Т. Ахтанов. Окоп үстіндегі айқас.

Әбдіқалық Валентина  Жұмабайқызы

ОМИ мұғалімі

Ақтау қаласы

Әдебиет сабағы. 7-сынып

Тақырыбы: Т. Ахтанов. Окоп үстіндегі айқас.

Сабақ мақсаты: А.  Роман үзіндісін оқып, түсіну арқылы  мазмұнын меңгерту.  Ә.   Мазмұнын жүйелеп әңгімелеу, жазбаша диалог, қысқаша мазмұндама жазу дағдыларын жетілдіру. Ынтымақтасып жұмыс жасауға үйрету.Б.  Отанды сүю , ерлікті бағалау, адамгершілікті құрметтеу сезімдеріне тәрбиелеу.

Сабақ құрылымы мен қолданылатын әдіс-тәсілдер:  Блум таксономиясы, диалогтік оқыту әдісі.

Блум жүйесі сатыларыМеңгерілетін жұмыс мазмұныБерілетін тапсырмалар, сұрақтарОқушылар жететін нәтижеЖұмыс түрі
Білу:

берілген жаңа түсінікті ұғуы, еске ұстауы, мінездеме беруі

 

Майдан үсті. Лейтенант Ержаннын әрекеті.Көжектің сұрағына берілген жауапты түсіндір. Политрукты жерлеу рәсіміндегі жауынгерлер сезімін сипатта.Топтаса оқып, мәтін мазмұнын меңгереді.Әр топтан екі оқушы шығып, дөңгелене отырып, кезектесе сөйлейді.
Түсіну:

мазмұндау, түсіну, суреттеу, жаңа сөз тіркестерін жасауы

Раушан мен Ержан әрекеттеріСоғыста  нәзіктік пен жауапкершілік қатар сынға түскенде, таңдау мүмкіндігі қандай болмақ?Ең қымбат әрі қиын сәтті түсінеді.Екі топ әңгіме-дебат жасайды:бірі-соғыста сезімге ерік беруге болмайды; екіншісі-сезімсіз- ерлік тумайдыдеген ойды ашады.
Қолдану:

жаңа білімді тәжірибеде, жаңа жағдайда шеше алуы.

Кәкібайдың ерлігіЖау танкісін өткізбеуді басты мақсат еткен жанның әрекеті.Адам құдіретінің шексіздігін мәтін мазмұны бойынша дәлелдейдіБесінші топ мүшелері үзіндіні шынжырлы әдіспен жатқа айтады.
Талдау: алған білімін жіктеуі, негізгі түйінін аңғаруы, бүтінді байланыстыра отырып, бөліктерге бөлуі, айқындауы.Әңгіменің композициялық құрылысыБасталуы −  дамуы −шиеленісуі −шарықтау шегі −шешілуіОқиғаның жүйесін есте сақтайды.Төртінші топ зерттеушілік әңгіме жүргізеді: әр бөлігін жеке талдайды, дәлелдейді.
Жинақтау : дара болжамдардан тұтас ұғым тудыруы, құрастыруы, жинақтауы.Ерлік туралы диалогРаушанның ерлігі. Ержанның ерлігі. Кәкібайдың ерлігі. Жауынгерлер ерлігі.Оқушы пікірі тыңдалады.Үшінші топ кумулятивті әңгіме құрастырады: ауызша немесе жазбаша сұхбат жасайды
Бағалау: шешу,  пікір (сын –пайымдау) айту, шығару(оқушы дарынын анықтау)Маған ұнаған туынды.Шығарма мазмұны, кімнің бейнесі, несімен ұнады?Шығармашылық жұмыстар жасалынады.Эссе, ой толғау, өлең жазылады.

Келесі сабаққа тапсырма: «Егер арттан көмек келмесе …» Ержан әрекеттеріне болжау жасап көру. Мәтіннің мазмұндамаға лайық тұстарын белгілеу. Сауалнама құрастыру.