Жемістер
Сабақтың тақырыбы: Жемістер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:. Жемістердің құрылысын, олардың бір-бірінен ерекшеліктерін ажырата білу
Дамытушылық: Жемістердің көптүрлілігін, кездесетін жерлерін және бұрыннан білетін білімдерін кеңейту
Тәрбиелік: Оқушыларды әсемдікке, сұлулыққа, табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу
Сабақтың типі: Жаңа сабақты игеру
Сабақтың көрнекілігі:
І Кіріспе
Ұйымдастыру кезеңі: — оқушылармен амандасу
— сыныптың тазалығын тексеру
— сыныптың кезекшілігін анықтау
— оқушыларды түгендеу
— сабаққа дайындықтарын тексеру
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
- Жынысты көбеюге гүлдің қай бөлімдері қатынасады?
- Тозаңдану деген не, оның қандай түрін білесіңдер?
- Бунақденелілермен тозаңданатын өсімдіктердің негізгі ерекшеліктері қандай?
- Өсімдіктер жел арқылы айқас тозаңдануға қалай бейімделген?
- Ұрықтану қай кезде жүреді?
- Ұрықтану жолын түсіндіріңдер.
Желмен және бунақденелілермен айқас тозаңданатын өсімдіктерге тән
түсініктемелердегі белгілердің рет санын тиісті орнына жаз:
Желмен айқас тозаңданатын өсімдіктер | Бунақденелілермен айқас тозаңданатын өсімдіктер |
1.Тозаңдары құрғақ, майда, жеңіл, өте көп. 2. Гүл күлтелері ашық реңді. 3. Аталық жіпшелері ұзын, төмен қарай иіліп сәл ғана қимылға тербеліп тұрады. 4. Гүлдері аңқыған хош иісті. 5. Гүлдері реңсіз. 6. Гүлдеріндегі шірнеліктерінен тәтті шірне бөледі. 7. Аналық аузы ірі, түкті. 8. Гүлдерінде иіс болмайды. 9. Тозаңдарының ең сыртқы қабығы қалың, тікенкеті, ілмешекті, бүртікті, өсінділері болатындықтан тегіс емес. 10. Гүлдері көбінесе жай гүлсерікті. 11. Гүлдері қос гүлсерікті, пішіндері алуан түрі. 12. Гүлінде шірнеліктері болмайды.
ІІ Негізгі бөлім. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі
ІІІ Қорытынды. Бекіту кезеңі.
А
- Жеміс гүлдің қай бөлігінен пайда болады?
- Олар неше топқа бөлінеді?
- Шырынды жемістер неше түрге бөлінеді?
Б
- Неліктен құрғақ жемістер деп аталады?
- Құлпынай жемісін не себепті шырынды жеміске жатқызбайды?
В
- Бұршаққап пен бұршаққынның айырмашылығын түсіндіріңдер.
- Жидек жеміс пен жидек тәрізді жемістерді сипаттап мысалмен дәлелдеңдер.
№11-зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: Шырынды және құрғақ жемістермен танысу.
Мақсаты: Құрғақ және шырынды жемістердің құрылысын қарап, өзіндік ерекшеліктерін зерттеу.
Құрал-жабдықтар: өрік, шие, қияр, асқабақ, алма, алмұрт, таңқурай жемістері, картоп түйнегі, сәбіздің жемтамыры, шалғам (редиска), қырыққабат бұршаққыны, асбұршақ, үрмебұршақтың бұршаққабы, үйеңкінің қанатшасы, бидай дәнегі, күнбағыстың тұқымшасы, емен жаңғағы және т.б. (табылғандарын алу)
Жұмыстың барысы:
- Үлестірілген жемістерден шырындысын бір бөлек, құрғақтарын жеке бөліп алу.
- Шырынды жемістердің сүйектісін бір бөлек, жидектерін бір бөлек ажырату. Сүйекті шырынды жемісті ұстарамен екіге бөліп суретін салу.
- Жидек жемістіде ортасынан жарып ішіндегі тұқымдарын санау, сүйекті жеміспен салыстыру.
- Картоп түйнегі, сәбіз, қызылшаның жемтамырларын жарып көріп жеміспен салыстырып, жеміс еместігіне көз жеткізу.
- Құрғақ жемістердің түрлерін оқулықтағы суретпен салыстырып бір-бірінен айырмашылықтарын қарап, ішіндегі тұқымдарын санау, жемістің құрғақ екенін байқау.
Нәтижесі: 1) Кестені толтыр:
Өсімдіктің аты | Жемістер | Жеміс түрлері | Тұқым саны | ||||
құрғақ | шырынды | біреу | екеу | көп | |||
Алма | |||||||
Қарбыз | |||||||
Мандарин | |||||||
Өрік | |||||||
Асбұршақ | |||||||
Күнбағыс | |||||||
Емен | |||||||
Бидай | |||||||
Үйеңкі |
2) Берілген суретте қандай өсімдіктің жемісі бейнеленген? ______________________
Бұл жеміс жемістердің қай тобына жатады, неліктен? ________________________________________________ |
Қорытынды:________________________________
IV Үй тапсырмасын беру кезеңі: §26 оқу, 87 беттегң кесте толтыру
V Бағалау. Оқушыларды бағалау.