Графикалық редакторлар

Күні:  _______2013ж

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сыныбы:   8 «Б»

Пәні: информатика

Сабақтың тақырыбы:  Графикалық редакторлар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларды графикалық редакторлармен таныстырып, графикалық редакторлар қолданылуымен суреттерді редакциялауды үйрету;

Тәрбиелік: жан-жақты болуға,өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушылардың графикалық редакторлармен жұмыс

істеу принциптерін меңгерту арқылы теориялық білімін, ой-өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту;

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Білім мен қабілетті арттыруда қойылатын талаптар

Оқушылар білуі тиіс:

  • Компьютерлік графика деген не?
  • Компьютерлік графиканың классификациясы;
  • Кең тараған графикалық редакторлар;

Оқушылар үйренуі тиіс:

  • Графикалық редактормен жұмыс істеуді;
  • Графикалық редакторды қолданып кескінді редакциялау.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, интерактивті тақта, флипчарт, маркер, тест тапсырмалары

Сабақтың әдісі:  топтау, топтық жұмыс, Венн диаграммасы, сыни тұрғыдан ойлау, формативті бағалау, диалогтық әдіс.

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, көңіл күйлеріне қарау  және топқа бөлу.

Саламатсындар ма, балалар!

Жағдайларың қалай!

Оқушылар : Жақсы!

Сурет қиындылары бойынша оқушылар үш топқа бөлінеді;

Топ басшысын белгілеу. Топ басшыларына бағалау парағын үлестіру.

1 топ: «Paint» графикалық редакторы

2 топ: «CorelDraw» графикалық редакторы

3 топ: «Photoshop» графикалық редакторы

Мұғалім: Дайынбыз ба?

Оқушылар : Дайынбыз.

Мұғалім: Дайын болсақ 1,2,3 шапалақ  деп сабақты бастадым.

Оқушылар: 1 ,2,3 шапалақты бірдей етіп орындады.

 

ІІ. Тіреулі білімдерін жаңғыртып, қайта түзеу

Өткен сабақты бірнеше тапсырмалар арқылы қайталау

Тапсырма №1

 «Ойланып көр» сайысы

Оқушылардың  білімдерін тексеру мақсатында ашық, жабық деңгейдегі сұрақтар беріледі. Топ басшылары үй тапсырмасын бағаламайды, орнын бос қояды, оны өзім тексере отырып бағалаймын.

 

ІІІ. Мағынаны тану. Қызығушылығын  ояту.

 

Тапсырма №2.   Ребус шешу арқылы  тақырыпты  табу.

 

Жауабы:   Графикалық редакторлар

 

  • Балалар құттықтаймыз дұрыс шештіңдер.
  • Олай болса біз  «Графикалық редакторлар»    тақырыбымен  танысатын  боламыз.
  • Балалар, не қажет деп ойлайсыздар?
  • Дұрыс, компьютерде кескіндерді өңдеу үшін арнайы программалар графикалық редакторлар пайдаланылады.

 

Тапсырма №3. Видеокөрсетілім көрсетіледі

 

Тапсырма №4

Үш топқа үш түрлі тақырыптағы ресурс беріледі.

  1. Paint
  2. Photoshop
  3. CorelDraw

Берілген ресурсты топ ішінде талқылап, флипчартқа жауаптарын түсіреді, қорғайды. Қорғау уақыты 3 минут.

Постерді қабырғаға іліп, әр топ постерді бағалайды.

Бағалау өлшемдері:

  • Анықтаманы дұрыс беруі
  • Суреттердің әдемі көрініс беріп, тартымды болуы;
  • Мағынаның толық ашылуы

 

 

Оқушы ойын толықтыру.

 

Мұғалім: Графикалық  редакторлар — бұл  графикалық  кескіндерді   құруға, редакциялауға, қарап   шығуға  арналған  программалар. Қазіргі кезде компьютерлік графикамен жұмыс жасауға арналған көптеген программалық құралдар бар. Графикалық редакторларды да екі категорияға бөлуге болады: Растрлық, векторлық.

Растрлық редакторларға: Adobe  Photoshop, Сorel  PhotoPaint, Paint. Түсірілген суреттер мен жалпы суреттерді өңдеуге Растрлық редакторлар ыңғайлы

Векторлық графикалық редакторларға: Word мәтіндік  редакторына  құрамдас  графикалық  редакторды, CorelIDRAW,  Adobe IUustrator, т/б .

Компьютерлік гафиканың пайдасы:

1)Графикалық  примитивтерді (сызық,төртбұрыш  т.б) салу.

2)Кескіннің  кез  келген  бөлігін  кесіп  алу.

3)Сурет  салу, бояу.

4)Ұсақ  бөлшектерді  анықтап  зерттеу.

5)Көркем   хабарлама  дайындау.

6)Сақтау. Редакциялау.

 

Сергіту сәті. Көз, дене жаттығуларын жасау (әуен ойналып турады).

 

ІҮ. Шығармашылық жұмыс.

Тапсырма №5.  

Берілген суретті растрлық графикалық редактор көмегімен  өңдеу (жеке жұмыс)

 

(жұмыс уақыты он минут)

 

Ү. Ой толғаныс.

Тапсырма №6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осы жерде мына кестені таратып беремін:

 

  БІЛЕМ БІЛДІМҮЙРЕНГІМ  КЕЛЕДІ?

 

VІ.  Бағалау. Топ  басшылары  топ  мүшелерін  әр  тапсырма  бойынша  бағалайды.

(Мұғалімге  ұсынады)

 

р/сОқушының аты жөніҮй тапсырмасыӨз ойын жеткізуіАнықтаманы қорытып шығаруыТоппен жұмысКомпьютерді пайдалануыБарлығы
1       
2       
3       

 

 

Жауаптарын (+, — ) арқылы бағалау

 

 

 

 

VІІ. Үйге тапсырма: §16. Графикалық редакторлар.

Бақылау сұрақтары – 61 бет, практикум

 

Кері байланыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ қорытындысы: бастапқы нұсқа

 

Сабақтың жағымды жағы:

  • Оқушылар топпен жұмыс жасауға дағдыланды;
  • Оқушылар бір-бірінің жұмысына баға берді;
  • Топпен ақылдаса отырып,анықтама қалыптастырды;
  • Сыни тұрғыда ойлай білді;
  • Өз ойларын ашық айтуға дағдыланды.

 

 

  Сабақта жіберілген кемшіліктер:  

 

  • Ойлау қабілеті төмен балалар сыни ойлау сұрақтарына жауап беруге қиналды;
  • Кейбір оқушылар тақырыпты нақты аша алмады;