Абай шығармаларының мәні
Сабақтың тақырыбы : Абай шығармаларының мәні
Сабақтың мақсаты :
а ) Оқушылардың Абай туралы білімдерін қорыту , жинақтау ;
ә )Оқушыларды білімділікке , байқампаздыққа тәрбиелеу,эстетикалық тәрбие беру.
б ) Шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, сөз мәдениетін жетілдіру.
Сабақтың түрі : дәстүрлі емес, шығармашылық ізденіс сабағы .
Сабақтың типі : жинақтау .
Оқыту формасы : бірлескен ұжымдық іс — әрекет .
Сабақтың әдісі : сұрақ — жауап , талдау , ой бөлісу .
Пәнаралық байланыс : қазақ тілі
Көрнекілігі : интерактивті тақта , иллюстрациялық суреттер , қосымша материалдар , семантикалық карта .
Сабақтың барысы : І . Ұйымдастыру кезеңі . Сәлемдесіп , сабаққа қатысуы
қадағаланады .
ІІ . Үй тапсырмасын тексеру .
1 . Сұрақтар беріледі .
2 . Семантикалық карта толтырылады .
3 . «Өлең – сөздің патшасы , сөз сарасы»
өлеңінің 6 шумағын жатқа айту.
ІІІ . Білімді жалпылау . Деңгейлік тапсырмалар :
1 – деңгейдегі тапсырма мемлекеттік
стандарттық деңгей .
2 – деңгей . Ұжымдық .
3 — деңгей . Табиғат лирикасы .
4- Венн диаграммасы « Абай мен Шәкәрім » салыстыру .
5 — деңгей . «Адам болам десеңіз…» ойтолғау .
Кіріспе . Асыл сөзді іздесең ,
Абайды оқы , ерінбе ? — деп Сұлтанмахмұт айтқандай , Абай – туған халқының, болашақ ұрпақтың өнегелі тәрбиешісі , ана тілінің , қазақ поэзиясының өсіп гүлденуіне зор үлес қосқан қамқоршысы . Олай болса , 1 – деңгейлік тапсырма :
«Адамның кейбір кездері» өлеңіне СКТ жасау .
( интерактивті тақтада жүргізіледі ) .
2 – деңгей . Ұжымдық . Абай поэзиясы — махаббат , сүйіспеншілікке толы поэзия . Ақынның қай туындысы болмасын , оның алтын арқауы болып , адам тұрады , адамға деген махаббат тұрады . Ақын поэзиясындағы толық адамдардың бейнесі жасалынған .
Тапсырма . Даналық ойға құрылған шешендік қасиеті мол өнегелі сөздеріне назар аударайық . ( Берілген тапсырманы орындау .)
Еркін жауап . Асыл сөздің жалғасын тап .
- Жұмысы жоқтық ,
Тамағы тоқтық
( . . . . )
- Үш – ақ нәрсе адамның қасиеті :
( . . . . )
3 . Өткірдің жүзі ,
Кестенің бізі ( . . . . )
Жалғастыру .
3 — деңгей . Абайдың табиғат лирикасы .
1- тапсырма . « Қыс » өлеңі .
а ). Ақын қысты қандай бейнеде суреттеген ?
ә ). Қыстағы адамдардың тіршілігі қалай бейнеленген ?
б ). Кейіптеу дегеніміз не ? мысал келтір
в ) . Алты қанат ақ орда үй шайқалды . Лексика — грамматикалық
талдау .
2 — тапсырма . « Күз » өлеңі .
а ) . Өлеңде күздің қандай белгілері суреттеледі ?
ә ). Өлеңде ауыл тұрмысын қалай бейнеленген ?
б ). Эпитет деген не ? «Күз » өлеңінен эпитетке мысал келтір .
в ). Жастар күлмес , жүгірмес бала шулай . қарамен жазылған сөзге СКТ
( фонетикалық ) .
4- деңгей . Венн диаграммасы « Абай мен Шәкәрім » салыстыру .
5 — деңгей . «Адам болам десеңіз … » ( ой толғау ) . 5 мин .
талап рақым
қанағат
еңбек терең ой
өсек өтірік
еріншек
мақтаншақ бекер мал шашпақ
ІV . Қорыту : Халқымыздың рухани өмірі аспанында , халықтар достығыны қайнар бастауында мәңгілік жарқырап тұратын үш жұлдыз бар .
Олар : Шоқан , Ыбырай , Абай ! Ал бүгінгі сөзіміз сол үштің бірі — А . Құнанбай жайында болды Абай атамыздың ұрпағынан қалдырған мұрасы ұлан – ғайыр. Ұрпақтарына үлгі — өнеге боларлық , тәлім аларлық бай мұра қалдырды .
V . Үй тапсырмасы . 17 — қарасөзін жаттау .
Қай өлеңімен үндестірер едің ? ( талдау )
VІ . Бағалау.