Олжас Сүлейменов «Қыз қуу»

Атырау  облысы  Қызылқоға ауданы  Сағыз  селосы

Кенбай  орта  мектебінің  қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі

Адилова  Гүлдана  Қалыбайқызы

Сабақтың тақырыбы:   Олжас Сүлейменов «Қыз қуу»

Сабақтың мақсаты:

БілімдікТәрбиелікДамытушылық
Халық жазушысы Олжас Сүлейменов туралы оқушылардың таным, білім көкжиегін кеңейту. Өлеңнің мазмұнын ұғындыру.Оқушыларды  ұлттық салт-дәстүрге  тәрбиелеу.Өлеңдегі негізгі ойды түсіне білуге, ой қорытуға, бейнелі сөздерді таба білу дағдыларын дамыту.

 

Сабақтың түрі:    Іскерлік пен дағдыны жетілдіру, білімді жүйелеу.

Сабақтың әдісі:     Әңгімелеу, талдау, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, жинақтау,  ойын, топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі:     Олжас Сүлейменов портреті, үлестірме қағаздар, интерактивті тақта, слайдтар.

Пәнаралық байланыс:     Қазақ тілі,халықтық педагогика.

  Сабақтың барысы:    І.   Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.   Үй тапсырмасын тексеру.

а) Олжас Сүлейменов туралы не білеміз?

б) Қандай өлеңімен таныс болдыңыздар?

в) Олжас Сүлейменов кім?

ғалым           ойшыл

 

саясаткер                                           ақын

 

 

 

қоғам қайраткері       жазушы

 

г) Қорытынды. Өлеңде көсіліп жатқан дархан далада көсіле шапқан арғымақ және осыған орай лирикалық кейіпкердің (ақынның) көл-көсір қуанышты сезімі астасып тұр. Даланың әсемдігі мен кеңдігіне, арғымақтың ұшқыр арманы, жан-сезімі, дүниетанымы, мақсат-мұраты айқын көрінеді.

  1. Жаңа сабақ.

«Қыз қуу» дегеніміз не?

Өзге халықтар сияқты қазақтыңда ертеден қалыптасқан, атадан-балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын — сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсаң ол ойын – сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс – тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесіне көңіл бөлуге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке әдемі адамгершілікке баулиды.

Соқыр теке              ақсүйек

 

 

қыз қуу                                               алтыбақан

 

 

шешеке

асық ойыны

көкпар

  1. «Қыз қуу» өлеңін мәнерлеп оқу.
  2. Өлеңнің мазмұнын ашу. (Ақынның айтпақ ойы не?)

«Қыз қуу»  қазақтың ұлттық ойыны.

  1. Топпен жұмыс І кезең.

І топ.  Өлең жолынан қыздың сөзін тап.

ІІ топ.  Өлең жолынан жігіт бейнесін құрастыр.

қайсар                        бұлбұл

 

 

 

өр                                                                           ер

 

каусар

дүлдүл

ІІІ топ. Өлең жолынан жігітке байланысты мақал-мәтел айт.

  1. Өнерлі жігіт өрге озар,

Өнерсіз жігіт жер соғар.

  1. Ақылсыз жігіт – ауыздықсыз ат.
  2. Жігіттің кеудесін көтергені – ақылы жоқтығы.
  3. Ер жігіт ел үшін туады,ел үшін өледі.
  4. Жақсы қыз — жағадағы құндыз,
  5. Жақсы жігіт – көктегі жұлдыз.

ІІ кезең.

І топ. Қайталау дегеніміз не? Неше түрге бөлінеді? Белгілі бір ұғымға назар аударту үшін бір сөзді не сөйлемді қайта-қайта айтуды қайталау деп атайды.

  1. Жай қайталау (әр жерден қайталау)
  2. Анафора (басында қайталану)
  3. Эпифора (соңында қайталану)

ІІ топ. Эпитетті табыңыздар.

ІІІ топ. Өлеңнің 1,2 – тармақтарынан Аллитерация мен Ассонанс табыңыздар.

Ассонанс –

Аллитерация –

            ІІІ кезең.

І топ. Ұлттық ойынды бейнелейтін сурет салу.

ІІ топ.  Өлең ішінен «Дүлдүл» сөзінің мағынасын түсіндір..

  1. Ерекше жүйрік жылқы, айтулы тұлпар ат. Бұл өлеңде ділмәр, шешен, батыл, батыр жігітке теңеп тұр.

ІІІ топ.  Өлең ішінен «Бұлбұл» сөзінің мағынасын түсіндір.

Бұл құс атауы. Бұл жерде жігітті құстай ұшқан, тез, шапшаң қозғалатын адам бейнесін көрсетіп тұр.

            IV кезең.

«Қыз қуу» ойыны. (бір оқушы оқиды.)

  1. Олжас Омарұлы Сүлейменов қай жылы, қай жерде дүниеге келді.

(1936ж. 18 мамыр Алматы қаласы)

  1. Ақын қандай оқу орнын бітірді.

(Қазақ мемлекеттік университетін. Мәскеудегі М.Горький атындығы Әдебиет институты)

  1. Ақынның қандай өлеңдері мен поэмалары, жинақтары бар.

(Арғымақтар, Нұрлы түндер, «Мешін жылы», …).

  1. Қандай ғылыми зерттеу еңбегі бар. (АЗиЯ)
  2. Ақынның әдеби сценарийі бойынша қандай кино фильмдер түсірілді.

(Бабалар жері, Көгілдір маршрут, Қыс- қысылшаң мезгіл, Мұхтар Әуезов туралы сөз).

Қорытынды:  «Ақын өлеңінен алған әсерім» ой толғау, эссе жазу.

Үйге: Өлеңдерін жаттау.