Сәкен Жүнісов «Ақырғы бәйге»

 

 

 

Қызылорда облысы Сырдария ауданы

 №42 Қ.Баймағанбетов атындағы орта мектеп

 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Н.Ташенов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиет пәні бойынша  жүргізілетін модульдік  сабақ үлгісі

5-сынып

Тақырыбы: Сәкен Жүнісов «Ақырғы бәйге»

Тұманбай Молдағалиев «Бауырлар»

Қабдеш Жұмаділов «Қозыкүрең» (6 сағат)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиет пәні бойынша  жүргізілетін модульдік  сабақ үлгісі

 

Тақырыбы: Сәкен Жүнісов «Ақырғы бәйге»

Тұманбай Молдағалиев «Бауырлар»

Қабдеш Жұмаділов «Қозыкүрең» (6 сағат)

 

БөлімСағатСабақтың мақсаты мен түріУақыты
Кіріспе11. Модульдің құрылымымен таныстыру

2. Тірек – сызба арқылы оқу, мазмұнын  түсіндіру (лекция)

А. «Ақырғы бәйге»

Ә. «Бауырлар»

Б. «Қозыкүрең»

3. Қорытынды. Үйге тапсырма

5 минут

 

 

20 минут

5 минут

15 минут

5 минут

Сөйлесу бөлімі1 Тақырыпты меңгерту

1.       Ұйымдастыру.

2.     «Қарлы кесек» оқыта үйрету ойыны

3.   Үйге тапсырма

 

3 минут

40 минут

2 минут

2 Тақырыпты дамыту

1.     Ұйымдастыру

2.     «Бақытты сәт» ойыны

3.     «Домино» ойыны

4.     Қорытынды. Үйге тапсырма

 

2 минут

30 минут

10 минут

3 минут

3Тақырыпты пысықтау

1.     Ұйымдастыру

2.     Білім биржасы

3.     Өз жартыңды тап

4.     Қорытынды. Үйге тапсырма

 

2 минут

25 минут

15минут

3 минут

4Тақырыпты бекіту

1.     Ұйымдастыру

2.     Жарысты жалғастыр (Эстафета)

3.     «Тұлғаны таны» ойыны

4. «Бас қатырғылар базары»

4.     Қорытынды

 

2 минут

10 минут

15 минут

15 минут

3 минут

Қорытынды11.     Ұйымдастыру

2.     Тест

3.     «Футбол» ойыны

4.     Қорытынды

2 минут

20 минут

20 минут

3  минут

 

 

 

 

 

Кіріспе. №1 сабақ

Сабақтың тақырыбы:    Сәкен Жүнісов «Ақырғы бәйге»

Тұманбай Молдағалиев «Бауырлар»

Қабдеш Жұмаділов «Қозыкүрең»

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: Оқушыларға Сәкен Жүнісов «Ақырғы бәйге», Тұманбай

Молдағалиев «Бауырлар», Қабдеш Жұмаділов «Қозыкүрең»    шығармаларын түсіндіре отырып,  оқыту барысында       тақырыпты    пысықтатамын.

Ә) Тәрбиелік: Оқушыларға адамгершілік, еңбек, ақыл – ой, эстетикалық

тәрбие беремін.

Б) Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қабілетін, жылдам, мәнерлі,     сауатты оқу, жазу дағдысын шыңдаймын.

 

Қосымша пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр энцеклопедиясы
  2. С.Жүнісов. «Ақан сері» диологиясы
  3. Қ.Жұмаділов «Сәйгүліктер» романы
  4. Т.Молдағалиев «Студент дәптері»
  5. М.М.Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы»

 

Оқушы нені білу керек?

  1. Ақын, жазушылардың өмір дерегін, шығармашылығын.
  2. Ақан сері және оның Құлагері жайлы.
  3. Ақанның трагедиялық жан күйзелісінің шығармада суреттелуін.
  4. 1992 ж Алматы қаласында өткен дүние жүзі қазақтарының Құрылтайы жайлы.
  5. Шығармадағы Қозыкүрең жайы, жылқының қадір – қасиетін, ерекшелігін, қазақ халының жылқы туралы таным – түсінігін.

 

Оқушы нені меңгеру керек?

  1. Сауатты , көркем жазу, ойын жеткізе білу
  2. Әдеби тілде сөйлеп, сөз мағыналарын ажырата білу

 

Шығармашылық жұмыстардың тақырыбы:

  1. «Сәйгүлік» тақырыбына эссе жазу.
  2. Мәтін, сөз жұмбақ құрастыру
  3. Кеспелер, тест, ребус құрастыру

 

Сабақтың барысы

І.   Ұйымдастыру кезеңі

  1. Модульдің оқыту құрылымымен таныстыру;
  2. Тірек-сызба арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру
  3. Дәптер-оқулықпен жұмыс
  4. Қорытынды, үйге тапсырма

 

 

 

ІІ.  Тірек – сызба арқылы жаңа сабақты түсіндіру.

 

 

 

 

 

«Өшпейтін іздер»,

 

Л.Н.Толстойдан, С.Цвейгтан, О.Т.Гончардың «Перекоп», «Көк адыр»
«Ажар мен ажал», «Тұтқыдар», «Қызым саған айтам», «Жаралы гүлдер», «Қос анар», «Әр үйдің еркесі», «Қысылғаннан қыз болдық», «Кроссворд немесе масханадағы маскарад», «Өліара».
«Жапандағы жалғыз үй», «Ақан сері» диологиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Студент дәптері, Кәмила, Құралай, Алатау қызы, Зулайды күндер, Жаңа дәптер, Шақырады жаз мені,  Қош, көктем, Жүрек ояу қашанда, Хаттар, хаттар, Құстар қайтып келеді,  Таудан түскен сәуле т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Жас дәурен»

 

«Қаздар қайтып барады»

 

 

 

 

 

 

Көкейтесті, Соңғы көш, Атамекен,  Тағдыр, Дарабоз,  Саржайлау, Бір түп тораңғы, Қылкөпір т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Лекция

ТҰМАНБАЙ МОЛДАҒАЛИЕВ

(1935 жылы туған)

 

Тұманбай Молдағалиев Алматы облысындағы Жарсу деп аталатын ауылда 1935 жылы дүниеге келген. 1956 жылы әл-Фараби атындағы Қазақтың ұлттық университетін бітірген.

«Пионер», «Балдырған», «Жалын» журналдарында, «Жазушы» баспасында еңбек еткен.

Тұманбай Молдағалиевтің әдебиетке келген жылдары 1956 —1957 жылдар. Тұңғыш жинағы «Студент дәптері» деген атпен 1957 жылы жарық көрген. Алғашқы өлеңдерінен-ақ ақын жаңа кезең талабына сай жаңа ізденістердің бетін таныта білді.

Сыршыл лирикалары. Ол қазақ поэзиясына жаңа лепті, адам сезімін, махаббатты өзіндік бір нақышпен, нәзіктікпен, шынайы тебіреніспен беруді алып келді. Өмірдегі қандай құбылысты алса да, ақын адамның өміріне, тіршілігіне, асыл мұратына бағындырады, заманымыздың алдыңғы қатарлы идеалы тұрғысынан бағалайды. Ол әдемілікті, жарасымдықты жырлайды. Адам жанының сұлулығын іздейді. Табиғат құбылыстарынан да осыны іздеп, соған құмартады. Жыл мезгілдерін жырлай отырып, адамның көңіл күйін айтады. Әр түрлі құбылыстар, қайшылықтар, жарастықтарды сыр ғып шертіп, нақты ой түйіндейді.

Арман көп-ау жетпей жүрген жетем деп,

Туған елге қайтсем қарыз өтелмек.

Үйден шығам, үйдей жүкті мойнымнан

Бүгін тағы түсіріп қайтсам екен деп, — дейді оның лирикалық кейіпкері. Оның азаматтық парызын сезінгеніне қуанамыз. Ақынның лирикалық кейіпкерінің парасатты ойы бар, сезімі таза, гуманистік сипаты айқын, ізденгіш, қиялшыл, арманшыл жандар. Оларды сипаттауда ақын өзгені қайталамай, көбіне тапқыр, ұтқыр образдар арқылы бейнелей біледі. Оның өлеңдерінде адамда болуға тиісті табиғи сезімдер, үміт, арман, күйіну, сүйіну ризалык, өкініш, т.б. — барлығы да еш жалғаны жоқ, таза, табиғи күйінде беріледі. Соңдықтан да ақынның ой-сезімі жылы қабылданып, адам жүрегіне жол табады. Ол кейде басқалардың ұсақ-түйек деп мән беріп көз салмайтын болмашы заттан да, құбылыстан да байыпты поэзия тудырады. Мәселен, теплоход үстінде ұшып-қонып жүрген кәдімгі торғайды тілге тиек етіп, поэтикалық тапқырлыққа кол жеткізеді:

Мына кеме, ақ кеме — сен сияқты,

Жаның сенің жьш-жылы жел сияқты.

Осы торғай, Күлеке, байқап тұрсам,

Бейне өзіңе үйренген мен сияқты, —деген жолдарда қиял ұшқырлығы бірден байқалады. Бұрын сан айтылған жайттарды қайталағанда жаңа бір ажармен, мүлде тың ой боп жарқ, етіп көрініп, соны әсерлерге бөлейді… Ол: «Ақ шашты атадан қорқам» өлеңінде «ақ шашты атадан», «мүрделі жотадан», «шимай-шимай әжімнен», «сықырлаған таяқтан», «тықылдаған сағаттан», қырдағы күзде гүлдердің күз келсе — солуынан, зулаған жүйрік күндердің қанаты бір күн талуынан, т.б. қорқатыны, сескенетіні тізіле келе кімнің болса да жүрегін селт еткізері сөзсіз. Ол өлеңін аяктай келе былай түйіндеп:

Бәрінен де өзімнен қорқам,

Көп күнім бекер өтеді-ау деп,

Уақыт тастап кетеді-ау деп, — оқырманға уакыттың босқа өтпеуі жайында ой тастап, толғанысқа бөлейді. Адамды шаттану ғана емес, қапаланған сәтімен де кең түрде суреттеу, жан-жақты қарастыру, жан дүниесіне үңіле білу, сыр-сипатын жан-жақты ашу талабымен ұштасып жатқанын көреміз.

Үлкен гуманистік, адамгершілік мұраттарды дәріптеп жырлау қай кезде де болмасын өзекті. Бүгінгі оқырманға да, ертеңгі оқырман үшін де қадірін, бағасын жоймай биіктей берері сөзсіз. Осыны жақсы түсінген Тұманбай да маңызын, қажеттігін жоймайтын сезімдерді суреттей біледі:

Адал жанға оқ атпасам деп жүрем,

Ақ жүрегін қанатпасам деп жүрем,

Онсыздағы қасіреті көп өмірде

Қасиетімді жоғалтпасам деп жүрем,— деп, ақын қасиет деген адамға берілген айрықша сын екенін паш етеді. Жақсыны жоқ жерден аяқтан шалатын күйкі жандарға — сырбаз мінез, адалдық, турашылдықты қарсы қойып, жырларына арқау етеді.

…Біреулерді ұрамын деп тас алма,

Біреулерді жығамын деп қасарма.

Саудаға сап, сата көрме арыңды,

Көштен қалып, аштан өліп қалсаң да! — деп, адам бойына жақсы қасиет дарытып, «жаның нәзік, арың таза болсын» деп мәрттікке тәрбиелейді. «Айтшы, Алатау» атты өлеңінде:

…Өмір деген алысқа аттаныс,

Қайда ұшсаң да қасиетінді сактап ұш.

Бүгін дырдай көрінгенмен, күні ертең

Мен сендерге бола алам ба мақтаныш? — деп, өзіне-өзі сауал қоя білген ақынның өр мінезбен қайраттана, еңбектене беретініне оқырман сенеді. Оның жырларында кездесетін ұшу, алға самғау образы осының дәлелі.

Барам ұшып жылдардың қанатында,

Жаққандаймын қаттырақ жан отын да… — деп суреттейді ол.

«Махаббат оты сөнбейді». Ақын бүгінгі замандасымыздың ішкі жан дүниесіне зер салады, оның рухани байлығын барлайды. Өмір жайлы, жақсылық пен жамандық, махаббат пен құштарлық сыр шашады. Оның лирикалық кейіпкері игілікке құштар, сұлулыққа ғашық.

«Сұлу едің, көрікті едің, ұяң ең,

Көңілдегі қырды кезген қиял ең

Сол бір үнсіз жанарыңа, жан сәулем,

Тірлігімді, нұр күнімді қияр ем, — дей келе:

Бақыт деген сен екенсін, аяулым,

Көкке емес, жерде соған жолықтым,- деп ой түйіндейді. Өлеңдегі ырғақ, саздылық лирикалық қаһарман сезімінің шынайылығын танытады. Тұманбай Молдағалиевтің махаббат туралы өлеңдерінен мұңаю, елжіреу өкіну, т.б. көп кездеседі. Бірақ бұл күйректікке апармайды, адам жанының сыр-сипаты жан-жақты ашыла түседі. «Шығармадың әдеттегі салтпенен» өлеңінде:

Сыр берместен өлсем-дағы тегі мен

Көзімдегі жасты сүртіп жеңімен

Ауылыңнан мен алыстап кеткенше

Қимай қарай қалды деген сеніммен…

Мұнда лирикалық қаһарманның қызды сүйетіні, қимауы, қиналуы — бәрі нақты арпалыс сезім арқылы суреттелген.

Ақынның «Феруза туралы жыр» поэмасы махаббат жайлы әсем айтылған сыр. Поэмада бай мазмұн, биік идея, нәзік те нәрлі лиризм бар. Ақын мұнда албырт жастықты, адал махаббатты жырлайды. Түркімен аңызының ізімен жазылған поэманың оқырманға айтары — махаббатты, қасиетті сезімді қастерлеу. Осы арқылы адал, абзал қасиеттерді биіктету идеясы анық байқалады.

Ақынның жыры — өзінің сыры.

… Күн болып кейде батамын,

Таң болып кейде атамын.

Өзен боп кейде дөңбекшіп,

Арнама сыймай жатамын, — деген шумақтан оқырман ақынды таньш, шыншылдығы мен сыршылдығына үңіле түседі.

«Тынық мүхит дәптері» жинағында ақынның көңілге қонымды жарық, өткір ойлы, жұп-жұмыр жыр жолдары көп кездеседі.

Өнерге болмақ елес заман ақыр.

Тірлікте не табасын, жетекке еріп,

Шын іздеп, қалғандар көп етекте өліп…

…Биікті шаң баспайды, су алмайды…

немесе:

Жылқы жоқ дүниеде қыр атындай

Кең дала күнде тұлпар туатындай.

Жерімнің құдіретіне бас имесем,

Құдайдың өзі мені ұратындай, — жолдары арқылы үлкен ой тастайды.

Мұнда басы артық сөз жоқ. Теңеу, метафора, т.б. ақын орынды қолданады.

Қашаннан жан серігім — күн мен аспан

Жел — менің жетім қозым іргені ашқан…   деп, желді жетім қозымен салыстырады.

Т.Молдағалиевтің қай өлеңінде болмасын терең ой, нәзік сезім мол. Өзіндік тапқырлығымен, суреткерлігімен оқушысының көңілінен шығады.

Атқа мінсем, армандарға жол ашам,

Мен адассам — таумен бірге адасам,

Мен адассам — таңмен бірге адасам.

Ақ көңілді жанмен бірге адасам, —  дейді.

Мұнда бізді қоршаған табиғатты ақын өзін қолдап, қоршайтын құдіреттей көретіні әдемі үйлесім тауып тұр. «Мен адассам — таңмен бірге адасам, ақ көңілді жанмен бірге адасам» деп суреттеуі, шынайы ақындық кілт, әсем образды жолдар. Өзінің ізгі ниетті ойын танытады:

…Менің досым бұл Алатау жердегі,

Жатсынбайды жақын келген пендені, — деп, өзі де Алатау сияқты досын да, қасын да қарсы алатынын тереңнен тебірене айтады. «Алатау алыстан аласа көрінгенмен, біз жақындаған сайын биіктей береді, биіктей  береді». Тау мен адам арасындағы әдемі үйлесімдікті көреміз.

«Табиғаттың құдіретіне бол ғашық». Ақын көбінесе  табиғатты адамның көңіл-күйімен, сезіммен байланыста алады. «Алғашқы қар» өлеңінде:

Дала бүгін ақ дала, дала бүгін шағала,

Қонып жатыр шағала, менің келіп жағама.

Аспан мен жер арасы алыс-беріс қозғалыс,

Қарауытар маңайың, қадағанмен көзді алыс.

«Қар жауды», — деп күрсініп анам отыр бүрісіп,

«Қар жауды», — деп куанып, Құралайым жүр ұшып.

Анам күннің өткенін ұнатпайды шамасы,

Жақындаған көктемін қызықтап жүр баласы.

Ұнатпайды анашым бұрқыраған боранды,

Желді, қарды, аязды жек көретін боп алды.

Немересін құшақтап бір күрсініп қояды,

Жақын қалды дегендей өмірімнің бораны.

Күн де батып барады, жел соғады шамалы,

Жапалақтап далада жауып жатыр қар әлі.

Өлеңде табиғаттың белгілі бір көрінісі, алғашқы қар жаууы аз суретпен әсерлі бейнеленген.

Мұнда ақын екі түрлі сезім, көңіл күйді қатар жарыстыра суреттейді, екі турлі әрекетке көңіл бөледі.Анасы жауған қарды күрсініп, өмір қысы тақағанын уайымдап қарсы алса, ал немере әрекеті мүлде өзгеше: «Қар жауды» деп куанып, шаттануы бала қимылын, көңіл-күйін жайьш салады. Соңғы жолдарда да табиғаттағы тынымсыздықты: «Жапалақтап далада жауып жатыр қар әлі» деп, сол арқылы даму қозғалысты көрсетеді.

Ақын туған өлке табиғатын ыстық махаббатпен жырлайды. Ол табиғатты суреттегенде, оның сұлу көркін, адам жанын аялайтын, көңілді тербеп, көкірекке қуаныш толтыратын асыл қасиетін тебірене толғайды.

Көңіліңді бұлт торласа, жолға шық,

Табиғаттың құдіретіне бол ғашық.

Көлге шомыл көк аспанның астында,

Гүл тер, досым, қырға шығып, жонды асып.

Жадыратар жаңа ашылған тал бүрі,

Жадыратар қызыл алау таң нұры.

Ақ қайыңның арасында жүре бер.

Көктемнің бір құйып өтсе жаңбыры, — деп, адамның жан-дүниесін табиғат құдіреті арқылы қуанышқа бөлейді. Оқырман өзін ақ қайың арасында жүргендей сезінеді.

Ақын күннің нұрына, айдың жарығына, жұлдыздың жымыңдағанына құмартады. Ол көктемнен жастықты, гүлден махаббатты табады. Табиғат сыры мен адам тіршілігіне ұқсастықтарды іздеп үңіледі. Ақын лирикасындағы тұрақты образдар: күн, жарық сәуле, көктем, жаз, күз, жасыл жапырақ, жайқалған гүл, т.б.

Ақын:

Ақ қайыңым сен болып тұра берші,

Мен болайын көктемің көптен күткен, — деп өтініш жасап, қайыңды сүйген жар бейнесінде алады. Ақын қоршаған табиғатты — өзін қолдап, қоршайтын құдіреттей сезініп, жырға қосады.

Т. Молдағалиев шетел тақырыбына қалам тартқан алғашқы ақындардың бірі. «Жүрегім менің сапарда» атты жинағындағы Италия циклі бейнелі, бедерлі поэзия. Мұнда ақынның идеялық тұғырының биіктігі анық көрінеді.

…Орта жолда қалмақпын ба, немене,

Ызбайланып, тұз байланып денеме… — деп, үнемі ізденісте екенін ашық айтады.

Ұлы Отан соғысына арналған «Хаттар, хаттар», «Жеңеше», «Киев қызы», «Өрік ағашы», «Махаббаттың бір жыры» сияқты поэмаларында, адам тағдыры, лирикалық тебіреніс, ерекше толғаныс, асқақ сезім, т.б. шебер суреттелген.

«Хаттар, хаттар» поэмасында бірде-бір соғыс суреті елестетілмейді, бірақ қан майданнан елге қайтпай қалған командир ағаның хаттарына үңілген інісінің кеудесін кернеген сағыныш сезімдерінде шынайылық бар, оқырман жүрегіне ерекше әсер етіп, ойландырады:

Осы бір хаттың жасымда

Әр сөзін ойға тоқығам.

Ағаның кол таңбасына

Асықпай қарай отырғам.

Кетсе де қиып, қиыр жол

Жаны азат бейнет, күнәдан,

Хаттардың арасынан сол

Тұрғандай күліп бір адам.

Поэмада інісінің түс көруіне, ол түсті атасының жоруына, пошташы шалдың мінезіне, інісінің ағасына жазған хатындағы үйдегі жағдайларға (жеңгесінін басқа адаммен кетіп қалуы) байланысты штрихтар бар. Ақын іні хатының ағаға жолданбай, сандык түбіне салынып қоюының себебін аңғартады. («Менің сол адал шындығым ағама жетпей қалды үйде».) Бүгінде есейген ол мынандай ойлар түйеді:

Болса бір сөзім, айтпағым,

Қалайда айтып қалмаққа.

Күн сайьш жүрек хаттарын,

Ұзатып жүрем жан-жаққа.

Бұл — бүкіл поэманың өзегі сияқты мәнді түйін.

Ақынның шығармашылығының елге танылар тағы бір аренасы — ән-өлең жанры больш табылады. Оның «Куә бол», «Шақырады көктем», «Бақыт құшағында», «Қыз сағынышы», «Құстар қайтып барады» сияқты өлеңдері әдемі әуенімен жарастық тауып, халық арасына кеңінен таралып кетті.

Құстар, кұстар сызылтьш ән салады,

Сол әнімен  тербетеді даланы.

Ал адамдар күліп бастап өмірін,

Кетерінде жылай да алмай қалады, — деп, өмір туралы басталған әнұран, тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік әнұранын жазуға ұласты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАБДЕШ ЖҰМАДІЛОВ

(1936 жылы туған)

 

Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы Қытай Халық Республикасының Іле қазақ автономиялы облысына қарасты Тарбағатай аймағында дүниеге келген. Туған жері Қазақстанға оралған соң, Қабдеш Жұмаділов әдебиетші болуды армандап,  әл-Фараби атындағы Қазақтың ұлттық университетінің филология факультетіне түсіп, 1965 жылы бітіріп шығады. Ол көркем шығарма жазуға студент кезінен бастап ден қояды. «Қаздар қайтып барады» деген алғашқы әңгімесінен-ақ ол жанына жақын тақырыпқа қалам тартқанын байқатты. Жазушының «Соңғы көш», «Дарабоз» роман-дилогиялары, ‘Тағдыр», «Атамекен»романдары, т.б. көркем шығармалары жарық көрген.

Өз шығармаларында адамның ішкі көңіл толқындарын, тұрмыс детальдарын үлкен байқампаздықпен жазатын.

Жазушы шығармаларының тілі шешен. Ол шығармаларында ана тілінің бай қазынасын шебер қолдана біледі. Алпысыншы жылдардың орта шенінде жұртшылық назарын бірден аударған «Қаздар қайтып барады» әңгімесі еді. Адам психологиясын, ішкі сезім толғаныстарын суреттеуде жазушы өз шеберлігін танытады. Арғы бетке өтетін жолаушыны, қиын да болса, Тарбағатай шыңының желкесімен асатын төте жолды суреттегенде жазушы тау сілемдерін оқушының көз алдына толық әкеледі. Байтас шалдың: «Әйтеуір, қиын асудан өттім ғой, — деді талмаусырап жатьш, — жолдың көбі кетіп, азы қалды. Құдай енді екі күндік ғұмыр берсе, көздеген жеріме де жетіп жығылармын», — деген сөздері арқылы автор шың асудың  оңай еместігін, жолаушы арманын көрсетеді. Қарт шешімі алған беттен айнымайды, бұл сапарға ол қырық жыл дайындалып, талай ұйқысыз түндері мен күндерін өткізді емес пе?

Батыр – ел қорғаны. Қабдеш Жұмаділовтің “Дарабоз” романында қазақ жерін жоңғар қалмақтарынан тазарту, адамгершілік пен азаттық мұратты жырлап, суреттеу негіз болып алынған. Жаугершілік замандағы “арғымақ жалғыз – ел малсыз” болған күнде батырлар халқының, ата – салттың бар салмағын көтерген.

Романда жазушы Абылай ханның (1751 — 1753) қазақ жерін жоңғар басшыларынан тазартуда саясаттағы батылдығы  мен алғырлығын суреттей отырьш, оның оң қолы болған Қабанбай батыр ерлігін айрықша саралап көрсетеді. Романда Қабанбай ақылды, парасатты, сабырлы, ар намысы биік жан ретінде оқырманды өзіне таратады. Ерекше ерлігінің арқасында Абылайдың шешімімен «Дарабоз» атанады. Елінің намысын қорғап, жетпістен астам жекпе-жекке шыққан Қабанбай қазақ ерлерінің күшін, адамдық істерін дәлелдеп, жауьн жер етіп, жеңіске ие болған. Ол жаумен жағаласудың әдіс-тәсілін жетік меңгерген, қанды ұрыстың жай-жапсарын ақылмен сараптап, ең тиімді мүмкіндіктерді терең ойластыра отырып барып, аз шығынмен талай ірі жеңістерге жеткен.

Абылай ханның: «Қазақта батыр туған жігіттер аз емес. Бірақ Қабанбайдың орны бөлек», «Қазақ әскерін Қабанбай бастап келеді» деген бір ауыз сөздің өзі талай қолға татиды» деп жетпіске келген қарт тарланға айтқан сөзінен Қабанбайдың бірдің емес, мыңның орнын басқанын тани түсеміз.

Романда Қабанбайдың парасаттылығы, кемеңгерлігі үнемі танылып отырады. Ол оңашада: «Осы соғыс деген пәленің қайғы зар, азап-сордан өзге адамзатқа берері бар ма? Бірақ, амалың қайсы, зорлық бар жерде соғыс жалғаса береді. Біреудің қанына ортақ болайын деп ойлайсың ба? Ел намысы, ата кегі ғой шыдатпайтын» деп толғануы, ширығуы оның үлкен жүректі адалдығын дәлелдейді. Батырдың кейін жасы жетіп қартайған кезде:» …Өмір бойы желдің өті, жаудың бетінде жүру пешенеме жазылған сыбағам еді. Өлгенде де тек жатпай, қазақ жерінің бір шетін күзетіп жатпаймын ба?» деп өзіне серт беруі, елім деп туған еңіреген ерлігін көрсетеді.

Ол — халқының болашағын ойлап, келер ұрпақтың қамын жеген тұлға ретінде романда жан-жақты ашыла суреттелген.

Автор «Дарабозда» Абылай тұлғасын кең арнада, кең құлаш, кемел ізденіспен даралап шебер көрсете білген. Абылай атақ, даңқты, бақты алтын тақтан емес, өз халқына адал қызмет етуде деп ұғынады. Ол — сөзі мен ісінде алшақтыққа жол бермейтін берік басшы. Ауыз бірлікті аңсап, рухани тәуелсіздікке қол жеткізуді көздейді. Абылайдың даналығы мен көрегендігі, ақылдылығы әр істе ерекше байқалып, романда біртіндеп сабақтаса өріледі. Халқының сөзін ұстанған, әділеттің арашашысы болған Бұқар жырауға Абылай әр кезде арқа сүйеп, шын таза көңілімен бағалай білген.

Ол төре-сұлтан, хандарға ашпаған ішкі құпия сырын Бұқар жырау, Бөгенбай, Қабанбай батырларға ғана ашып, үлкен, сенім артқан.

Бөгенбай батыр бастап, Қабанбай қоштаған жаужүрек батырлар Абылайдың семсер ұстаған қолы болды, Бұқар дана мен Төле би бастаған шешендер тобы оның сезімтал жүрегі болды. Халық тағдыры сынға түскен заманда ол әділ билерге сүйенген. Олардың даралық пен даналығы, білімдік пен білгір шешендігін автор жеріне жеткізе көркемдеп суреттеген. Азаттық үшін күрес Абылай жігерін қайрап, намыс отын туғызып отырады. Ізгі ниет, ақ істің жеңбей қоймайтынына үміт арта отырьш, халық ойынан шығады. Оның алғыр, белсенділігі, адамгершілік биік қасиеттері оқырманды өзіне тартьш, баурайды.

Романда халықтың ғасырлар бойы жасап келе жатқан асыл мұралары, өзіндік салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары кеңінен көрініс тапқан. Бұл автордың елеулі табысы.

«Дарабоз» романы тәрбиелік мәні жоғары, тәуелсіздік мұратын асқақтата көрсеткен, тарихымыздың ақтаңдақ беттерін толықтыруға, өзіндік үлес қосқан шығарма.

 

Сәкен Жүнісов (1934-2006)

Сәкен Жүнісов 1934 жылы Көкшетау өңірінде дүниеге келген . Көрнекті жазушы , белгілі драматург. Ол «Ақан сері», «Жапандағы жалғыз үй» романдарын, «Заманай мен Аманай» хикаятын т.б. шығармаларын жазған. Қазақтың атақты сері, әншісі,  ақыны, сазгері Ақан сері туралы роман – диологиясы туған әдебиетіміздің  бір шоқтықты биігіне бағаланады.

 

«Ақырғы бәйге» (Ақан сері романынан үзінді)

Ереймен еліндегі Сағынайдың асында Ақанның сүйікті аты Құлагерге қастық жасалады. Бұл кез серінің сүйген жары Ұрқиядан, қыран     құсы     Қараторғайдан, құмай     тазысы Базаралыдан    айрылған    кезі    болатын.    Ат    арқылы    халық арасында    беделі    айырықша    артып    бара    жатқан    Ақанды дұшпандары   көре   алмайды.   Топ   аттың   алдында   озып   келе жатқан    Құлагерді    Батыраш-Қотыраштың    адамдары    тосып тұрып,   шоқпармен  ұрып  өлтіреді.   Ақан  сері  алдыңғы  аттың түсінің   өзге    екенін    көріп,    бір    жамандықты    көңілі    сезеді.

Атын жанындай жақсы көрген Ақан Құлагерге арнап, өлеңдерін шығарады.

Зорлықшыл қиянатқа қарсы ақын    қатты    назаланып,    жан    айқайын    өлең    жолдарымен білдіреді.  Құлагер мерт болды деп естігенде, Жұлдым да сақалымды ойбайладым, деп  суреттейді.. Ол өмірде әділдік жоқ деген сияқты ойлар басына келіп, рухани дағдарысқа ұшырайды. Бұл ән — серінің жан ашуының туындысы. Ақанның ызалы үні баршаға ортақ сезіліп онымен бірге   күйінеді,    жетелейді. «Құлагер»- ат   қайғысын   ғана жырлаған өлең емес, озбыр зұлымдықты әшкерелеген туынды. Талай жарыста ел намысын, ел абыройын асырған Құлагердің мерт  болуын   Ақан  Атығай,   Қарауыл   елдерінің   қайғысындай қабылдайды.

Ақанның есімі халық арасына өзінің әсем әндерімен тарады. Ол үлкен лирик ақын болды. Жасынан сұлулықты сезініп, әсемдікті ардақтаған жан махаббат бостандығын аңсаған сазды да сырлы өлеңдер жазды, өмірінің соңғы кезінде өзін ұқпаған ортадан алшақтап, жалғыздықпен мұңдасты. Өз заманының қатыгездігіне мойынсынбай, ерлік, тапқырлық танытты. Ақан сері туралы кезінде С.Сейфуллин, М. Жұмабаев, І.Жансүгіровтер зерттеп, әдебиеттен өз орнын ашып берді.

 

Бауырлар

Бұл өлеңде қазақтың бір отаны Қазақстан, қазақ даласы екенін әлемге жар салып айтады. Туған жеріңе , ата-бабаңның кіндік қаны тамған жеріне қайтып келіңдер деп дүние жүзі қазақтарына жар салады. Кезінде жел ұшырған қаңбақтай қазақ баласы дүниенің төрт бұрышына тарап кеткен отандастарына  мынау сенің елің, мынау сенің жерің, мынау сенің далаң, мынау сенің қалаң, мынау сенің тауың, мынау сенің суың деп айтады.

Қауқылдасып қалдық-ау, есендесіп,

Таңнан тағы тербетті шешем бесік….

Қарсы алуға дайын тұр бауырларын,

Өз жеріңе  бәрің де  келсең көшіп.

Бұл өлең 1992 жылы Алматы қаласында өткен дүние жүзі қазақтарының құрылтайына орайлас жазылған.

 

Қозыкүрең

Бұл қазақ пен қырғыз қатар мекендеген Алатау баурайында болған. Ағыбай мен Төреқұлдың достығы оның балаларына жетсін деген туысқандық қатынаспен Ағыбай қырғыз ауылына қонаққа барады. Қырғыздың салтымен Ағыбайды аттан түсіріп күтіп алады. Ағыбайдың қасына оның екі немерелері Ерқанат пен Ержан еріп жүреді. Сол қырғыз ауылында Қозыкүрең әңгімесі айтылады. Әңгімені айтушы  Төреқұл 1942 жылдың жаз мезгілі деп бастайды. Қызылбайрақ  колхозынан бір үйір жылқы Сталинград майданына бару керек. Саяқбай бастаған бір топ жылқышылар Қалмақ даласын басып Еділ өзеніне келіп тіреледі. Паромнан өтуін жау самолеттері бомбалап кедергі келтіреді. Осы кезге дейін Қозыкүрең бәйгеге түсетін аттай өзін — өзі жаратып көп оттамай, жел жақ бетіне шығып, шығыс жақ бетке көп қарай береді. Мұны алғаш байқаған Саяқбай  жас жылқышыларға еге болыңдар қашатын жылқының түрі деп ескертеді. Ескертуге құлақ аспаған жылқышылар паромға тией берген сәтте Қозыкүреңнен айрылып қалады. Соңынан мылтық атып калған капитанның атқан оғы дарымай кетеді. Сол кеткеннен 1 ай бойы хабар болмайды. Төреқұлдың ауылы Ұзынбұлақтың Шұрық деген жерінде отырғанда Қозыкүрең оралады. Әбден шаршаған, арыған, көтерем болған Қозыкүрең бір апта бойы оңалмай өледі. Оны соғыстан қайтқан солдаттай арулап жерлеп көмеді. Қозыкүрең оқиғасы осымен аяқталады. Төреқұл кетерінде Ағыбайдың немерелеріне Қоянкөк дөнен жылқысын сыйлайды.

 

Қорытынды.

Үйге тапсырма

«Ақырғы бәйге» әңгімесін оқып келу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөйлесу бөлімі № 1 сабақ

 

Сабақтың тақырыбы: Сәкен Жүнісов «Ақырғы бәйге»

Тұманбай Молдағалиев «Бауырлар»

Қабдеш Жұмаділов «Қозыкүрең»

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: оқушыларға жазушы оқыған шығармаларын меңгертіп, ойын барысында пысықтатамын.

Ә) Тәрбиелік: Оқушыларға адамгершілік , еңбек, ақыл – ой , имандылық тәрбиесін беремін.

Б) Дамытушылық: Оқушылардың жылдамдығын, шығармашылық қабілетін дамытамын.

 

Сабақ барысы

Ұйымдастыру

І. Модуль мазмұнымен таныстыру

 

«Қарлы кесек» оқыта үйрету ойыны

Құрал – жабдығы:

  1. Қатысушылардың нөмірі жазылған жетондар;
  2. Үстелді белгілеуге арналған жетондар;
  3. Жалпы бағалау парағы;

 

Ұйымдастыру

Оқушыларды орнына А, Б, В, Г, Д жетон бойынша отырғызу.

Тапсырмасын беру

Ойынның барысы:

Бұл нұсқа бойынша бағыттау парақтары қажет емес. Ойынды кіріспе лекция болмаған жағдайда , материалды оқушылар өздері дербес оқып үйренгенде болады. Мұнда сынып тағы сондай топтарға  бөлінеді – А,Ә,Б,В, Д үстелдері әр топ  өз тапсырмаларын – оқу материаланың қандай да бір бөлігін  оқып – үйренуді алады да, 10-15 минут   дайындалады . Дайындалып болған соң  оқушылар келесі тәртіппен отырады: бір үстелдің басына А -1, Б-1, В-1, Г-1, Д-1 жетоны баралары, келесі үстел  басына А-2, В-2, Б-2, Г-2, Д-2 жетоны барлар т.с.с. Мұғалім үстелдердің сілтемесін өзгертіп А,Б,В,Г,Д әріптерінің орнына 1,2,3,4,5,6 сандары жазылған сілтемелер қояды.

Ойынның І туры жарияланды. (10 минут)

Жаңа топта  әрбір алғашқы топ өкілі өз тақырыбын әңгімелейді (әріптерінің кезегі бойынша). Олардың әңгімесін тыңдаушылары сызба, жоспар,  тезис түрінде жазып алады. Бұл уақытта 5 нөмірлі (А-5, Б-5, В-5, Г-5, Д-5) ойыншылар тақтада жұмыс істеп, пысықталған материалды сызба – конспектісін дайындайды. Тақтаның орнына кодопленканы, ватманды пайдалануға болады.

ІІ тур. (уақытты мұғалім белгілейді)

Оқушылар өздерінің алғашқы орындарына қайта оралып , ал мұғалім  тағы да үстел сілтемелерін ауыстырады (1,2,3,4,5-тің орнына А,Б,В,Г,Д-ны қояды). 5 нөмірлі (А-5, Б-5, В-5, Г-5, Д-5) тақтада бірінен соң бірі өздерінің сызба нұсқасын  қорғайды.  Мұғалім және басқа оқушылар  оқу материалының қаншалықты меңгергенін , сұрақтың мәні қаншалықты жинақы, нақты, сауатты,  баяндалғанын бақылап отырады.

 

ІІІ тур Қорытынды шығару.

А үстелінің тапсырмасы – Асқа келген Ақан мен Құлагер.

Б үстелінің тапсырмасы – Асқа шақырушы немесе асқа тігілген бәйге.

В үстелінің тапсырмасы – Бәйге.

Г үстелінің тапсырмасы – Мөңке мен Құлагер.

Д үстелінің тапсырмасы – Ақанның қасіреті. Құлагер трагедиясы.

 

Қосымша №1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша №2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

Үйге тапсырма

«Бауырлар» өлеңін және «Қозыкүрең» оқиғасын оқып келу.

Оқушыларды  бағалау, марапаттау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөйлесу бөлімі . 2 -сабақ

 

Сабақтың тақырыбы:Тұманбай Молдағалиев «Бауырлар»

Қабдеш Жұмаділов «Қозыкүрең»

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: оқушыларға ақын — жазушы шығармаларын пысықтатып, ойын барысында меңгертемін.

Ә) Тәрбиелік: Оқушыларға патриоттық , еңбек,  ақыл – ой , имандылық тәрбиесін беремін.

Б) Дамытушылық: Оқушылардың жылдамдығын, сауаттылығын, мәнерлеп айтуын, шығармашылық қабілетін дамытамын.

 

Сабақ барысы                

І.  Ұйымдастыру кезеңі

А) Сәлемдесу

Ә ) Модуль мазмұнымен таныстыру

 

1.»Бақытты сәт» ойыны

Құрал – жабдығы:

  1. Шарлар салынған қапшық немесе бөшке
  2. Секундамер
  3. Ортақ бағалау парағы
  4. Фишкалар
  5. Үй тапсырмасы
  6. Конкурс тапсырмасы
  7. жауап үлгілері

 

Ойынның жүру барысы

Сынып 2 командағы бөлінеді, әр команданың капитаны жжәне атауы болады.

 

І гейм. Бой сергіту. Командаларға 10 сұрақтан беріледі. Оларды талдауға 5 минут бөліндеі. Команданың бір өкілі жауап береді, ал бәсекелес команда жауаптың дұрыстығын үлгі бойынша қадағалап отырады. Сұрақтарға ең көп жауап берген команда ұтады.

 

ІІ гейм. «Бөшкеден шыққан бас қатырғылар» Команда мүшелері бөшкеден шыққан нөмірлері бар шарлар алып шығады. Жүргізуші әр нөмірге жұмбақ немесе сұрақ оқиды. Өз ішінде талқылаған соң, команда каптиандары жауап береді.

 

ІІІ гейм. «Жұмбақтас». Мұнда жүргізушінің сұрағына жылдамырақ жауап берген команда ұтады. Егер жауап дайын болса , команда көк жалаушаны немесе қолын көтереді.

 

 

 

 

 

ІҮ гейм. «Сен – маған, мен – саған» Командалар бір-біріне 2 сұрақтан қояды.

 

Ү гейм. Көсемдікке ұмтылу. Сұрақтарға барлық ойыншылар жауап береді. Ең көп жауап берген команда ұтады. Ал ең көп дұрыс жауап берген балалар өз командасына қосымша ұпай алады.

 

2,3,4,5 – ші геймді талқылауға 1 минут беріледі. Егер жауап берілсе , онда үнемделген уақытын команда басқа сұрақты таңдағанда пайдаланады. Әрбір дұрыс жауапқа команда  1 бал немесе фишка алады.

 

І гейм. «Бой сергіту»  турының сұрақтары

 

А командасына

  1. Қозыкүрең аяқтан қалғанда қандай ем қолданды?
  2. Қырғыздар қонаққа бас тарта ма?
  3. Ағыбайға Төреқұл қандай сыйлық жасайды?
  4. Жаршы жарысқа не тіккен деп айтады?
  5. Құлагермен қатарласа шапқан кім?
  6. Суретші бала кім?
  7. Қай қалаға жеткен соң жылқыны вагоннан түсіріп айдауға тура келді?
  8. Қозыкүрең өзін қалай жаратып, баптайды?
  9. Ақан қай тұстан өте бергенде қарқындатып ал деді?
  10. Ақан атын қай жерде тежеңкіре деп айтты ?

 

В командасына

  1. Жаршы жарысқа не тіккен деп айтады?
  2. Құлагермен қатарласа шапқан кім?
  3. Суретші бала кім?
  4. Қай қалаға жеткен соң жылқыны вагоннан түсіріп айдауға тура келді?
  5. Қозыкүрең өзін қалай жаратып, баптайды?
  6. Ақан қай тұстан өте бергенде қарқындатып ал деді?
  7. Ақан атын қай жерде тежеңкіре деп айтты ? Ойлы өзекте
  8. Көкөзекке құлай түскен жалғыз жүйрік кімнің жүйрігі?
  9. Көкөзек сайында кездескен кім және қалай киінген?
  10. Мөңкенің  құлауына не себеп?

 

ІІ. «Бөшкеден шыққан» бас қатырғылар

 

А командасына

  1. Қозыкүреңді көру үшін жұрт неге ағылып келіп жатты?
  2. «Біздің арамыздағы достықты енді балаларымыз жалғастырсын» деуінің мәні неде?
  3. Құлагердегі теңеу сөздермен мысал келтір?
  4. Күреңбай ақсақалдың «Мынау пырақ екен» деуінің мәні неде?

 

В комдасына

  1. Мөңке қандай аттарды таныды?
  2. Шашубайдың қандай өнері бар?
  3. Жарқ еткен айбалта кімдікі?
  4. Ержанның көзіне қазақ пен қырғыздан қандай айырмашылығы тапты?

 

ІІІ гейм «Жұмбақтас» ойыны

 

А командасына

  1. Ақанның Құлагері өлгендегі жан күйзелісін мәтіннен тап?
  2. Бауырлар өлеңінде не айтады?
  3. Дүниежүзі қазақтары туралы не айта аласың?

 

В командасына

 

  1. Жылқы, ат баптау туралы мақал – мәтел айт.
  2. Күреңбай Құлагерді қалай суреттейді?
  3. Бәйгеге ояз не тіккен?

ІҮ гейм «Сен – маған, мен – саған» (Үй тапсырмасы)

Ү гейм. «Көсемдікке ұмтылу»

А командасына

  1. С.Жүнісов қай жылы дүниеге келді?
  2. «Ақырғы бәйге» қандай романынан үзінді?
  3. Ақан серінің жүйрік жылқысы?
  4. Күреңбай кім?
  5. Қандай таудың етегінде үлкен ас болды?
  6. Азашы деген кімдер?
  7. Қошқарбайдың баласы кім?
  8. Құлагерге шапқан баланың аты?
  9. Т.Молдағалиев қай жерде дүниеге келді?
  10. Қ.Жұмаділов қай жылы дүниеге келді?
  11. Қ.Жұмаділовтың алғашқы әңгіме жинағы қалай аталады?
  12. Ағыбайдың немерелері  кімдер?

Бағалау парағы (Бақытты сәт ойыны)

ТопІ геймІІ геймІІІ геймІҮ геймҮ геймҚорытынды
Бағалау

критреийлері

5 -9+10

4-8+7

3-5+6

5-4

4-3

3-1+2

5-3

4-2

3-1

5-2

4-1

3-0

5-10

4-7

3-4

А командасы11111
22222
3333
444
55
66
77
88
99
1010
11
12
Артық уақыт
Дұрыс жауап парағы
Баға

 

 

        

ТопІ геймІІ геймІІІ геймІҮ геймҮ геймҚорытынды
Бағалау

критреийлері

5 -9+10

4-8+7

3-5+6

5-4

4-3

3-1+2

5-3

4-2

3-1

5-2

4-1

3-0

5-10

4-7

3-4

В командасы11111
22222
3333
444
55
66
77
88
99
1010
11
12
Артық уақыт
Дұрыс жауап парағы
Баға

 

  1. «Домино» ойыны

Сынып топтарға бөлінеді. Әр топқа белігілі бер сөйлемдер (1-5 сөйлмге дейн) кеспе яғни әр сөз бөлек – бөлек  топқа беріледі. Бұл сөйлемдер мәтіннің ішінен алынады. Топ 5-8 минутт ың ішінде құрастырып, мәтіннің ішінен тауып оқып берулері тиіс. Қай топ бірінші болып  сөздерді құрастырып болса сол жеңеді. Гонг.

 

А тобына – Түйе тастан  аса бере тақымыңды бір қысып, қарқындатып ал да, Көкөзекке бұрын түс. Ойлы – қырлы өзек ішінде  атыңды сәл теже.

В тобына – Күн батып барады. Желсіз  тымық  ауаны басына көтерген  даңғаза жұрт енді басына көтерген жұрт енді іркіліп, күннің қызыл шапағынан ұялған көздерін  алақандарымен көлегейлеп, мойындарын созып , шулап тұр.

С тобына – Құлагер жан дәрменде дүр сілкініп атып тұрды. Қалай кісінеп жібергенін де аңғармай да қалды. Жалбарынған ащы үнге Көкөзек жаңғырықты.

Д тобына – Ағыбай өзінің досы Төреқұлды алыстан шырамытып келе жатқан-ды. Жаңағы бурыл мұртты, қиық көз, қызыл шырайлы кісі де алақанын  көлегейлеп, бір – екі рет күн салып қарады да, бұларға жақындады.

Б тобына – Бұл кезде ымырт үйірілер, айналаға кеугім түсе бастаған.  Үлкендер орындарынан тұрып, үйге қарай бет алды. Қонақасы дайын болып қалған екен, жылқышы ауылдың көлдей кеңдастарқаны қайтадан жайылды.

Қорытынды

Үйге тапсырма

Үйден ақын – жазушылардың өмірбаянын дәптерге жазып келу, шығармаларын  оқып, дайындалып келу.

 

Бағалау

Саабақта белсенді қатысқан оқушыларды бағалаймын, мараппаттаймын.

 

3- сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сәкен Жүнісов «Ақырғы бәйге»

Тұманбай Молдағалиев «Бауырлар»

Қабдеш Жұмаділов «Қозыкүрең»

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: оқушыларға жазушы шығармалырын қайталата отырып, ойын барысында пысықтатамын.

Ә) Тәрбиелік: Оқушыларға адамгершілік , еңбек, ақыл – ой , имандылық тәрбиесін беремін.

Б) Дамытушылық: Оқушылардың жылдамдығын, шығармашылық қабілетін дамытамын.

 

Ұйымдастыру

Сәлемдесу

Модуль мазмұнымен таныстыру

 

  1. «Білім биржасы» қорыта – бекіту ойыны

Тақтаға конверттер ілінген панно  бектіледі, оларда әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар бар. Әрбір оқушы конверттерден өз мүмкіндіктері мен қабілетіне қарай  тапсырма алып, дайындалып, жауап береді. Жауптары акциямен бағаланады.  «Акционер» —  оқушы   жауабының толықтығына қарай әртүрлі  түстегі акциялар алады: толық емес жауаптары – сары түсті акция; дұрыс, бірақ кеңінен ашылмаған жауап – қызыл түсті акция; дұрыс негізделген  жауап – жасыл түсті акция. Әр акцияның бастапқы белгіленген  құны бар, оны банк бекітеді, Балдардың ең жоғарғы мөлшері түстер санымен анықталады (мысалы, егер оқушыда 2 түсті акция болса, онда  түсімге тек 2 бал қатысады, егер түсімінде 4 түсті болса, онда жоғарғы бал – 4) мұғалім  — « банкир» әрбір оқушының түсімін есептейді.

Егер сары акциялар көп болса, бұл «акциялардың»  «құны» төмендейді, ал егер жасыл және көкте аз болса – онда оқушылардың «құны» артады . Мысалы егер,  көктер – 10, ал жасылдар – 5-еу болса, онда жасыл «акциялар» көктерден қымбат. Осы негізде мұғалім – « банкир» баға  қояды.

 

Ойын сұрақтары

ІІІ деңгей

  1. С.Жүнісов қай жылы дүниеге келді?
  2. «Ақырғы бәйге» қандай романынан үзінді?
  3. Ақан серінің жүйрік жылқысы?
  4. Күреңбай кім?
  5. Қандай таудың етегінде үлкен ас болды?
  6. Азашы деген кімдер?
  7. Қошқарбайдың баласы кім?
  8. Құлагерге шапқан баланың аты?
  9. Т.Молдағалиев қай жерде дүниеге келді?
  10. Қ.Жұмаділов қай жылы дүниеге келді?
  11. Қ.Жұмаділовтың алғашқы әңгіме жинағы қалай аталады?
  12. Ағыбайдың немерелері  кімдер?
  13. Қазақ пен қырғыз қай тауды мекендеген?
  14. Қозыкүреңнің түрі қандай?
  15. Саяқбай кім?
  16. Қозыкүреңге  оқ атқан кім?
  17. Қозыкүрең оқиғасы қай жылы болды?
  18. Қу мүйіз деп нені айтады?
  19. Еділден не арқылы өтеді?
  20. Қозыкүреңдегі өзгерісті алғаш бай қаған кім?
  21. Қозыкүреңдегі өзгерісті байқаған Саяқбай не деді?
  22. Өрелеп жіберу дегеніміз не?
  23. Паромға жылқышылар қалай тиеді?
  24. Көкшенің дүлділі қандай жылқы?

 

ІІ деңгей

 

  1. Қозыкүрең келгенде ауыл қай жерде отыр еді?
  2. Арқырай, кісіней келген жылқы қай тұстан келді?
  3. Қозыкүрең аяқтан қалғанда қандай ем қолданды?
  4. Қырғыздар қонаққа бас тарта ма?
  5. Ағыбайға Төреқұл қандай сыйлық жасайды?
  6. Жаршы жарысқа не тіккен деп айтады?
  7. Құлагермен қатарласа шапқан кім?
  8. Суретші бала кім?
  9. Қай қалаға жеткен соң жылқыны вагоннан түсіріп айдауға тура келді?
  10. Қозыкүрең өзін қалай жаратып, баптайды?
  11. Ақан қай тұстан өте бергенде қарқындатып ал деді?
  12. Ақан атын қай жерде тежеңкіре деп айтты ? Ойлы өзекте
  13. Көкөзекке құлай түскен жалғыз жүйрік кімнің жүйрігі?
  14. Көкөзек сайында кездескен кім және қалай киінген?
  15. Мөңкенің  құлауына не себеп?
  16. Құлаған Құлагердің жағдайы қандай?

 

І деңгей

  1. Ақанның Құлагері өлгендегі жан күйзелісін айтып бер тап?
  2. Дүниежүзі қазақтары туралы не айта аласың?
  3. Жылқы, ат баптау туралы мақал – мәтел айт.
  4. Күреңбай Құлагерді қалай суреттейді?
  5. Бәйгеге ояз не тіккен?
  6. Мөңке қандай аттарды таныды?
  7. Шашубайдың қандай өнері бар?
  8. Жарқ еткен айбалта кімге тиді?
  9. Ержанның көзіне қазақ пен қырғыздан қандай айырмашылығы тапты?
  10. Қозыкүреңді көру үшін жұрт неге ағылып келіп жатты?
  11. «Біздің арамыздағы достықты енді балаларымыз жалғастырсын» деуінің мәні неде?
  12. Құлагердегі теңеу сөздерге мысал келтір?
  13. Күреңбай ақсақалдың «мынау пырақ екен» деуінің мәні неде?

 

Жауап үлгілері

ІІІ деңгейдің жауаптары

  1. 1934 жылы
  2. Ақан сері
  3. Құлагер
  4. Сыншы
  5. Ереймен
  6. Асқа келуші адамдар
  7. Шашубай
  8. Мөңке
  9. Алматы облысы, Жарсу ауылы
  10. 1936
  11. Қаздар қайтып барады
  12. Ерқанат пен Ержан
  13. Алатау
  14. Қан жирен
  15. Кәрі жылқышы
  16. Капитан
  17. 1942 жылдың жазы
  18. Көп нәрсені бастан кешірген, ысылған, төселген.
  19. Паром
  20. Саяқбай
  21. Мына жылқы қашайын деп жүр, өз-өзін жаратып жүр.
  22. Жылқыны тұсап өрелеп, аяғына тұсау салып жіберу.
  23. Жылқыны шарбаққа қамап ығыстыра отырып тиейді.
  24. Құлагер

 

ІІ деңгейді жауаптары

  1. Ұзынбұлақтың Шұрық деген жерінде
  2. Батыс жақтан қоңыр белден ауылдың аяғынан келді.
  3. Ұн езіп ішкізіп, жылан жұтқызды.
  4. Жоқ тартпайды.
  5. «Қоянкөк» деген көк дөненін берді.
  6. Жаршы жарысқа: бас бәйге – бір тай тұяқ алтын, боталы інген, тай, құлынымен бір үйір жылқы; екінші – бір атан түйе, он құлынды бие; үшінші – бір қоспақ,  бес құлынды бие; төртінші- үш құлынды бие, бес қой; беінші – бір құлынды бие, күміс кісе….
  7. Батыраштың үлкен ұлы.
  8. Ержан
  9. Орал
  10. Біраздан бері оттан, судан тыйылып, өзін-өі мейіздей қатырып, жаратып жүр.
  11. Түйе тастан өте бергенде
  12. Ойлы-қырлы өзек ішінде
  13. Ақанның
  14. Батыраш, аузы басын тұмшалаған.
  15. Құлагердің басына тиген айбалта шекесін ойып жіберді.
  16. Шекесінен аққан қан жылымшылап көзіне құйлы берді. Тынысы тарылып көмейінен бұрын естімеген қорыл шықты , демі таусылып, қорылдап, қырылдай бастады. Тұла бойы сіресіп тартылып бара жатыр.

 

 

І деңгейдің жауаптары

 

  1. Иесінің үсті – басы малмандай су екен. Ағыл-тегіл боп аққан жасына малып алғандай. Ақан аһ ұрып 10 жыл серік болған аялы досының жансыз көзін жапты.

-Құлагер, құлыныңнан керім едің, сұрағанда нағашым беріп едің, — деп Ақан баяу жоқтау айтып, зарлап отыр.

  1. Шетте жүрген қазақтарға:

-Құшақ жая қарсы алатын елің бар, туған жерің бар, келіңдер, ыстық Отан, алтын ұяға,-деп ақын шақырады.

  1. Дүние жүзі қазақтардың Құрылтайы 2006 жылы Бейбітішілік және келісім сарайында болып өтті.
  2. Ер арыса -аруақ, ат арыса -тулақ. Ат шаппайды, бап шабады.
  3. Он екі таспадан өрген бишіктей. Күзендей бүктеле шапқанда тұрқы бұзау тұлып аттарыңның екі-үш аттағанын бір-ақ алатын қарышты жануар. Терісі жұқа – көзел етіктің былғарысындай жұп-жұқа, ет пен терінің арасында бір май жоқ. Аяғы қаққан қазықтай тік, тұяғы мүжілмейтін. Быртық бақай, ит жіліншік, тазы тізелі, бөкен санды, сіңрі бура тілерсек.
  4. Медаль, күміс сағат, күміс таяқ
  5. Тарбағатайдың Тарланкөгі, Баянның Бурылы, Таразының Тарланы.
  6. Сырнайын тартып, ат үстінде түрлі ойындар көрсетіп, ән шырқайды.
  7. Құлагерге
  8. Қырғыздардың көзі сәл қысықтау, беттері сәл жалпақтау.
  9. Бейне бір майданнан келген жаралы солдатты көруге келгендей жануардың тұрқын көріп жыламаған адам қалмайды.
  10. Аталары жалғастырған достығы келер ұрпақ жалғастырсын дегендей болады.
  11. Топшысы қаршығаның топшысындай, қос шынтақ күреске түсетін балуанның білегіндей т.б.
  12. Қолтығында қанаты бар жылқы екен деп айтып, Шапқан сайын үдей түсетін, өрге салсаң, өршелен түсер ұшқыр, нағыз құйынның құйыны.

 

ІІ. «Өз жартыңды тап» дамыта – пысқықтау ойыны.

Мұғалім жұп карточкалар дайындайды: біреуінде сұрақтар, екіншісінде – жауаптарға арналған тірек  кестелер.  Бір сұрақ пен оның жауабына арналған карточканың түсі бірдей боады.  Оқушылар кез-келген түсті карточканы (әрқайсысы  — біреуін) таңдайды. Содан кейін оның түсі бойынша өзіне серігін іздеп, бірге отырып жұмыс жасайды.

 

№1 тапсырма

Сары түс №1

Құлагер қандай  жылқы?

Құлагер

№2

 

 

№ 3  Жасыл  түс

Құлагердің қайғылы оқиғасындағы негізгі кейіпкерлерге мінездеме бер.

 

 

 

 

№4 «Қозыкүрең» оқиғасы қай жылдары болды? Аяқталу себебі неде? Козыкүреңнің сипаты қандай?

 

 

 

№5 «Ақан» кім?

 

 

 

Қорытынды

Үйге тапсырма

«Менің сәйгүлігім» тақырыбына эссе жазып келу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сәкен Жүнісов «Ақырғы бәйге»

Тұманбай Молдағалиев «Бауырлар»

Қабдеш Жұмаділов «Қозыкүрең»

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: оқушыларға жазушы шығармаларын оқыта отырып, ойын барысында пысықтатамын.

Ә) Тәрбиелік: Оқушыларға адамгершілік , еңбек, ақыл – ой , имандылық тәрбиесін беремін.

Б) Дамытушылық: Оқушылардың жылдамдығын, шығармашылық қабілетін дамытамын.

 

Ұйымдастыру

Модуль құрылымымен таныстыру

Оқушыларды 4 топқа бөліп отырғызамын.

 

«Тұлғаны таны» ойыны

Жүргізуші ойынға қатысушыларға  парақтар таратады, оларға Қазақстан әдебиетінде  елеулі із қалдырған өнер, әдебиет қайраткерелерінің  портреті жабыстырылған.

Ойыншылар 5-6 адамнан топқа бөлініп отырады. Балалар портреттегі тұлғаның аты – жөнін, шығармалары мен қызмет кезеңін және т.б. еске түсіру қажет. Топ ішінде талдау 5 минуттан аспайды.

Өз командасын топтың ішінде бір адам қорғайды.

Жүргізуші сыныптағы неғұрлым толық жауап берген  команданы анықтайды. Жүргізуші ойынға қатысушы командаға рахметін айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1- топқа               Қабдеш Жұмаділов                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                             Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы

Қытай Халық Республикасының Іле қазақ автономиялы облысына қарасты Тарбағатай аймағында дүниеге келген. Туған жері Қазақстанға оралған соң, Қабдеш Жұмаділов әдебиетші болуды армандап,  әл-Фараби атындағы Қазақтың ұлттық университетінің филология факультетіне түсіп, 1965 жылы бітіріп шығады. Ол көркем шығарма жазуға студент кезінен бастап ден қояды. «Қаздар қайтып барады» деген алғашқы әңгімесінен-ақ ол жанына жақын тақырыпқа қалам тартқанын байқатты. Жазушының «Соңғы көш», «Дарабоз» роман-дилогиялары, ‘Тағдыр», «Атамекен»романдары, т.б. көркем шығармалары жарық көрген.

2 -топқа                                                                   Тұманбай Молдағалиев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тұманбай Молдағалиев Алматы облысындағы Жарсу деп аталатын ауылда 1935 жылы дүниеге келген. 1956 жылы әл-Фараби атындағы Қазақтың ұлттық университетін бітірген.

«Пионер», «Балдырған», «Жалын» журналдарында, «Жазушы» баспасында еңбек еткен.

Тұманбай Молдағалиевтің әдебиетке келген жылдары 1956 —1957 жылдар. Тұңғыш жинағы «Студент дәптері» деген атпен 1957 жылы жарық көрген. Алғашқы өлеңдерінен-ақ ақын жаңа кезең талабына сай жаңа ізденістердің бетін таныта білді.

 

 

3- топқа   Абай Құнанбаев

 

Кең-байтақ қазақ жерінің шығысындағы бір құтты қоныс, қасиетті аймақ ол кезде Семей облысы аталатын. Соның төскей төрінде көне тарихтың үнсіз куәсі — әйгілі Шыңғыс тауы жатыр мұнартып. Сол таудың көп бұлақ, көк өзенді жал-жоталары ақбоз үйлер мен төрт түлік малға толы жаз кезі-тін. Осы қалың ел ішіндегі көкмайса көркем қоныстағы бір ауылдың сәулеті өзгеше, сонысынан да ма, аздап сұстылау көрінетін. Міне, сол ауылда, 1845 жылдың тамыз айында нәресте дүниеге келді. Нәрестенің өмірге келуі, оның үстіне — ұл болуы — ол заманның қазағы үшін тіптен ерекше қуаныш еді. Ел молдасы азан айтып, баланың құлағына үш рет айқайлап, атын қойды. Былайғы қалың қазақтың қарапайым тілімен Ыбырайым демей, нәресте туған үйдің өзгешелігіне бейімдеп — арабшасына жақындата Ибраһим деп атады. Құрметті ақсақалдар мен ажары ашық бәйбішелер бала туған үлкен ақ үйге кіріп: «Бауы берік болсын! Ата-бабаларындай атақты, абыройлы болсын!» — десіп жатты. Шынында да, бұл баланың ата-бабалары өте атақты болатын. Арғы түбін айтпағанның өзінде, жас Ибраһимнің туған атасы әйгілі Өскенбай би еді. Ол кісі бұ күнде дүниеден қайтқан. Шыр етіп түскен сәбиді етегіне орап, көтеріп алған мейірбан жүзді қарт әйел, әне, сол қадірлі бидің бәйбішесі, яғни мына сәбидің туған әжесі Зере болатын. Әкесі — Өскенбай бидің өжет баласы, жасында жау түсіргіш қарулы жігіт болған, бүгінде ел «қарадан хан болған» деп марапаттайтын аға сұлтан Құнанбай-тын. Шешесі мінезге бай, ауылға жайлы, сонысымен аса сыйлы Ұлжан бәйбіше еді. Бұл кісі де текті жерден шыққан. Әсіресе өткір сықақ-мысқылға жүйріктігімен аты шыққан елдің қызы. Абайдың біреудің мінін ащы тілмен, ажуа-мысқылмен мінегіштігі шешесінің төркіндерінен — нағашы жұртынан жұққан десетін жұрт. Әлгінде үлкендер жаңа туған нәрестеге «ата-бабаларындай атақты, абыройлы болсын!» дегенде, меңзеп отырғандары осылар болатын.

 

4- топқа                                       Жамбыл Жабаев

 

Болашақ акын 1846 жылы ақпан айында казіргі Жамбыл  облысындағы Жамбыл тауының бөктерінде дүниеге келген. Ол жайында ақынның өзі “Менің өмірім» деген өлеңінде:

Қақаған қар аралас соғып боран,

Ел үрей — көк найзалы жау торыған.

Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын,

Жамбыл деп қойылыпты атым содан,

дейді. Әкесі Жапа кедей болғанмен, ат үстіне мығым, найзагер кісі екен. Ел ішінің дау-дамайына бітімгерлік сөзін айтқан кездері де болыпты. Шешесі Ұлдан мінезі байсалды, абысын-ажын арасында беделді, орайы келгенде өз жанынан қиыстырып өлең шығара беретін, әдемі дауысты әнші екен. Жамбылдың аталарынан әріректе өнерпаз, сері, палуандар, ділмар шешендер шыққан. Ал оның руы -Екейлер туралы айтылатын ел ішіндегі:

Екейде елу бақсы, сексен ақын, Жаратып мінеді екен ерттеп атын. Қобызы, домбырасы үнін қосып, Гулейді жын қаққандай кешке жақын, —

деген әзіл сөзде мол шындық бар. Жамбылдың ұстазы -әйгілі Сүйінбай ақын да осы Екей елінен шыққан

 

ІІ. «Жарысты жалғастыр» ойыны

  1. Жүргізуші сыныпты 3 командаға бөледі.
  2. Жүргізуші оқып – үйренуге тиісті мәтін береді. Белгі бойыша оқи бастаймыз (5-7 минут)
  3. Жүргізуші нөмірленген 3 парақ дайындап, оларды әр командаға береді. Белгі бойынша оқиғаларды, фактілерді, олардың мерзімдерін жазып үндеместен бір – біріне жылжытып отырады. (бірін – бірі қайталамауы тиіс). Бұған 3 минуттай уақыт бөлінеді.
  4. Ойынның қорытындысын шығару. Қай команда неғұрлым көп фактілерді, оқиғаларды, олардың мерзімдерін көрсеткенін; қай команда неғұрлым толық, нақты, анық жауап бергенін жүргізуші анықтайды. Жүргізуші жеңімпаздарды құттықтайды. Сөйлесу бөлімін «3»- ке, «4»-ке және «5» -ке бағалауға болады.

Тапсырма: Қозыкүрең оқиғасынан

ІҮ. «Бас қатырғылар базары»              оқыта – үйрету ойыны

(Үй тапсырмасы)

Оқушылар үйден сөзжұмбақтар, сөзтізбелер, тарихи домино, хронологиялық лото т.б. құрастырады да, сабақта соларды шешеді. Жеке де , ұжыммен  де жұмыс істеуге болады. Оқушыларға оқулықты, картаны, көмекші  және құжаттық материалдарды пайдалануға рұқсат етіледі. Жүргізуші ең белсенді, тапқырларды анықтайды. Үйде жұмыс істеген оқушыларды да, сабаққа белсене қатысқандарды атап өтеді.

 

Қорытынды.

Үйге тапсырма

Үйден Сәкен Жүнісовтің «Ақырғы бәйге»,     Тұманбай Молдағалиевтің «Бауырлар», Қабдеш Жұмаділовтің «Қозыкүреңін» оқып, тестке дайындалып келеміз.

 

Бағалау, мараппаттау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды бөлім  №1- сабақ

 

Сабақтың тақырыбы:Тұманбай Молдағалиев «Бауырлар»

Қабдеш Жұмаділов «Қозыкүрең»

Сәкен Жүнісов «Ақырғы бәйге»

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: оқушыларға ақын  жазушы шығармаларын пысықтатып, тест жұмысы барысында қорытындылатып, бақылаймын.

Ә) Тәрбиелік: Оқушыларға патриоттық , еңбек,  ақыл – ой , имандылық тәрбиесін беремін.

Б) Дамытушылық: Оқушылардың жылдамдығын, сауатылығын, ақыл-ойын, есте сақтау қабілетін бақылаймын.

 

Сабақ барысы                

І.  Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Тест тапсырмасын түсіндіремін

ІІІ. Тест 40 минут

 

Тест 5- сынып

Тест тапсырмалары

     Сызбаны толықтыр.

Сәкен Жүнісовтың шығармасы
Заманай мен Аманай
Жапандағы жалғыз

үй

  1.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  Сызбаны толықтыр.
Ұн езіп ішкізді
Сусыз сазға байлады
Қозыкүреңді қалай емдеді?

 

 

 

 

  1. Сөйлемді аяқта

Асқа келген жұрттың аузына Ақан мен Құлагер қатар …….

А) Шапты                       Ә) Ілікті                     Б) Сөйледі

 

4 . Сөйлемді аяқта

Төреқұл ең алдымен Күлайшаның шылбырынан ұстап, аттан түсірді , қол беріп …………

А) Амандасты                            Ә) Сайлады               Б) Таңдады

 

  1. Сөйлем дұрыс па?

Құлагер — жүйрік жылқы.

А) иә                    Ә) жоқ

 

  1. Сөйлем дұрыс па?

Күлайша Құлагерді сынады.

А) иә                   Ә) жоқ

 

  1. Сөйлемді дұрыс құра.
1
2
3
4
5
6
7
8
9

 

 

Құлдырап,    дара,     Құлагердің,     Мөңке,   кеп,   түскен,   басын,  берген,   тежей,

 

 

Көкөзекке, сәл

……………………………………………………………………………….

 

  1. Сөйлемді дұрыс құра.
3
6
7
8

 

 

Аққан,  шып-шып,   шекесінен,    көзіне,   берді,      қан,   жылымшы,   құйыла

…………………………………………………………………………………..

 

  1. Мына есімдерді өзінің мінген жылқысымен сәйкестендір.
А.Топайкөк
1. Ақан

 

Б.Ақалтеке
Ә. Құлагер
2. Ержан
3. Батыраштың ұлы
  1.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              Ақын – жазушыларды туған жылымен сәйкестендір.
1. С.Жүнісов
Б.1936 жыл
Ә. 1934 жыл
А.1935 жыл
3. Қ.Жұмаділов
2. Т.Молдағалиев

           

 

  1. С.Жүнісовтің шығармасындағы қатені тап.

А) Ақан сері
Ә) Жапандағы жалғыз үй
Б) Фантазия
В) Заманай мен Аманай

 

  1. Үстінде жеңі салақтаған кең шидем — шапан, басына елтірі бөрік киген,жағына пышақ жанығандай арық, шоқша сақал, шүйкиген шал кім?

А) Ақан
Ә) Күреңбай
Б) Сәйбек
В) Ералы

 

  1. «Пейзаж» дегеніміз не?

А) Ақын кейде жансыз табиғат құбылысын кәдімгі тірі адамға, жан

иесіне ұқсатып, жандандыра  құлпырта суреттеу .

Ә) Көркем  шығармада суреттелетін табиғат  көрінісі.

Б) Шағын көлемді, оқиғалы, адамға сабақ боларлық тағлымды шығарма.

В) Адамның әдебиетте сырт бітімін, кескін – кейпін, жүріс – тұрысын

суреттеу.

 

  1. «Портрет» дегеніміз не?

А) Ақын кейде жансыз табиғат құбылысын кәдімгі тірі адамға, жан

иесіне ұқсатып, жандандыра  құлпырта суреттеу .

Ә) Көркем  шығармада суреттелетін табиғат  көрінісі.

Б) Шағын көлемді, оқиғалы, адамға сабақ боларлық тағлымды шығарма.

В) Адамның әдебиетте сырт бітімін, кескін – кейпін, жүріс – тұрысын

суреттеу.

 

Топайкөк
Қозыкүрең
Құлаегер
  1. Сызбаны толтыр:

 

  1. «Футбол» ойыны (20 минут)

 

Шарты:

Сыныпты топқа, қатарға бөліп ойнатуға болады. Топтарға , қатарға  сұрақтар беріледі. Жауаптары нақты болуы керек. Сұраққа дұрыс жауап берген оқушыға «гол» деп айтады. Ал егер дұрыс жауап бере алмаса «аут» деп айтуға болады және келесі бір оқушыға беруге болады. Қай қатар көп гол соқса сол қатар, топ жеңіп  шығады. Ойын басталды.


Ойын сұрақтары: 

1  Нұсқа

 

 

  1. Қозыкүрең келгенде ауыл қай жерде отыр еді?
  2. Арқырай, кісіней келген жылқы қай тұстан келді?
  3. Қозыкүрең аяқтан қалғанда қандай ем қолданды?
  4. Қырғыздар қонаққа бас тарта ма?
  5. Ағыбайға Төреқұл қандай сыйлық жасайды?
  6. Жаршы жарысқа не тіккен деп айтады?
  7. Құлагермен қатарласа шапқан кім?
  8. Суретші бала кім?
  9. Қай қалаға жеткен соң жылқыны вагоннан түсіріп айдауға тура келді?
  10. Қозыкүрең өзін қалай жаратып, баптайды?
  11. Ақан қай тұстан өте бергенде қарқындатып ал деді?
  12. Ақан атын қай жерде тежеңкіре деп айтты ?
  13. Көкөзекке құлай түскен жалғыз жүйрік кімнің жүйрігі?
  14. Көкөзек сайында кездескен кім және өзі қалай киінген?
  15. Мөңкенің  құлауына не себеп?
  16. Құлаған Құлагердің жағдайы қандай?
  17. С.Жүнісовтың алғашқы әңгімесі.

 

  1. Ұзынбұлақтың Шұрық деген жерінде
  2. Батыс жақтан, қоңыр белден, ауылдың аяғынан келді.
  3. Ұн езіп ішкізіп, жылан жұтқызды.
  4. Жоқ тартпайды.
  5. «Қоянкөк» деген көк дөненін берді.
  6. Жаршы жарысқа: бас бәйге – бір тай тұяқ алтын, боталы інген, тай, құлынымен бір үйір жылқы; екінші – бір атан түйе, он құлынды бие; үшінші – бір қоспақ,  бес құлынды бие; төртінші- үш құлынды бие, бес қой; бесінші – бір құлынды бие, күміс кісе….
  7. Батыраштың үлкен ұлы.
  8. Ержан
  9. Орал
  10. Біраздан бері оттан, судан тыйылып, өзін-өзі мейіздей қатырып, жаратып жүр.
  11. Түйе тастан өте бергенде
  12. Ойлы-қырлы өзек ішінде
  13. Ақанның
  14. Батыраш, аузы басын тұмшалаған.
  15. Құлагердің басына тиген айбалта шекесін ойып жіберді.
  16. Шекесінен аққан қан жылымшылап көзіне құйыла берді. Тынысы тарылып көмейінен бұрын естімеген қорыл шықты , демі таусылып, қорылдап, қырылдай бастады. Тұла бойы сіресіп тартылып бара жаты
  17. Сонарда

 

 

 


ІІ нұсқасы

  1. С.Жүнісов қай жылы дүниеге келді?
  2. «Ақырғы бәйге» қандай романынан үзінді?
  3. Ақан серінің жүйрік жылқысы?
  4. Күреңбай кім?
  5. Қандай таудың етегінде үлкен ас болды?
  6. Азашы деген кімдер?
  7. Қошқарбайдың баласы кім?
  8. Құлагерге шапқан баланың аты?
  9. Т.Молдағалиев қай жерде дүниеге келді?
  10. Қ.Жұмаділов қай жылы дүниеге келді?
  11. Қ.Жұмаділовтің алғашқы әңгіме жинағы қалай аталады?
  12. Ағыбайдың немерелері  кімдер?
  13. Қазақ пен қырғыз қай тауды мекендеген?
  14. Қозыкүреңнің түрі қандай?
  15. Саяқбай кім?
  16. Қозыкүреңге  оқ атқан кім?
  17. Қозыкүрең оқиғасы қай жылы болды?
  18. Қу мүйіз деп нені айтады?
  19. Еділден не арқылы өтеді?
  20. Қозыкүреңдегі өзгерісті алғаш бай қаған кім?
  21. Қозыкүреңдегі өзгерісті байқаған Саяқбай не деді?
  22. Өрелеп жіберу дегеніміз не?
  23. Паромға жылқышылар қалай тиеді?
  24. Көкшенің дүлділі қандай жылқы?

 

 

ІІ нұсқаның жауаптары

  1. 1934 жылы
  2. Ақан сері
  3. Құлагер
  4. Сыншы
  5. Ереймен
  6. Асқа келуші адамдар
  7. Шашубай
  8. Мөңке
  9. Алматы облысы, Жарсу ауылы
  10. 1936
  11. Қаздар қайтып барады
  12. Ерқанат пен Ержан
  13. Алатау
  14. Қан жирен
  15. Кәрі жылқышы
  16. Капитан
  17. 1942 жылдың жазы
  18. Көп нәрсені бастан кешірген, ысылған, төселген.
  19. Паром
  20. Саяқбай
  21. Мына жылқы қашайын деп жүр, өз-өзін жаратып жүр.
  22. Жылқыны тұсап өрелеп, аяғына тұсау салып жіберу.
  23. Жылқыны шарбаққа қамап ығыстыра отырып тиейді.
  24. Құлагер

 

ІІІ нұсқа

  1. Құлагердің үстінде не бар?
  2. Күреңбайдың Құлагердің баптаушысына қарап және Құлагерге айтқан сөзі.
  3. Шақырушы Шашубайдың қолында өлең айтқанда пайдаланатын қандай аспабы бар?
  4. Ер – тұрманның кез келген бір бөлшегін айт.
  5. Қалай ойлайсыңдар аттың қамшылар жағы деген қай жағы?
  6. Ақанның Құлагері өлгендегі жан күйзелісін мәтіннен тап?
  7. Дүниежүзі қазақтары туралы не айта аласың, олар қазір қай елдерде тұрып жатыр?
  8. Жылқы, ат баптау туралы мақал – мәтел айт.
  9. Күреңбай Құлагерді қалай суреттейді? Мәтіннен тап.
  10. Бәйгеге ояз не тіккен?
  11. Мөңке қандай аттарды таныды?
  12. Шашубайдың қандай өнері бар?
  13. Жарқ еткен айбалта кімге тиді?
  14. Ержанның көзіне қазақ пен қырғыздан қандай айырмашылығы тапты?
  15. Қозыкүреңді көру үшін жұрт неге ағылып келіп жатты?
  16. «Біздің арамыздағы достықты енді балаларымыз жалғастырсын» деуінің мәні неде?
  17. Құлагердегі теңеу сөздерге мысал келтір?
  18. Күреңбай ақсақалдың «мынау пырақ екен» деуінің мәні неде?

 

ІІІ нұсқаның жауаптары

  1. Әдемі жабу
  2. Бап шаппайды, бақ шабады» демекші, баптаушысы да нағыз сабаз екен.
  3. Сырнайы бар.
  4. Құйысқан, ауыздық, ер, көпшік т.б.
  5. Оң жағы
  6. Ат дүбірі құлағына еміс – еміс естілгендей болды да іле: «Қарағым! Қарағым!» деген иесінің дірілдеген дауысы дәл түбінен шықты. Иесінің үсті де шылқылдаған су екен. Ағыл – тегіл көз жасына малып алғандай. Ақанның көзінен бір тамшы жас төгілмей тұнып тұр. Ақанның көзінен бір тамшы жас өлі көзге үзіліп түскенде,  жан біткендей дір етті.Ақан аһ ұрып он жыл серік болған аяулы досының жансыз көзін жапты.
  7. Дүние жүзі қазақтардың Құрылтайы 2006 жылы Бейбітішілік және келісім сарайында болып өтті. Қазақтар Қытайда, Ресейде, Өзбекстанда, Иранда т.б. көптеген елдерде тұрады.
  8. Ер арыса — аруақ, ат арыса -тулақ. Ат шаппайды, бап шабады.
  9. Он екі таспадан өрген бишіктей. Күзендей бүктеле шапқанда тұрқы бұзау тұлып аттарыңның екі-үш аттағанын бір-ақ алатын қарышты жануар. Терісі жұқа – көзел етіктің былғарысындай жұп-жұқа, ет пен терінің арасында бір май жоқ. Аяғы қаққан қазықтай тік, тұяғы мүжілмейтін. Быртық бақай, ит жіліншік, тазы тізелі, бөкен санды, сіңірі бура тілерсек.
  10. Медаль, күміс сағат, күміс таяқ
  11. Тарбағатайдың Тарланкөгі, Баянның Бурылы, Таразының Тарланы.
  12. Сырнайын тартып, ат үстінде түрлі ойындар көрсетіп, ән шырқайды.

13 . Құлагерге

  1. Қырғыздардың көзі сәл қысықтау, беттері сәл жалпақтау.
  2. Бейне бір майданнан келген жаралы солдатты көруге келгендей жануардың тұрқын көріп жыламаған адам қалмайды.
  3. Аталары жалғастырған достығы келер ұрпақ жалғастырсын дегендей болады.
  4. Топшысы қаршығаның топшысындай, қос шынтақ күреске түсетін балуанның білегіндей т.б.
  5. «Қолтығында қанаты бар жылқы екен» деп шапқан сайын үдей түсетін, өрге салсаң, өршелен түсер ұшқыр, нағыз құйынның құйыны. Шапқанда кеудесі қысылмайды. 13 – қабырғасы қысылмауға сеп.

 

Қорытынды

Марапаттау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалаймын.

Үйге тапсырма

«Менің  қиялдағы жүйрігім» тақырыбына  шағын эссе жазып келіңдер.