А.Байтұрсынов -ұлттың ұлы ұстазы

Сабақтың тақырыбы: А.Байтұрсынов -ұлттың ұлы ұстазы

 

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік:  Ахметтің өмірі мен шығармашылығынан білімдерін пысықтау. Ахметтің халқы үшін еңбектерінің мәнін жоғары екендігін ұғындыру.

б) дамытушылық: Оқушылардың ізденімпаздық қабілеті мен шығармашылық ой-өрісін дамыту. Өз ойын жеткізе білуге  баулу.

ә) тәрбиелік: Отансүйгіштікке, адамгершілікке, еңбекқорлыққа  тәрбиелеу.

Жақсы  қасиеттерге баулу.

Сабақтың түрі: Әдеби калейдоскоп

Сабақтың әдісі: Мәнерлеп оқу,сұрақ-жауап,ізденушілік қабілеттерін ояту,ойландыру.

Сабақтың көрнекілігі: Сиқырлы сандық,слайдтар.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру.

-Құрметті ұстаздар мен оқушылар!Биылғы жыл халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері,кешегі Абай,Ыбырай,Шоқан салған ағартушылық,демократтық бағытты ілгері жалғастырушы,ірі ғалым,көсемсөз шебері,түркітанушы, дарынды ақын,аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 140 жыл толған мерейлі жыл. Осыдан он бес жылдай бұрын Ахмет есімі қазаққа қайтып оралғанда ғұлама ғалымның зор еңбегі бөгетті бұзған дариядай екпінмен келіп, ұлттық білім мен мәдениетімізді, саяси өмірімізді ғажап байлыққа кенелтті.Ол айтқан ақыл-кеңес, қозғаған мәселелер,жазып кеткен сан алуан салиқалы туындылары бүгінгі күн талабымен оп-оңай үндесіп, бір арнаға тоғыса қалды. Ендеше, ел боламыз десек А.Байтұрсынов қалдырған рухани мұраны толық игеріп, ол шыққан ұлттық идея биігінен көрінуіміз керек. Бүгінгі А.Байтұрсынов –ұлттың  ұлы  ұстазы атты әдеби калейдоскоп ойынына  қош келдіңіздер.

ІІ. Сайысты өткізу барысы

І. Таныстыру

ІІ. Сұрақ-жауап

ІІІ. Өлеңді жатқа айту

ІҮ. Адасқан әріптер

Ү. Жанкүйер сайысы

ҮІ. Мысалынан көрініс көрсету

ҮІІ. Сиқырлы сандық

Бұл ойын 2 топтың арасында 7-кезең бойынша өтеді.

7-сынып оқушыларынан құралған екі топ қатысады.

І.  Сұңқар тобы

ІІ. Тұлпар тобы

Әділқазы мүшелерін сайлап алу.

  • кезең топ оқушылары өздерін таныстырып өтсін.
  • кезең сұрақ-жауап. Топтар түстерді таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді.
  • кезең өлеңдерін жатқа айту.
  • кезең Мына сөздердегі әріптердің орындары ауысып кеткен, оларды орындарына дұрыс қойсаң, мысалдардағы жануарлар мен жәндіктердің аттары шығады.
  • кезең Сұрақтар қойылады.
  • кезең топтар А. Байтұрсыновтың мысалдарынан көрініс көрсету.
  • кезең «Сиқырлы сандық» ойыны.

Ән: «Аққұм» сөзі мен әуені А. Байтұрсыновтікі

Орындайтын: М. Шайзада .

ІІІ. Қорытындылау.

  • Жеңімпаз топты анықтау үшін сөз әділқазылар алқасына беріледі.
  • Мұғалім сөзі:

А. Байтұрсынов қазақ елінің аспандағы жарық жұлдызы. Ахмет- терең мұхит секілді.

Біз сол мұхиттың бір тамшысынан ғана нәр алдық. Себебі, Ахмет атамыздың шығармашылық өмір жолын, өзіндік ерекшеліктерін жете анықтап білу үшін оның сан тарау еңбектерін бір- бірімен сабақтастыра отырып, әрбір жеке салаларын терең талдап тану қажет. Сонда ғана Ахмет сынды таланттың табиғатына, бітіміне, түгел көз жіберіп, біршама кең пайымдаулар жасауға мүмкіндік туады.Ендеше, Естілердің айтқанын ескеріп, жүрген кісі өзі де есті болады ,-деп Ахмет үлгі тұтқан ұлы Абай айтқандай, біз де Ахмет атамыз жинап-терген асыл мұраларымызды ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, кәдеге жарата білейік демекпіз.

 

Күй орындайтын: Ебелеков Б.