Сенімхат
Сабақ тақырыбы: Сенімхат.
Сабақтың мақсаты: Сенімхат туралы мәлімет беру және жазу жолдарын меңгеру.
Сабақтың өту барысы:
- Оқушыларды түгелдеу.
- Жаңа тақырыпты түсіндіру.
- Тапсырмалар орындау.
- Сабақты бекіту.
- Үйге тапсырма.
Жаңа тақырыпты түсіндіру
СЕНІМХАТ – сенім білдірілген тұлғаға сенім білдіруші атынан (кәсіпорын, азамат) қандай да бір іс-әрекетті асыруға құқық беретін, олардың өзара келісімін куәландыратын құжат. Сенімхат мекеме атынан да, жеке адам атынан да беріледі. Ол мекеме атынан мәміле жасауға, материалдық құндылықтар мен ақша алуға немесе басқа да түрлі әрекеттер жасауға сенім білдіріп, құқық береді. Ресми сенімхаттар мекеме бланкіне рәсімделеді.
Сенімхат мекеме атынан берілсе, арнаулы бланкке жазылады да, мекеме басшысының қолы мен мөрі басылады.
Егер сенімхат жеке адам тарапьшан берілсе, сенімхат иесінің аты-жөні, құжатының аты мен нөмірі жазылып, колы қойылады. Төменгі жағына мекеме басшысы не нотариус сенімхат иесінін қолын растап, мөр басады.
Сенімхаттың мазмұндық-құрылымдық жүйесі :
-құжат атауы;
— күні, айы, жылы, мекен-жайы ;
— сенімхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі);
-сенім білдірілетін тұлға туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі);
— алынғат заттың атауы (егер ақша болса, көлемі санмен де, жазбаша да көрсетіледі);
— қайтарылатын нақты уақыты;
— қайтара алмаған жағдайдағы шарты;
— нотариалдық мекеме мөрі.
Сөздік:
Сенімхат — доверенность
жеке куәлік — удостоверение личности
жалакы- зарплата
мөр — печатъ
Қол -подпись
Сену -верить
сеніп тапсыру- доверять
беру — давать , выдавать
куәландыру — удостоверять
алу — получать
қою, басу- поставить
Сенімхат берілетін жағдайлар:
Сенімхат кез-келген төлем түрлерін, атап айтқанда жалакы, жәрдемақы, стипендия, зейнетақы алу үшін, сондай-ақ заттай корреспонденцияларды алу үшін, мүлікті ортақ пайдалану, транспорт құралдарын иемдену, мүрагерлік күкык туралы куәлік алу үшін т. б. толып жатқан жағдайларда беріледі.
Сенімхат 1 дана болып дайындалады
Төлемақы алу үшін берілген сенімхаттардың жарамдылығы — 3 ай. Мүлікті пайдалану үшін берілетін сенімхаттардың жарамдылығы — 3 жыл.
Жарамдылық мерзімі жазбаша жазылуы керек.
Сенімхат
2003 жыл 1 желтоқсан, Алматы қаласы
Мен, Серік Жәнібекұлы Мәметов куәлік: №80265498 ҚР ІІМ берген, мекен-жайым: Алматы каласы, Сейфуллин көшесі, 456 үй, 3 пәтерде тұратын азамат Есенгелдин Жомарттың, туған атам — Мейлібаев Маметтің қайтыс болғанан кейін қалған мүлікке менің мұрагерлік қүқығымды рәсімдеуіне сенім білдіремін. Бұл үшін мен азамат Есенгелдин Жомартты:
— менің атымнан өтініш жазуға;
— анықтамалар мен құжаттар алуға;
— менің орныма қол қоюға;
— мүрагерлікке құқық беру туралы куәлікті алуға өкілетті етуге сенім білдіремін.
Сенімхат 2004 жылдың 1 желтоқсанына дейін берілген және 1 жыл күшінде.
01.12.2003
С.Маметовтың қолын растаймын