ЕхсеІ- дегі мәліметтер базасы.Диаграммалар.Есептеулер. Практикалық жұмыс

Программадағы бөлімі: ЕхсеІ программасын қолдану.

Сабақтың тақырыбы:  ЕхсеІ- дегі мәліметтер базасы.Диаграммалар.Есептеулер.     Практикалық жұмыс

Сабақтың мақсаты:     1.Алдыңғы өтілген тақырыптар мен ЕхсеІ бөлімін

қайталау, оқушылардың сонда алған білімдерін

тексеру. Оқушыларды осыған дейінгі біліммен

хабардар етіп қана қоймай,  жаңа тапсырмалар беру

арқылы білімді қалыптастыра отырып алған

білімдерін бекіту.

  1. 2. ЕхсеІ программасында мәліметтерді енгізу,

формулаларды және функцияларды пайдалану,

енгізілген мәлімет арқылы диаграмма құруға

машықтандыру.

  1. Компьютерлік технологияны тиімді пайдлану

арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, өз

бетінше жұым істеуге дағдыландыру, әр түрлі

мәліметтер қорын, математикалық, физикалық,

экономикалық, статистикалық есептер шығаруға

үйрену.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Сабақ әдісі: Жаттықтыру сабағы, / практикум/

Оқушылардың танымдық іс — әрекетін ұйымдастыру тәсілі бойынша:

мәліметтер қорын, математикалық, физикалық

экономикалық, статистикалық есептер шығару.

Оқыту формалары: жеке

Құрал- жабдықтар, көрнекі құралдар: Дербес компьютерлер, компьютерлік Microsoft Front Page бағдарламасынан жасалған электрондық оқулық, интерактивті тақта, тест сұрақтары, үлестірмелі топшамалар, оқулық, жұмыс дәптері.

 

Сабақ жоспары:

1.Компьютерлік сыныптағы қауіпсіздік ережесінен қысқа нұсқау.

2.Алдыңғы сабақ өтілген материалды оқушылардың қалай игергенін білу

үшін. «Бекіту сұрақтары» интерактивті тақтадан

көрсетіп бекіту

3.Оқушылардың компьютерде отырып жасайтын топшаларды үлестіру.

4.Оқушылардың топшамалардағы тапсырмаларды орындауы.

5.Жасалған пратикум бойынша. тест сұрақтарын орындау

6.Жасалған практикум бойынша оларға қою, үйге тапсырма.

 

Сабақ өту барысы:

  • Амансыздарма, балалар!
  • Мұғалім: Алдыңғы өткен теориялық сабақта біздер Ехсел программасының көптеген мүмкіншіліктерін айтып,оған біршама тапсырмалар орындадық. Кейбіреуін есімізге сүріп, шолып өтейік.

1- сұрақ: Бұл программа не үшін қажет ?

Жауап :Таблицаларыр, графиктер және диаграммалар құру үшін.

 

2-сұрақ Таблицада анықталған формуланы бойынша автоматты есептеуді қалай іске қосамыз?

Жауап: Ұяшыққа «=» белгісін, керекті ұяшық адресін және керекті амалды қою арқылы іске асырамыз. Және керекті формуланы, функцияларды табу үшін «Вставка» батырмасын пайдалануға болады.

 

3 –сұрақ ЕхсеІ- де қандай команданың көмегімен график және диаграмма тұрғызуға болады.

Жауап: «Мастер диаграммасы» батырмасының көмегімен тұрғызамыз.

 

Өткен материалдарды қайталау

(Тест сұрақтары арқылы тексеремін, әр компьютер тест сұрақтары орнатылған)

Тест сұрақтары

І нұсқа

  1. Microsoft Excel – электрондық кестесін қалай ашамыз?

А) Іске қосу  — программалар — Microsoft Excel

Б)  Іске қосу  — программалар – стандартты  — Microsoft Excel

В) Іске қосу  — құжаттар — Microsoft Excel

  1. Диаграмма қандай элементтерден тұрады?

А) Тор, тақырып

Б) Тор, тақырып, аңыз

В) Тақырыптан

  1. Жаңа бет қосу үшін

А) Файл – лист

Б) Вставка – лист

В) Формат – лист

  1. Ұяшықтар қалай белгіленеді?

А) А6, Ң12

Б) Д12

В) Ә15

  1. Ұяшық дегеніміз не?

А) Бағанның жалпы атауы

Б) Жолдың жалпы атауы

В) Бағана мен жолдың қиылысқан орны.

  1. Excel электрондық кесте не үшін керек?

А) Мәтіндерді еңгізу үшін;

Б) Есептерді жүргізу және диаграммаларды тұрғызу үшін;

В) Эксперимент жүргізу үшін

  1. Барлық формулалар қандай таңбалардан кейін жазылады?

А) нүктеден кейін

Б) «+» кейін

В) «=» кейін

  1. Excel программасынан шығу үшін қандай программалар орындалады?

А) Файл – параметр

Б) Файл – шығу

В) Файл — өшіру

  1. Бағана мен жолдар қалай белгіленеді?

А) A,B,C,D,E,F, т.б. және 1,2,3,4,5,6 т.б.

Б) А,И,С,М және 1,2,3,4,5,6

В) A6,D12,F15, Q4  және 1,2,3,4,5,6

  1. Бағана ені мен жолдың ұзындығын өзгерту

А) Бағананың үстіне барып тышқанды шерту керек.

Б) Кез келген жерде тышқанды шерту керек.

В) Тышқанды бағанның аты бар жолды оң жақ шекарасында орналастырып курсор қос бағдарша түріне айналғанда, сол жақ батырмасын шертіп, оны жібермей басып тұрып қажетті бағытқа өзгерту керек.

 

2.Оқушыларға үйлестіретін карточкалар.

№1

Математикалық есеп.

Y=X2

Y=2X+9  функцияларының графигін тұрғызыңыз.

№2

Математикалық есеп.

Y=-2X2+5

Y=2x2+1   функцияларының графигін тұрғызыңыз.

№3

Экономикалық есеп.

Қызметкерлердің тізімін, жалақысын, табыс салығын, зейнетақы қорын жазып, қолына алатын жалақысын есептеп, диаграмма шығару.

 

БөліміЛауазымыФамилиясы, атыАйлығыТабысы салығыЗейнетақы қорыҚолына алатыны
1ЖабдықтауДиректорАзимов асқар5600044801120
2жабдықтауМенеджерКомеков Асхат450003600900
3БақылауАудиторДастанова Рабиға430003440860
4БақылауСекретарьТастанова Камила230001840460
5Шару.бөлімЕден жуушыҚадырова Ардақ162001296324
6Шару.бөлімҚарауылКаримов Азим173001384346

 

 

 

 

 

№4

Статистикалық талдау.

Кестеде Қазақстан Республикасы бұқаралық құралдарының тілдер бойынша

1996 жылғы саны берілген.Осы мәліметтер негізінде әрбір категориясы

бойынша %  тік қатынасын өзі анықтайтындай етіп, жеке жеке диаграммалар

тұрғызыңыз.

Қазақстан Республикасы бұқаралық ақпарат құралдарының тілдер бойынша 1996 жылғы саны.
газеттержурналдарТеле-радиоком-паниялар
Қазақ, орыс тілдерінде4139719
Қазақ тілінде3711
Орыс тілінде4126826
Басқа тілдерде21171

 

 

 

№5

Физикалық есеп.

Төмендегі кестеде тізбек бөлігі үшін кернеүі тұрақты болғандағы, кедергінің мәнінің5 Ом<R<14Oм аралығындағы өзгерісі көрсетілген I=U\R пайдаланып ток күшін есептеңіз және графигін тұрғызыңыз.

I,A
R,Oм567891011121314
U,B20202020202020202020

 

  1. Оқушылар тапсырмаларының жауаптары./ қағазға басылған түрі/

Оқушылар тапсырмаларыныңызды аяқтаған соң дискетке көшіріп, қағазға щығарып тапсыруларыңызды сұралады.

 

 

 

 

Бекіту сұрақтары

 

  1. Microsoft Excel – электрондық кестесін қалай ашамыз?

(Іске қосу  — программалар — Microsoft Excel)

  1. Бұл программа не үшін қажет? (Таблицалар, графиктер, және диаграммлар құру үшін)
  2. Барлық формулалар қандай таңбалардан кейін жазылады? («=» кейін)
  3. Мәліметтер қорын дайындау үшін қандай команда орындау керек?

( Данные – форма   )

  1. Ұяшық дегеніміз не? (Бағана мен жолдың қиылысқан орны.)

Excel программасынан шығу үшін қандай программалар орындалады? (Файл – шығу)

  1. Excel программасын қалай сақтаймыз? (Файл — Сақтау)

Диаграмманы қалай кірістіреді? (Вставка — Диаграмма

4.Оқушыларды бағалау.

Оқушыларды бағалау кезінде сабаққа қатынасып отырған оқушылар ойымен де санасатын боламын

5.Үй тапсырмасы.

Өздеріңіздің жасаған жеке тапсырмаларыңызды тексеріп, саралап келіңіздер және дәптерлеріңізге сол туралы отчет жазыңыздар.