Файлдар мен қапшықтар
Сабақтың тақырыбы: Файлдар мен қапшықтар
Сабақтың мақсаты:
Файлдар және қапшықтар туралы толық мағлұмат бере отырып, оқу процесінде қолданбалы тапсырмалар жасауды және алған білімдерін дамытады;;
Міндеттері:
Мазмұнға байланысты міндеті: Оқушыларды файлдар,қапшықтар,таңбашалар
ұғымдарымен таныса отырып,олармен жұмыс істеу әдіс- тәсілдерін меңгереді;
СТО – ға байланысты міндеті: Шапшаңдыққа, жұмысты жүйелі жасауға, жасаған іс-әрекетті нақты жеткізе білуге және компьютерді еркін меңгеруге үйренеді, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады .
Әрекетке байланысты міндеті: Жаңа мәліметтер арқылы білім қорын көбейту, ой-өрісін дамыту, «білсем» деген дағдыларын қалыптастырып, қызығушылығын арттырады. Оқушылар топта жұмыс жасайтын болады.
Сабақ түрі: дамытпалы
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгеру сабағы.
Әдіс-тәсілдері: «Автор орындығы» ойыны, практикалық жұмыс, топпен жұмыс,
БББ әдісі, “Сиқырлы таяқша” ойыны.
Пәнаралық байланыс: Математика, физика.
Көрнекі құралдар: демонстрациялық көрсетілім, оқулық, тапсырмалар.
Сабақтың барысы: 1.Оқушыларды ұйымдастыру
а) сәлемдесу, түгелдеу
б) оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеріп, екі топқа бөлу
2.Үйге берілген тапсырманы тексеру
Бұл бөлім «Автор орындығы» ойыны арқылы жүргізіледі.
- “Менің компьютерім”қапшығының терезесі арқылы бағдарламаларды қалай іске қосамыз?
- Бағыттауыш бағдарламасы арқылы бағдарламаларды қалай іске қосамыз?
- “Пуск”батырмасын пайдаланып бағдарламаларды қалай іске қосамыз?
- Қапшықтар белгілерінің жанындағы «+» немесе «-» белгісі қандай мағына білдіреді?
- Бағыттаушыбағдарламасы нешебөліктен тұрады?
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру
4.Тапсырмаларды орындау
5.Сабақты бекіту
6.Үйге тапсырма беру
І. Қызығушылықты ояту:
Файлдар мен қапшықтар деген не және олар туралы не білеміз?
ІІ. Мағынаны тану:
Жаңа түсініктер:
ФАЙЛДАР МЕН ҚАПШЫҚТАР
Қапшық дегеніміз- бұл объектілердің бірлестігі. Windows объектілерін негізгі және арнайы деп шартты түрде бөлуге болады. WindowsXP –дің негізгі объектілеріне қапшық-тар, программалар, құжаттар және таңбашалар жатады.
Арнайы объектілеріне: Бас меню, Басқару тақтасы, Менің компьютерім және Себет жатады. Қапшықтар компьютерде белгілі тәртіппен орналасады, оны иерархия деп атайды. WindowsXP— дің қапшықтарының иерархиясының ең басы Жұмыс үстелі қапшығы болып табылады.Бұл барлық қапшықтардың аналық қапшығы ретінде қолданылады. Оның бірқатар ерекше қасиеттері бар. Жұмыс үстелі барлық терезелердің астында болады, ол барлық терезелер жималанған кезде ғана толық көрінеді.
|
|
| |||||||||||
|
|
…….. ……. ……
Бұл WindowsXP объектілерінің шартты иерархиясының схемасы болып табылады.
Файл дегеніміз не? Файл — аты бар бірқатар байттар тізбегі. Файл не бағдарлама, не құжат болуы мүмкін. Windows-та бағдарламалардың басқа атауы — қолданба да қолданылады.
Әр файлдың аты болады. Оның аты оң және сол бөліктен тұрады. Оң жақ бөлігі үш символдан тұрады және оның типін анықтайды. Сол жақ бөліктің ұзындығы 1-255 символға дейін болады.
Файл типтерінің кейбір негізгі «құжат ретінде» белгіленулерінің тізімі төменде келтірілген:
*.bmp Paint графикалық қолданбасының суреті
*.doc Word және WordPad мәтіндік редакторларының құжаттары
*.txt Блокнот қолданбасының құжаты
*.wav Фонограф қолданбасының дыбыстық файлы.
*.avi Бейне-клип
*.xls Excel кестелік процессорының құжаты
*.ppt PowerPoint қолданбасының тұсаукесері
Қапшықтар (бумалар) — бұл кандай да бір белгісі бойынша файлдарды бірлестіру, мысалы, тақырыптық белгісі бойынша: бір ғана ойынға немесе редакторға жататын файлдар. Басқа сөзбен айтқаңда, қапшық — бұл аты аталған файлдар тобы. Windows’98-дің қапшықтары каталог рөлін атқарады. Тұрмыстық денгейде қапшықты кәдімгі ішіне қағаз беттерін — файлдарды салатын қапшықпен салыстыруға болады. Windows’98-дегі барлық файлдар, құжаттар мен бағдарламалар қапшықтарда сақталады. Қапшықтың аты, файлдың аты сияқты оның мазмұнын көрсете алады.
Қапшықтың пиктограммасы болуы мүмкін. Қапшықтарда таңбашалар, файлдар және басқа қапшықтар да болуы мүмкін. Қапшық бос болуы да мүмкін. Қапшықта аты бірдей объектілер болмауы керек. Қапшықтың ішіндегісін қарап шығу үшін, маустың батырмасын онда екі рет басу жеткіпікті.
Қапшықтар екі түрде болады:
- кәдімгі қапшық- каталогтар;
- арнайы қапшыктар (Менін компьютерім,себет, принтерлер және т.б.).
Қапшықтарды құру және оның кұрылымы:
Қапшық элементтері:тақырып, меню, терезені басқару батырмалары, айналдыру жолағы, құрал-саймандар тақтасы, қалып-күй жолы. Қажет элементтер жиынын мына жолмен тандауға болады: Түр — Құрал-саймандар тақтасы және Түр => Қалып-күй жолы.
Терезеде жана қапшық құру.
Қапшықты Файл => Создать => Папка командасымен құрады. Мұны орындағаннан кейін осы терезенің қапшықтары мен файлдарының тізімінің соңында жаңа қапшық белгішесі пайда болады. Қапшықтың атын оны құрғаннан кейін бірден енгізуге болады. Файлға ат берілмеген жағдайда оған автоматгы түрде «Жаңа файл» аты меншіктеледі.
Жұмыс үстелінде жаңа қапшық құру
Жұмыс үстелінің жаңа қапшықты орналастырмақшы болған жерінде маустың оң жақ батырмасын басу — контексті меню пайда болады.
Создать => Папка командасын орындау. Жұмыс үстелінде қапшық белгішесі пайда болады. Қапшықтың атын енгізіп, енгізу пернесін басу
Жарлық — бұл бағдарламаларды іске қосу немесе файлды ашу қасиеті бар пиктограмма, объектінің тамғасы, компьютер үшін объекгіге жол нұсқайтын командалық файл, ал пайдаланушы үшін жұмыс үстеліндегі немесе терезедегі жай белгіше, ол Windows’98-дегі қандай да бір объектіге: файлға, қапшыққа, дискіге, компьютерге, принтерге т. б. сәйкес келеді.
Таңбаша жеке бір объект емес, ол файлға сілтеме ғана. Сондықтан оны жойғанда файлдар жойылмайды.Тадбашада мауспен екі рет шерту, файлға немесе қапшыктың белгішесіне екі рет шерту әсерімен бірдей (бағдарлама іске қосылады, құжат немесе қапшық ашылады.)
Ағымдағы терезеде таңбаша құру.
Ағымдағы терезеде таңбашаларды Файл => Создать => Ярлык, Файл => Создать ярлык немесе контексті менюдің Создать — Ярлык командасының көмегімен жасауға болады. Таңбашаны жасағаннан кейін оны қажетті орынға, орналастыруға болады.
Жұмыс үстелінде таңбаша құру.
- Жүмыс үстелінің бос жеріне меңзерді орналастырып, маустың оң жақ батырмасын басса, контексті меню пайда болады.
- Создать => Ярлык опциясын тандағанда, «Создание ярлыка»(«Таңбашаны құру») диалог терезесі пайда болады.
- «Шолу» (Обзор) батырмасын басу, «Шолу» диалог терезесін ашады. Файлдар мен қапшықтар арасынан объект табу.
- «Ашу» батырмасын басу арқылы «Таңбаша жасау терезесі» ашылады. Онда, файлға жол толық көрсетілген.
- «Далее» («Одан әрі») батырмасын басу — «Таңбашаның атын таңдау» (Выбор названия ярлыка) диалог терезесін ашады. Мұнда объектінің жүйелік атын өзгертуге болады.
- «Дайын» (Готово) батырмасын басу — Жұмыс үстелінде жаңа таңбаша пайда болады.
ІІІ. Ой толғаныс.
Тапсырмалар:
1.Берілген объектілердің аттарын үш бағанға бөліп жазыңдар
- Жұмыс үстеліндегі «Тапсырмалар» қапшығын ашыңдар және кестені толтырыңдар.
- Жұмыс үстелінде өз есіміңізбен аталатын қапшық құрыңыз. Сол қапшықтың ішінде
текстік құжат құрып, оның ішіне өзің туралы мәлімет жаз. Қапшықтың атын өзгертіңіз.
- Жұмыс үстелінде бірнеше таңбашалар құрыңдар және оларды ашып көрсетіңдер
- Үлестірмедегі тапсырмаларды орындау
Сабақты бекіту сұрақтары:
- Бағдарламаларды іске қосу және қапшықтарды ашудың неше жолы бар?
- Файл дегеніміз не? Толық сипаттама бер.
- Қапшық дегеніміз не? Қапшық құру жолдары қандай?
- Таңбаша дегеніміз не? Таңбаша құру жолдары қандай?
Сабақты қорытындылау
«Сиқырлы таяқша» әдісімен қорытындылау
Оқушылар сабақта не үйренгендерін бір-бір сөйлеммен айтып шығады.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: §17. Файлдар мен қапшықтар