Мұрат, Шортанбай, Дулат жырларын салыстыру.
1-топ.
Мұрат, Шортанбай, Дулат жырларын салыстыру.
Мұрат | Дулат | Шортанбай |
Асылзада баласы Дәулеті кетіп қолынан, Қоңсысына құл болды. Асылсыздың баласы Ақшасына сүйеніп, Айтқан сөзі пұл болды. Шыр көбелек айналып, Замананың адамы, Заманың мұндай сұм болды. | Осындай заман кез болды, Ер дегенің ез болды. Қамқа, торғын бөз болды, Саф алтының жез болды. | Мынау ақыр заманда Алуан-алуан жан шықты. Арам, араз хан шықты, Қайыры жоқ бай шықты. Сауып ішер сүті жоқ, Мініп көрер күші жоқ Ақша деген мал шықты. |
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Үш ақынның толғаныстарын мұқият оқы.
2.Олардың үндестігі неде?
- Қандай проблеманы көтеріп отыр?
2-топ
Мұрат – Махамбет дәстүрін жалғастырушы.
Мұрат | Махамбет |
Бірсіндеп садақ асынған, Біріндеп жауды қашырған, Қорамсаққа қол салған, Қозыжауырын оқ алған. Атқан оғы шырқырап, Еділден өтіп жоғалған. | Беркініп садақ асынбай, а Біртіндеп жауды қашырмай, а Білтеліге доп салмай, а Қорамсаққа қол салмай, а Атқан оғы жоғалмай… а
|
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Екі ақынның өлеңдерін оқып, өршілдік рухын салыстырыңдар.
- Өлең құрылысына талдаңдар.
1-топ. «Үш қиян» толғауына талдау жасайды.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
- Мұрат ақынның тіл шеберлігіне көңіл бөліңдер.
- «Үш қиян» толғауындағы астарлы, бейнелі сөздерге мән беріңдер.
- Әдемі теңеулер мен айшықты метафораларды атаңдар.