Анықтама үлгілері туралы мәлімет беру, оларды жаза біліп, жіберуге және қабылдауға үйрету
Сабақ тақырыбы: Анықтама.
Сабақтың мақсаты: Анықтама үлгілері туралы мәлімет беру, оларды жаза біліп, жіберуге және қабылдауға үйрету.
Сабақтың өту барысы:
- Оқушыларды түгелдеу.
- Жаңа тақырыпты түсіндіру.
- Тапсырмалар орындау.
- Сабақты бекіту.
- Үйге тапсырма.
Жаңа тақырыпты түсіндіру
АНЫҚТАМА
Анықтама — мазмұны белгілі бір фактіні я оқиғаны дәлелдейтін, растайтын, сипаттайтын акпараттық-анықтамалық іс қағазының түрі.
Өмірдің түрлі жағдайларына байланысты бізге әр кезеңде, түрлі мекемелерге барып әр мазмұнда анықтамалар алуға тура келеді.Біздің жеке басымызды куәландыратын қүжаттарды жоғалтып алғанда да анықтама оның орнын уақытша ауыстыра алады.
Мекеме жетекшісі өз билігі мен өкілеттігінің шеңберіне анықтама беруге нұсқау береді және оны растап қол қояды.
І.Анықтама көп жағдайда жеке адамға байланысты нақты бір ақпаратты растау үшін беріледі. Мысалы, фамилиясы, аты-жөні, туған күні, туған жері, еңбек стажы, атқаратын қызметі, білімі туралы мөләмет, мамандығы т.б.
Анықтамада берілген мәлімет әркез мұқият тексерілуі кажет. Мәліметтің дәлдігін тексерумен кадр бөлімінің қызметкері я ұйым жетекшісі, өкілдік берген секретариат қызметкері айналысады. Анықтамадағы қызметтік сипаттағы мәліметті тиісті бөлім қызметкері тексереді. Мысалы, еңбекақы туралы мәліметті бухгалтерия бөлімінің қызметкері тексеріп, дайындайды. Анықтама беру журналындағы рет санының өсу тәртібіне орай әр анықтамаға нөмір қойылады және бірнеше дана берілсе, ол да көрсетіледі. Мысалы, «422/2»,Берілген анықтаманың көшірмесі мекемеде қалдырылмайды. Кейбір ерекше жағдайда көшірмесі қалдырылатан болса, ол жеке іс папкасына немесе қызметкердің жеке ісіне тігіледі. Анықтама А5 форматты параққа дайындалады. Кейбір көлемі үлкен анықтамалар үшін А4 форматты қағаз парағы пайдаланылады.
Анықтаманың мазмұндық- құрылымдық жүйесі:.
*құжат аты;
*негізгі мәтін;
*анықтаманың қай үйымға берілгені туралы мәлімет;
*анықтаманың жарамдылық мерзімі жайлы мәлімет;
*анықтаманы беріп отырған үйымның мөрі мен анъгқ-
тама беруші адамның қолы.
Құжат аты. Қүжат аты үлкен әріптермен парақтың ортасына жазылады.
Негізгі мәтін. Негізгі мәтін анықтаманың берілу мақсатына қарай, жүйелі түрде жазылады. Мысалы, «Осы анықтама Бердібаева Айгул Оралбекқызына, оның Абай атындагы Алматы Мемлекеттік университеті Қазақ филологиясы факультеті кундізгі бөлімінің III курсында оқитынын растау үшін берілді. »
Аныктаманың қай үйымға арналып берілгені туралы мәлімет. Бұл мәлімет негізгі мәтіннен төмен, азат жолдан басталып жазылады. Мысалы,
«Анықтама Алматы қаласы Алмалы аудандық паспорт бөліміне көрсету ушін берілді. » Немесе «Анықтама теміржол жәпе аэрофлот касаларына көрсету ушін берілді. »
Анықтаманың жарамдылық мерзімі туралы мәлімет.
Бұл мәлімет те жаңа жолдан жазылады және берілген анықтаманың қай мерзімге дейін күші бар екендігі көрсетіледі. Мысалы,
«Анықтама 2000 жылдың 31 желтоқсаныпа дейін жарамды » немесе »Анықтама берілген куннен бастап 3 аыга дейін жарамды «.
Анықтама беруші адамның қолы. Бұл молімет анықтаманың жарамдылық мерзімінен кейін жаңа жолдан 2 см-дей қалдырылып барып жазылады. Аяықтама беруші тұлғаның лауазымы жазылады, қолы қойылады және фамилиясы аты-жөні беріледі. Мысалы,
Қазақ филологыясы
факультетініц деканы Сагымбеков Т.С. (қолы)
Анықтама беруші жауапты адамның қолы ұйым мөрімен расталады. Егер мөр қойылатын арнайы орын көрсетілмесе, мөр жауапты адам туралы мәліметтің сол жағына 1-2 см-дей жерге басылады. Мысалы,
№ 301 балалар бақшасының меңгерушісі ^__^^_ Сейітқазиева Қ. С. (қолы)
мөр орны
Егер анықтама жоғары тұрған ұйымға берілсе, онда ол арнайы бланкте дайындалып, оған ұйым жетекшісі қол қояды.
Кез-келген анықтаманың тіркелген нөмірі, жауапты адамның колы, мекеме мөрі болғанда ғана заңды күші бар.
Үлгі
Анықтама
Жумагулова Өміргул Ақанқызы Абай атындагы Алматы мемлекеттік университетінің гылыми диссертаия залына «Қазақ тіліндегі көсемшенің магынасы мен қызметінің дамуы» атты тақырыпта жазылган кандидаттық диссертацияның 1 (бір) данасын авторефераттың 2 (екі) данасын 1999 жылдың 2ақпанында тапсырды.
Анықтама диссертациялық кеңеске тапсыру үші н берілді.
Кітапханашы:
ІІ. Анықтама белгілі бір мекемелердегі, ұйымдардағы немесе олардың бөлімшелеріндегі жұмыс түрлерін тексеріп қорытындылау, бағалау мақсатында да жазылады. Ондай анықтамалар арқылы белгілі бір өкілдігі бар адамдар тобы тексерілген істер бойьшша (мысалы оқу орнының оқу-тәрбие жұмысьш тексеру, өндіріс орындарының міндеттемелерін орындау жөніндегі іс-шараларын текесеру т.б.) өз пікірлері мен қорытындысын жоғарғы ұйымға, басшыларға жеткізеді.
Анықтамада тексерудің мақсатына қарай барлық фактілер мен оқиғалар рет-ретімен жүйелі түрде жазылуға тиіс.
СӨЗДІК
анықтама қағаз жұмыс орнынан анықтама алуанықтама беруанықтама бюросы
растауқорытындылаубағалаужеткізу
— справка, справочный- справка- принести справку с места работы
— дать справку
— справочное бюро
— удостоверять, подверждать
— сделать вывод
Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі: Күні _____________
№
Сабақ тақырыбы: Өмірбаян.Жазылу ерекшеліктері.
Сабақтың мақсаты:Өмірбаян үлгілері туралы мәлімет беру, оларды жаза біліп, жіберуге және қабылдауға үйрету.
Сабақтың өту барысы:
- Оқушыларды түгелдеу.
- Жаңа тақырыпты түсіндіру.
- Тапсырмалар орындау.
- Сабақты бекіту.
- Үйге тапсырма.
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Өмірбаян.
Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жасалған ресми құжат. Әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және т.б. қосымша мәліметтер көрсетіледі.
. Тәжірибеде өмірбаян үш түрлі болып жазылады. Бірі-адамның өз өмірі мен қызметі туралы баяндауы. Бұл көбінесе қызметке орналасу кезіндегі жеке іс қағазына қоса тігілу үшін жазылады. Онда адам өзінің аты-жөнін, туған күнін, толық көрсетеді. Одан кейін жаңа жолдан нақты деректермен санамалап жазады. Өмірбаянның бұл түрі көбінесе ресми түрде жазылады да, көлемі жағынан шағын болады.
Өмірбаянның екінші түрі — мемуарлар, яғни акын, жазушылардың, өнер, қоғам қайраткерлерінің өз өмірін қоғам өмірімен байланыстыра баяндауы. Мұндай өмірбаяндар көркем шығармаға жақын, әдеби тілмен, шебер жазылғандығымен оқырманды тартады және ол оқырманды жеке адам өмірімен ғана емес, қоғам дамуымен таныстырады. Мұндай шығармалар кай тілде болмасын өте көп және қара сөзбен де, өлең сөзбен де жазылған түрі кездеседі. Мысалы, Қ.Байсейітовтың «Құштар көңіл»(1977) Ш. Жиенқүлованың «Өмірім менің — өнерім» (1983) кітаптары өмірбаянның осы түріне жатады.
Өмірбаянның үшінші түрінде қоғамға белгілі қайраткерлердің өмірі мен шығармашылық, саяси қызметтері өз тарапынан емес, басқа біреулер тарапынан баяндалады. Мәселен, ұлы жазушылар мен ақындар-А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, А.С. Пушкин өмірлері туралы шығармалар осындай өмірбаян түріне жатады. Мысалы, С.Мүқанов — «Аққан жүлдыз»,
М. Әуезов «Абай жолы». Өмірбаянның мұндай түрі көркем шығарманың әр түрлі жанрлары ыңғайында очерктен бастап роман-эпопеяға дейін жазыла береді.
Күнделікті өмірде ең жиі қолданылатын құжаттың біріншісі — өмірбаян. Өмірбаян әркімнің өз қолымен, таза, жүйелі түрде, сиямен жазылады. Арнайы қағазға жазылуы да мүмкін.
Өмірбаянның мазмұндық-құрылымдық жүйесі:
1. Құжаттың аты (өмірбаян)
2. Аты-жөні (толық жазылады), туған жылы, айы, күні, туған жері
3. Ұлты
4. Білімі, оқыған оқу орындары
5. Қоғамдық-саяси қызметі
6. Ата-анасы, жұбайы, балалары туралы мәлімет
7. Қазіргі жұмысы, мекен-жайы
Өмірбаянның мазмұны автордың өмір жолын, іскерлік қасиеттерін жан-жақты баяндап беруге тиіс.
Өмірбаян
Өмірбаян (автобиография) – жеке адамның өмірінен мәлімет беретін іс қағаздарының бір түрі. Өмірбаян әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке тұру кезінде жазылады. Онда әр адам өзінің туған күні, айы мен жылынан бастап, жері, тегі, отбасы, білімі, атқарған қызметі, мамандығы туралы сатылып қысқаша жазып шығады. Өмірбаян қолмен (кейде арнайы бланкте) жазылады.
Міндетті мәліметтер:
- Құжаттың аты (өмірбаян)
- Аты-жөні, туған жылы, айы, күні, туған жері
- Ұлты
- Білімі, оқыған оқу орындары
- Қоғамдық – саяси қызметі
- Ата-анасы, жұбайы, балалары туралы мәлімет
- Қазіргі жұмысы, мекенжайы
Үлгімен танысыңыз
Мен, Қуаныш Өмірбекұлы, 1963 жылы 1 мамырда Семей облысы, Аягөз ауданы, Баршатас ауылында тудым. Ұлтым – қазақ. 1970 жылдан 1980 жылға дейін Баршатас орыс орта мектебінде оқыдым. 1980 жылы Қазақ политехника институтының компьютерлік техника факультетіне оқуға түстім. Институтты бітірген соң 1985 – 1988 жылдар аралығында Ғылыми – жобалау институтында жұмыс істедім. 1980 жылғы 1 қыркүйекте Қазақ политехника институтының металлургия өнеркәсібі кафедрасына ауыстым. Қазір осы кафедраның аға оқытушысымын.
Ата-анам бар. Әкем — Өмірбек Қадіров, құрметті зейнеткер; анам – Хадиша Қасымова ұзақ жылдар бойы мұғалім болып істеді, қазір – зейнеткер. Отбасым бар: жұбайым – Жазира Дүсибайқызы, жоғары білімді маман, дәрігер. Екі балам бар, олар мектепте оқиды.
Әскери қызметке міндеттімін, аға лейтенант атағым бар.
Қосымша мәліметтер: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік білемін, ЭЕМ (ЭВМ) бағдарламаларын толық меңгергенмін, Интернетте жұмыс істей аламын.
Мекенжайым: Алматы қ., “Қазақфильм” шағын ауданы, 47-үй, 12-пәтер.
Тапсырма:
- Үлгі бойынша өзіңіздің өмірбаяныңызды жазып келіңіз.
- Сіз ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерсіз. Сіздің өмірбаяндық мәліметтеріңіз:
Аты-жөніңіз – Бақтығалиев Дархан Сатайұлы (Бақтығалиева Аян Айдарқызы).
Жасыңыз – 34-те.
Алматыдағы №12 мектепте оқыдыңыз.
М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы Азия және Африка елдері институтын бітірдіңіз.
Мамандығыңыз – шығыстанушы-тарихшы.
Әскери борышыңызды атқардыңыз.
Қазіргі қызметіңіз – “Арай” ашық акционерлік қоғамының директоры.
Қосымша мәліметтер: мақалаларыңыз, кітаптарыңыз жарияланды.
Олардың тақырыптары: “Республикада демократия негіздерін қалыптастыру” т.б.
Отбасы жағдайыңыз туралы жазыңыз.
- Тағы қандай мәліметтер қоса аласыз.
- Белгілі қоғам қайраткерінің өмірбаянымен танысыңыз:
Өмірбаян
Мен _____________________________, 1963 жылы 12 мамырда, Алматы қаласында, қызметкерлер отбасында дүниеге келдім. Ата-анам «Қызыл-Ту» ғылыми-өндірістік бірлестігінде: әкем – Достанов Омар – инженер–конструктор, шешем – Достанова Гүлмәрия – кадр бөлімінің инспекторы болып қызмет атқарады.
1980 жылы мен №33 қалалық орта мектептің 8 сыныбын бітіріп, №9 кәсіптік-техникалық училищеге түстім. Оны 1981 жылы бітіріп, стенографияны, шетелдік машинкада басу және ұйымдастыру ісінің техникасын меңгерген хатшы-машинистка мамандығын алдым. Училищені бітірген соң, Қазақстан Республикасы Жеңіл өнеркәсіп министірлігінің машбюросына жолдама алдым.
1983 жылы машина бюросының меңгерушісі қызметіне ауыстырылдым. 1984 жылдың тапсырмаларын табысты орындағаным үшін Министрліктің Құрмет грамотасымен марапатталдым. 1985 жылы Министрліктің іс жүргізуші қызметкерлерінің кәсіптік шеберлігі байқауында бірінші орын алдым.
Тұрмысқа шыққанмын. Күйеуім – Отарбаев Аманжол Отарбайұлы, 1961 жылы туған. «Алматықұрылыс» акционерлік-коммерциялық бірлестігі, стандарттау бөлімінің инженері. Екі баламыз бар. Ұлымыз – Отарбаев Азамат Аманжолұлы, 1989 жылы туған және қызымыз – Отарбаева Назым Аманжолқызы, 1991 жылы туған. Алматы қаласының Бостандық ауданындағы №212 «Ертөстік» балалар бақшасына барады.
Менің мекен-жайым: 480100, Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, № 94-үй, № 82-пәтер. Үй телефоны: 61-80-36
21.01.94.
Өмірбаян үлгілері.
Өмірбаян
Мен, Мақсат Ахметұлы Нүсіпбеков, 1983 жылы, 14 қаңтарда Алматы обылысы, Панфилов ауданы, Үшарал ауылында тудым. Менің ұлтым — қазақ. Алматы каласы, Бостандық ауданындағы №81 орта мектебін 2000 жылы бітірдім.
2004 жылы Қазақстан-Британ техникалық университетінің 1 курсына оқуға түстім.
Ата-анам бар; әкем — Ахмет Абимолдаұлы Нүсіпбеков циркте жұмыс істейді. Анам — Салтанат1 Әріпжанқызы Алпысбекова, ауруханада жұмыс істейді. Мен үйленбегенмін.
Қазір осы жоғары оқу орнының 2-курсында оқып жүрмін. Мақсатым — жоғары білім алып, маман болып шығу.
Мекен жайым: Алматы қаласы, «Орбита-3» ықшамауданы, 26-үй, 48-пәтер, тел. 29-48-56.
Өмірбаян
Мен, Серік Жүмаділұлы Қалымбетов, 1984 жылы Оңтүстік Қазақстан обылысы, Бәйдібек би ауданы, Боралдай ауылында қызметкерлер отбасында тудым.
1990-2001 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы 3. Шүкіров атындағы №20 орта мектепте оқыдым. Мектепте оқып жүргенде үздік окушы екенімді көрсете білдім. Әр түрлі қоғамдық жүмыстарды атқардым, спортпен шұғылдандым.
Ата-анам бар: әкем — Ж. Қалымбетов Шымкент қаласында жекеменшік кәсіпорнында жұмыс істейді. Шешем ~ 3. Қалымбетова Шымкент қаласындағы №20 орта мектепте орыс тілінен сабақ береді.
2001 жылы аталған мектепті бітірген соң, Қазақстан-Британ техникалық университетіне мұнайшы-инженер мамандығын алу үшін окуға түстім.
Бүгінгі таңда осы оқу орнының 2-курс студентімін, мен үйленбегенмін. Ағылшын тілімен шүғылданамын, компьютерлік курсқа барып жүрмін. Алдыма қойған мақсатым: білімді маман болып шығу.
Мекен -жайым: Алматы қаласы, Тастақ-1 ықшамауданы, 9-үй, 53-пәтер, тел.40-02-05.
Өмірбаян
Мен, Куаныш Өмірбекұлы Қасенов, 1963 жылы 1 мамырда Семей облысы, Аягөз ауданы, Баршатас ауылында тудым. Ұлтым — қазақ. 1970-1980 жылдар аралығында «Баршатас» орта мектебінде оқыдым.
1980 жылы 1 қырқүйекте Қазақ политехника институтының металлургия өнеркәсібі кафедрасына ауыстым. Қазір осы кафедраның аға оқытушысымын.
Ата-анам бар: Әкем — Өмірбек Қасенов -Ұлы Отан соғысының ардагері; қүрметті зейнеткер, анам — Хадиша Қасымова — ұзақ жылдар бойы Баршатас орта мектебінде мүғалім болып істеді, қазір зейнеткер. Отбасым бар: жұбайым — Жазира Дүйсенқызы, жоғары білімді маман, дәрігер.
Үш балам бар, олар мектепте оқиды.
Әскери қызметке міндеттімін. Аға лейтенант атағым бар.
Қосымша мәліметтер: казақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік білемін, ЭЕМ (ЭВМ) бағдарламаларын толық меңгергенмін. Интернетте жұмыс істеймін.
Мекен- жайым: Алматы қаласы, «Қазақфильм» ықшамауданы, 47-үй, 18-пәтер.