Графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу. Аралас құжаттарды құру. | 1 | Практикум элементтері бар түсіндірмелі- көрнекілікті зертханалық сабақ; | -Оқушыларды мәтіндік құжаттарды кластарға бөлумен және оларды компьютерде өңдеу технологиясымен таныстыру. -Оқушылардың теориялық білімдерін практикамен ұштастыру. | сұрақ-жауап, деңгейлеп оқыту, топпен және жеке жұмыс | компьютер, интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар | Мәтінді теру ережесі. Пернетақтамен жұмыс. | 7 сынып оқулығы Н.Ермеков, Интернет материалдары | Тақырыпты қайталау | |
29 | Калькулятор. | 1 | Ақпараттық сабақ. | -Калькулятор бағдарламасының көмегімен қарапайым және күрделі есептеулерді шешуге, калькулятор бағдарламасының негізгі мүмкіндіктері туралы айту және қосымша ақпаратпен білімдерін толықтыру | Алгоритмдік әдіс | Дербес компьютер, электрондық оқулық, Интерактивті тақта, тест тапсырмалары | Графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу. | Интернет материалдары | Қарапайым және инженерлік калькулятордың батырмаларын қайталап, оларға түсінік беру. | |
30 | Блокнот. | 1 | Практикалық, дәстүрлі сабақ | -Оқушыларды компьютермен жұмыс істеуге, блокнот программасын, оның мүмкіндіктерін білуге үйрету. | Сұрақ-жауап, тапсырмалар, практикалық жұмыстар | Интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, оқулық, карточкалар | Калькулятор бағдарламасы | «Информатика негіздері» журналы, Интернет материалдары.
| Блокнот бағдарламасы. | |
31 | Дыбыстық ақпаратты өңдеу. Дыбыс жазу | 1 | Практикум элементтері бар, көрсете-түсіндіру; | -Компьютердің дыбысты өңдеу мүмкіндіктерімен таныстыру; | Оқытудың компьютерлік технологиясы. | Интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, оқулық | Блокнот бағдарламасы | Интернет материалдары | Тақырыпты қайталау | |
32 | Мәтіндікпроцессоры жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі. Құжаттарды құру және сақтау | 1 | түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап | -Оқушыларға MS Word мәтіндік процессорымен жұмыс істеуді үйрету; | Алгоритмдік әдіс | электрондық оқулық, интерактивтік тақтасы, | Дыбыстық ақпаратты өңдеу. Дыбыс жазу | SinKazэлектронды оқулығы «Информатика» оқулығы 8 сынып | Тақырыпты қайталау | |
33 | Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс-тәсілдері. Қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтар. | 1 | түсіндірмелі – практикалық сабақ | -Мәтінді пішімдеу, белгілеуді, өшіруді, жылжытуды көшіруді үйрету; жол аралығын және абзац аралығын тағайындауды үйрету.. | Сұрақ-жауап, тапсырмалар, практикалық жұмыстар | электрондық оқулық, интерактивтік тақтасы, | Мәтіндік процессоры жайлы жалпы мағлұмат | 8 сынып оқулығы Н.Ермеков, интернет материалдары. | Тақырыпты қайталау | |
34 | Нөмірленген және маркерлеген тізімдер. Бағандар. | 1 | Практикум элементтері бар түсіндірмелі- көрнекілікті зертханалық сабақ; | -мәтіндік құжат беттерін нөмірлеуге үйрету; | Алгоритмдік әдіс | интерактивтіктақтасы, «Информатика» оқулығы 8 класс | Мәтінді теру ережесі. Пернетақтамен жұмыс. | Интернет материалдары | Тақырыпты қайталау | |
35 | Беттердің параметрлері. Жиек. Алдын ала қарау. Құжатты баспадан шығару. | 1 | түсіндірмелі – практикалық сабақ | -Мәтіндік құжатты баспаға шығаруға үйрету; | Оқытудың компьютерлік технологиясы. | Интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, оқулық | Мәтінді теру ережесі. Пернетақтамен жұмыс. | 8 сынып оқулығы Н.Ермеков, интернет материалдары. | Мәтіндік процессоры жайлы жалпы мағлұмат | |
36 | Практикалық жұмыс | 1 | Қайталау, пысықтау сабағы. | -Мәтіндік құжаттарды форматтау, құжат құру кезінде автотекст қолдану, бетті колонкаларға бөлу дағдыларын қалыптастыру. | Сұрақ-жауап, тапсырмалар, практикалық жұмыстар | электрондық оқулық, | Мәтіндік процессоры жайлы жалпы мағлұмат | Интернет материалдары «Информатика» оқулығы 8 сынып | Тақырыпты қайталау | |
37 | Кестелер. Кестелер құру. Кестелерді редакциялау. | 1 | Дәстүрлі түсіндірмелі-көрнекілікті сабақ | -Оқушыларға кесте құруды, ұяшықтарды қосып, алуды, біріктіруді үйрету. Жақтауларды қоюды үйрету. Диаграмма қосуды үйрету дағдыларын қалыптастыру. | Сын тұрғысынан ойлау технологиясы | Практикалық жұмыс жазылған карточкалар, презентация | Тышқанмен жұмыс. | SinKaz электронды оқулығы | Мәтіндік процессоры жайлы жалпы мағлұмат | |
38 | Кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу. | 1 | зертханалық сабақ; | -Оқушылардың кестемен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. | топпен және жеке жұмыс | интерактивті тақта, компьютерлер. | Тышқанмен жұмыс. | Интернет материалдары | Тақырыпты қайталау | |
39 | Практикалық жұмыс. | 1 | Қайталау, пысықтау сабағы. | -Құжат құру кезінде тізім құру тәсілдерін, дата мен уақытты енгізуді, арнайы символдарды енгізу әдістерін меңгерту.
| сұрақ-жауап, деңгейлеп оқыту | компьютер, оқулық, интерактивті тақта, тест жұмыстары. | Мәтінді теру ережесі. Пернетақтамен жұмыс. | SinKaz электронды оқулығы | Диаграммаларды құру, редакциялау және форматтау | |
40 | Графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру. | 1 | практикум элементтерінің көмегімен демонстрация | -MS Word құжатына суреттерді кірістіру туралы білімдерін қалыптастыру; | Интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, оқулық | Мәтінді теру ережесі. Пернетақтамен жұмыс. | 8 сынып оқулығы Н.Ермеков, интернет материалдары. | Суреттермен жұмыс істеу | ||
41 | Суреттер мен жазуларды пішімдеу | 1 | баяндау арқылы түсіндіру. | -графикалық обьектілерді біріктіру туралы білімдерін қалыптастыру; | электрондық оқулық, | Мәтіндік процессоры жайлы жалпы мағлұмат | Интернет материалдары «Информатика» оқулығы 8 сынып | Тақырыпты қайталау | ||
42 | Өздік жұмысы | 1 | Қорытынды, қайталау. | -Оқушылардың құжат құруда аталған мүмкіндіктерді қолдану дағдыларын қалыптастыру. | Сұрақ-жауап, тапсырмалар, практикалық жұмыстар | Практикалық жұмыс жазылған карточкалар, презентация | Тышқанмен жұмыс. ЕТ кабинетін дегі қауіпсіздік ережесі. | SinKaz электронды оқулығы | Тақырыпты қайталау | |
43 | Программа интерфейсімен танысу Презентациялар. Мультимедиялық презентациялардың конструкторы. | 1 | Түсіндіру сабақтары | -Power Point мүмкіндіктерін пайдаланып презентация құрастыруды үйрету. | сөздік, көрнекі, практикалық жұмыстар | компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары | Н.Ермеков, Информатика 10 сынып оқулығы, журналы. Информатика негіздері | Тақырыпты қайталау | ||
44 | Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары. | 1 | Саяхат сабақ | -Презентация құруда слайтармен жүйелі жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру | түсіндірмелі — баяндау, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, саяхат жасау | Компьютерлер, Интерактивті тақта | Мультимедиялық презентация лардың конструкторы | Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері | Тақырыпты қайталау | |
45 | Кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру. | 1 | Ақпараттық сабақ. | — Оқушыларға Power Point терезесінің элементтерін, Power Point программасын іске қосу және презентация құрудың тәсілдерін таңдауды меңгерту. | Алгоритмдік әдіс | компьютер, интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар | Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары. | Н.Ермеков, Информатика 10 сынып оқулығы, журналы. Информатика негіздері журналы. . | ||
46 | Анимация әсерлерін баптау. Презентацияларды көрсету | 1 | Жарыс сабақ | -Оқушыларғаслайдтарды қою, өшіру және қосуды, гиперсілтеме орнатуды меңгерту. | Оқытудың компьютерлік технологиясы. | Кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру. | Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері | «Ғарыш сапары» тақырыбында презентация жасау. | ||
47 | Практикалық жұмыс | 1 | Сынақ сабақ | — Презентация құруда слайтармен жүйелі жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру | сөздік, көрнекі, практикалық жұмыстар | Практикалық жұмыс жазылған карточкалар, презентация | Тышқанмен жұмыс. ЕТ кабинетін дегі қауіпсіздік ережесі. | Тарауды қайталау | ||
Телекоммуникация (2 сағат). | ||||||||||
48 | Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері. Ауқымды ақпараттық желілер. | 1 | баяндау арқылы түсіндіру. | -Оқушыларға ауқымды компьютерлік желі, желідегі серверлердің атқаратын қызметі, Интернет желісі туралы түсінік беру. | Сын тұрғысынан ойлау технологиясы | Компьютерлер, Интерактивті тақта | Н.Ермеков, Информатика 10 сынып оқулығы, журналы. Информатика негіздері журналы. . | Тақырыпты қайталау | ||
49 | Интернетте ақпаратты іздеу. Электрондық пошта. | 1 | Қорытынды, қайталау. | -Интернеттен ақпарат іздеу және алу, электрондық поштамен жұмыс істей білуге үйрету; | түсіндірмелі — баяндау, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, саяхат жасау | Компьютер. Интерактивті тақта, Ауқымды желі. | Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері | Тақырыпты қайталау | ||
Жобалық іс-әрекет (2 сағат) | ||||||||||
50 | Қорытынды жобаларды әзірлеу | 1 | -Жобалық іс-әрекетте жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру; | сұрақ-жауап, топпен жұмыс, саяхат жасау | Компьютерлер, Интерактивті тақта | Интернет материалдары | ||||
51 | Жобаны қорғау | 1 | Конференция сабақ |