Қолхат. Түсініктеме
Сабақ тақырыбы: Қолхат. Түсініктеме.
Сабақтың мақсаты: Қолхат және түсініктеме туралы мәлімет беру және жазу жолдарын меңгеру.
Сабақтың өту барысы:
- Оқушыларды түгелдеу.
- Жаңа тақырыпты түсіндіру.
- Тапсырмалар орындау.
- Сабақты бекіту.
- Үйге тапсырма.
Жаңа тақырыпты түсіндіру
ҚОЛХАТ — белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын және оны белгілі бір мерзімде қайтарып беретіндігін міндеттеп, азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін ресми құжат түрі. Бұл бағасы төмен құндылықтарды уақытша пайдалану жағдайында рәсімделеді. Сондықтан қолхат негізінен мекемеішілік қатынастарда жиі қолданылады.
Қолхаттың мазмұндық-құрылымдық жүйесі:
— құжаттың аты;
— қолхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі);
— қолхат алушы туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі);
— алынғат заттың атауы (егер ақша болса, көлемі санмен де, жазбаша да көрсетіледі);
— қайтарылатын нақты уақыты;
— қайтара алмаған жағдайдағы шарты;
— қолхат жазылған күн;
— тараптардың қолы;
— мекеме мөрі.
Сөздік:
қолхат- расписка азамат- гражданин мерзім-срок кепілақы- задаток қарыз- долг
ақша- деньги уәде- обещание қайтарып беру- вернуть, возвращать алу-брать
кабылдап алу- принять уақытында-вовремя кепіл ақы- задаток
Үлгі:
Қолхат
Мен ИИТ-02-17 тобының студенті Мәлік Нұршаұлы, университеттің қазақ тілінде оқу залынан уақытша пайдалану ушін «Қазақстан» энциклопедиясын (бағасы 1000 теңге) алдым. Кітапты бір аптада қайтарып беремін деп міндеттенемін. Жеке куәлік нөмірі …
15 ақпан ,2003ж. (қолы)
Расписка
Я, студент группы ИИТ-02-17 Малик Нуршаулы, взял в читальном зале «Қазак тілі» для временного пользования энциклопедию «Казахстан» (стоимостью 1000 теңге). Обязуюсь вернуть книгу в течении недели.
Номер удостоверения личности.
15 февраля, 2003 г. (подпись)
Қолхат
Мен, Әйгерім Асылбекқызы Қозыбаева Алматы қаласы Таугүл-1 шағын ауданы 84 үй, 31 пәтердің тұрғыны, жеке басымның куәлігі №123456789 ҚР ІІМ-гі берген, Алматы қаласы Абай даңғылы, 25 үй, 64 пәтерде тұратын азамат Арман Мұхитұлы Асқаровтан, жеке куәлігі №123456789 ҚР ІІМ-гі берген 3000(үш мың) АҚШ долларын алдым.
2003 жылы 15 қыркүйекте жасалган келісім-шартқа сәйкес 2003 жылгы 10-шы қыркүйектен 10 желтоқсанга дейін алынған ақшаның пайызын төлеп түруға міндеттенемін. Пайыз көлемі келісім-шартта көрсетілген. Азамат Асқаров Мұхитүлы Арманның міндетін орындауына басқа талабым жоқ.
10.12.2003жыл қолы
Қолхат
Мен, ФИТ-02-Іқ тобының студенті Ержан Бауыржанұлы Хайрош, университеттің сызба-геометрия кафедрасынан штангенциркуль (500 теңге) алдым. Штангенциркульді бір
жетіде қайтарып беремін деп міндеттенемін. Жеке куәлік №11655223.
24.03.03 колы
Х.Б.Ержанның қолын растаймын.
ТҮСІНІКТЕМЕ
Негізгі мәтін кіріспе сөзден басталады. Мысалы, «Менін Сізге арыз беру себебім,». Ары қарай қүжаттың мәнін ашатын, арыз жазуға себеп болып отырған негізгі мәселе соз болады. Мәтін соңында қүнделіқті қызмет этикасын сақтау сөздерін қолдана отырып адресаттан қандай шешім күтетіндігі жазылады. Мысалы, «Айтылғандарды ескере отырып шара қолдануыңызды сүраймын», «Нүсқау беруіңізді сүраймын» т.б. Мәтін парақтың бар кеңдігіне, тақырыптан төмен жазылады.
Жазылу мерзімі. Арыздың жазылған күні, айы (жазбаша) және жылы көрсетіледі. Жазылу мерзімі негізгі мәтіннен төмен, парактың сол жақ бөлігінде орналасады. Мысалы,
24 наурыз 2000 жыл.
Қолы. Арыз жазушының атқаратын қызметінің толық ресми аты жазылады, кол қойылады. Парақтың оң жағына фамилиясы, аты-жөні жазылады. Мысалы,
Қазақ-Британ техникалық университеті
қазақ тілі кафедрасының
оқытушысы ________Бекенова А.К.
(қолы)
Егер арызға кол қоюшылар бірнешеу болса онда олар иерархиялық тортіппен я болмаса алфавит төртібімен жазылады. Қол қоюшылар өте көп болатын болса онда арызға қол қою парағы тіркелді.
Арыз мазмүнымен келісуші қолы қойылғанда келісім туралы қысқаша ақпарат та жазылады. Мысалы, «Келісемін», «Қарсы емеспін». Бұл жерде де датасы жазылып, атқаратын қызметі көрсетіледі.
Ескерту: 1. Егер арыз бірнеше адамның атына қатар жазылса, олардың барлығының ресми қызметі, аты-жөні адресацияда көрсетілуі керек.
2. Егер арыз бірнеше адамның атынан жазылса, олар иерархиялық тәртіппен я болмаса алфавит ретімен жазылады.
- Арыз қолмен де, компьютермен де қатесіз жазылуы тиіс.