«Әдебиет көшбасшысы» сайысы

Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы,

Суықбұлақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет

пән мұғалімі Карибаева Зауре Оразбайқызы

 

Тақырыбы: «Әдебиет көшбасшысы» сайысы

Мақсаты. Білімділік: Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиет пәнінен өтілген материалдарды меңгергенін тексере отырып, білімділік дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: ана тілін сүюге, құрметтеуге, ізденпаздыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқулық және қосымша материалдарды деректерін тиімді пайдаланып, ғылыми танымдық қабілеттерін жетілдіру.

1.Үш сыныптан әдебиетке бейім 3 оқушы іріктелініп алынады. 2.Ол оқушылар таныстырылады.

Сайыс 4 – кезеңнен тұрады.

1 – кезең  : “Бәйге”.

2 – кезең :  “Тіл өнері”.

3 – кезең :  “Ойлан тап”.

4 – кезең : “Тапқырлар”

5 – кезең : “Жорға”.

1 – кезең: «Бәйге». 12 сұрақ беріледі.

1.Әдеби тілдік неше формасы бар? (ауызша, жазбаша)

2.Жұрнақтың неше түрі бар, ата. (сөз тудырушы, сөз түрлендіруші)

3.Сөздің тура мағынасы (затты я құбылысты атап көрсетеді)

4.Сөздің ауыспалы мағынасы дегеніміз не? (бір заттың негізгі атауын екінші бір затқа атау етіп, ауыстырып қолданылуынан туған сөз)

5.Деректі зат есім (көреміз, ұстаймыз)

6.Омоним дегеніміз не? ( біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ мағынасы басқа)

  1. «Аякөз қайда барасың?» өлеңінің авторы (Д.Бабатайұлы)
  2. «Екі шыбын» шығармасы кімдікі? (А.Байтұрсынов)
  3. Абайдың аяқталмай қалған поэмасы (Әзімнің әңгімесі)

10.Абайдың неше қара сөзі бар? (45)

  1. «Тарланым» кімнің шығармасы? (Махамбет Өтемісұлы)
  2. «Өзен» өлеңі кімдікі? (Ы.Алтынсарин)

2 – кезең: Тіл өнері. Мақал – мәтелдер беріледі. Соның бір сөзін орыс және ағылшын тіліне аудару.

1.Бірлікті ел бұзылмас. Ел – страна – country

2.Татулық табылмас – бақыт. Бақыт – счастье – happy

3.Білімдіден шыққан сөз. Сөз – слово – word

4.Тіліңмен жүгірме біліммен жүгір. Білім – знания – educatijn

5.Тас жармаса бас жарады. Тас – камень – stone

6.Ашу дұшпан, ақыл дос. Ақыл – ум – claver

7.Адал еңбек аздырмас, арамдық бойды жаздырар. Еңбек – труд – labour

3 – кезең:  «Ойлан тап».
1.Жыланды қалай інінен шығарамыз?
(Жылы-жылы сөйлесе, жылан інінен шығады)
2.Инемен құдық қазуға бола ма?
(Білім инемен құдық қазғандай)
3.Аппақ қарға бола ма?
(Қарға баласын аппағым дейді)
4.Ең тәтті не?
(Ананың сүті тәті,баланың тілі тәтті)
5.Қар жана ма?
(Қалауын тапса,қар жанады)
6.Оттан да  не ыстық?
(Отан оттан да ыстық)
7.Тауық түс көре ме?
(Тауықтың түсіне тары кіреді)
8.Кімнен кім жаман?
(Олақтан салақ жаман)
9.Шашу мен жинаудың қайсысы оңай?
(Шашу оңай,жинау қиын)
10.Білгенің қанша,білмегенің қанша?
(Білгенің бір тоғыз,білмегенің тоқсан тоғыз)
11.Адамның қай мүшесі қорқақ,қай мүшесі батыр?
(Көз қорқақ,қол батыр)
12.Отқа түсіп күймеуге бола ма?
(Отан үшін отқа түс күймейсің)
13.Көрдім,көрмедім деген неше сөз?
(Көрдім деген көп сөз,көрмедім деген бір сөз)
14.Ер қаруы неше?
(Ер қаруы бес қару)
15.Етікті қонышынан басуға бола ма?
(Қолыңнан келсе, қонышынан бас)

4 – кезең: «Тапқырлар»

 Бақытты балалық шақ, күлімдеп күндей

Сөз тіркестерін қатыстырып екі шумақ өлең құрастыру.

5 – кезең: «Жорға» Лездік сұрақтар «Авторын тап!»

1.«Көксерек» повесінің авторы

  1. «Тарланым» өлеңінің авторы
  2. «Өтеген батыр» дастанының авторы
  3. «Саятшы Ораз» шығармасының авторы
  4. «Бір адамға» өлеңінің авторы

Ұпайы көп оқушы «Әдебиет көшбасшысы» атанады.