Microsoft Word бағдарламасы

10 сынып

Дайындаған: Информатика пәнінің мұғалімі Тлеубаева Гүлмира Қайроллақызы

 

Сабақтың тақырыбы:Microsoft Word бағдарламасы

 

Сабақтың мақсаты:
  1. Білімділік. Microsoft Word бағдарламасы бойынша алған білімдерін тереңдету, жалпылау және жүйелеу.
  2. Дамытушылық. Логикалық ойлауын, таңымдық қызығушылығын, оқушылардың ақыл-ойын жан-жақты дамыту, дүниетанымын кеңейту, компьютерлік сауаттылығын арттыру.
  3. Тәрбиелік. Жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа ұйрету.

 

Сабақтың түрі:

 

Қорытыңды жинақ сабағы. Информатик-бизнесмен ойыны түрінде.
Әдісі:әңгіме, түсіндіру, баяндау, салыстыру, модельдеу, талдау, машық жұмысы.
Көрнекілігі:Компьютер, плакаттар, презентация
Пәнаралық байланыс:Математика, экономика, бейнелеу өнері, халықтық педагогика

 

Сабақтың барысы:

 

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар бүгінгі сабағымызда еліміздегі Банктар туралы ой қозғайтын боламыз. Ал одан бұрын сәл шегініс жасап, өткен сабақтарда алған білімімізді тиянақтап еске түсірейік.

ІІ. Microsoft Word бағдарламасы бойынша алған білімдерін тексеру, жүйелеу.

А) 1-сұрақ: Компьютер көмегі арқылы мәтіндік құжат жасаудың мүмкіндіктері неде?

  • мәтіндегі өзгерістерді тез және қарапайым түрде енгізуге болады;
  • мәтіндегі қателерді қалауымызша өзгертуге болады, олар байқаусыз болады;
  • қалауымызша көшірмелер жасауға болады;
  • мәтінге сурет, сызба және т.б. қоюға болады
  • компьютер жадында мәтінді сақтауға болады және алдағы кез келген уақытта қолдануға болады.

 

Яғни, біз айта аламыз, ДК-де мәтінді құжаттар құрайтын арнайы бағдарламалар қажет деп. Қазіргі кезде бірде-бір құжат қолдан жасалынбайды, олар электронды түрде арнайы бағдарламалар арқылы жасалады, ондай бағдарламалар Мәтіндік редакторлар.  Осындай бағдарламаның бірі-Microsoft Word.

 

2-сұрақ: Ал енді осындай керемет бағдарламалар арқылы біз қандай құжаттар жасай аламыз?

Біз хаттар, кітап, есеп, деректері бар кестелер, баяндамалар, мақалалар, рефераттар, брошюралар, шақыру билеттерін, открыткалар, пошталық хабарлар және Web-беттерін, сонымен қатар графикалармен жұмыс жасай аламыз.

ә) Презентация. Microsoft Word бағдарламасы

Word  работа с таблицей..ppt

 

Пән бойынша алған білімдерінді жалпы қайталау үшін қазір «Информатик-бизнесмен» атты ойын ойнайық. Ойын шарты мынадай: екі топқа бөлінеміз. әрбір топ банк әкімшілігі болып табылады. Бастапқы капитал 1000 доллар. Топ ойыншыларына түрлі деңгейде тапсырмалар беріледі. Жауаптарына сәйкес топ капиталы көбейеді. Ең байбанк жеңімпаз болып табылады. Енді әр топтың Президенттеріне сөз бермей тұрып, сынау үшін логикалық есептер беремін.

банк президенттері өз қызметкерлерін сайлап алады. Олар дайын бэйджиктерді: банкир, кассир, контролер, менеджер, күзетші болатын оқушыларға береді, олар кеуделеріне тағып алады.

 

Енді әр банк Президенті өз банкісі туралы әңгімелеп береді.

 

Банкирлер сайысы: Microsoft Word бағдарламасында 2030 жылы өз банкін, Қазақстан болашағын қалай елестететінің бейнелеу.

 

Бас бухгалтерлер сайысы: Жыл сайын бірнеше мың доллар таза пайда түсетін болса, 2030 жылы банк капиталы қаншаға толығады?

  1. Формула арқылы 2030 жылының таза пайдасын есептендер.
  2. Әр шоғырландырманың жылдар бойынша түсетін таза пайдасын, формула бойынша есптеңдер.
  3.  Таблицаны безендіріндер.
  4.  Диаграмма тұрғызыңдар.

 

Бухгалтерлік баланс

 

 Таза пайда түсетін шоғырландырма20082009201020202030
акциялар100000020000005000000420000012200000
Инвестициялық бағалы қағаздар500000050000007000000800000025000000
Сауда бағалы қағаздар1200000450000010000004000000
Мекемелердің кредит қаражаты2200000470000063000005000000
Клиеттер қаражаты4000000220000014000003000000
Қымбат бағала металдардан жасалатын сауда операциялары55000000710000002200000090000000

 

Бақылаушы сайысы: Microsoft Word бағдарламасында банктің Қазақстан экономикасында алатын орны, қызметкерлері туралы құжат құру.

 

р/сСуретіАты-жөніТуған жылықызметіМекен-жайы

 

  1. Таблицаны берілген түрде форматтаңдар.
  2. Таблицаны мәліметтермен толық толтырыңдар.
  3. «Суреті» деген бағанаға әр қызметкердің суретін кірістіріңдер.
  4. Таблицаның стилін өзгертіндер, безендіріңдер.

 

 

Менеджерлер сайысы: Microsoft Word бағдарламасында өз банкін ҚР-ның алдыңғы қатарлы банктердің бірі ретінде жарнамалау.

 

Күзетшілер сайысы:

  1. зейінді аудару және тұрақтылығын тексеруге арналған логикалық тапсырмалар.

Мақсаты: оперативтік есті дамыту.

Инструкция: мен сендерге 5 сан айтамын (5,2,7,1,4) сендердің міндеттерін оларды есте сақтап, содан соң бірінші санмен екінші санды оймен қосып, шыққан қосындыны жазамыз, екіншімен үшіншіні қосып, қосындысын жазамыз, үшінші мен төртіншіні қосымызда қосындысын жазамыз, төртінші мен бесіншіні қосамыз да қосындысын жазамыз, сендерде алынған және жазылған сан-4 болуы керек. Санауға 15 секунд беріледі.

 

Сандардың қатарыкілті
А) 5,2,7,1,4А)7,9,8,5
ә) 3,5,4,2,5ә)8,9,6,7
Б) 7,1,4,3,2Б)8,5,7,5
В) 2,6,2,5,3В)8,8,7,8
Г) 4,4,6,1,7Г)8,10,7,8

 

Крассворд шешу.

 

 

Президенттер сайысы: Қарсы топ Президентіне 10 сұрақ  дайындау және оның сұрақтарына жауап беру.

 

Әр банк қызметкерлері істеген жұмысын флэшкаға салып, бас компьютерге келіп, принтерден шығарып көрсетеді.

 

Қорытынды.