Кембридж университеті бағдарламасы бойынша 7 класқа арналған қысқа мерзімді жоспар
Ақтөбе қаласы
Пригород орта мектебінің
информатика пәні мұғалімі
Туркменбаева Алима Азижановна
Кембридж университеті бағдарламасы бойынша 7 класқа арналған қысқа мерзімді жоспар
ПӘНІ | Информатика | КЛАСЫ | 7а |
ТАҚЫРЫП | Есептеуіш техникасының даму тарихы | ||
МАҚСАТЫ | Есептеуіш техникасының даму тарихымен оның құрылуының негізгі принциптерімен танысу, ЭЕМ-нің қоғам өміріндегі рөлін түсіну;Өз ойын ашық, еркін айтуға, АКТ қолдану арқылы ақпаратты таңдай білуге үйрету, ойлау қабілетін дамыту; ынтымақтастыққа, тиянақтылыққа, пікір алмасуға, өзін –өзі бағалауға үйрету.
| ||
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ | Есептеуіш техникасының даму тарихымен оның құрылуының негізгі принциптерімен танысады, ЭЕМ-нің қоғам өміріндегі рөлін түсінеді; өз ойын ашық, еркін айтуды, АКТ қолдану арқылы ақпаратты таңдай біледі; өзін-өзі бағалай алады; белсенді шығармашылықты ойлауға дағдыландырады. |
КЕЗЕҢДЕРІ | МҰҒАЛІМ ӘРЕКЕТІ | ОҚУШЫ ӘРЕКЕТІ | БАҒАЛАУ | РЕСУРСТАР | ||||||||||
Ұйымдастыру кезеңі(2 минут) | Оқушылармен амандасады.«Жүректен –жүрекке» психологиялық тренинг өткізеді.
Оқушыларды 4 адамнан тұратын 4 топқа бөледі. | Мұғаліммен амандасады.Жүректен –жүрекке тренингі арқылы бір –біріне деген жылы лебіздерін білдіреді. Сөздерден сөйлем құрау арқылы 4 топқа бөлінеді. | Жүрек суреті | |||||||||||
Қызығушылықты ояту (3 минут) | Есептеу құрылғыларына ассоциация жасауды ұсынады | Алдымен әр оқушы өзі дәптерге жазады, сонан соң топта талқылап топтың ассоциацасын жасайды. | 3 шапалақ
| Есептеу құрылғыларының суреттері | ||||||||||
Мағынаны тану(15 минут)
(15 минут) | 1,2,3,4-ке санау арқылы 1 – лер бөлек, 2,3,4 өз алдына «жұмыс» тобын құрайды. Әр топқа тақырыптарды оқуды тапсырады, сұрақтар береді. Әрбір оқушы тақырыпты жақсы меңгеруі қажет, өйткені ол сол бөлікті «жанұя» топ оқушыларына түсіндіруі тиіс.
1- топ«Алғашқы есептеуіш құрылғылар мен машиналар» тақырыбы 1. Ең ерте заманғы есептеу құралын атаңыз. 2. «Есепшотты» басқа елдерде қалай атаған? 3. Қай жылдары қандай есептеуіш құрылғылар пайда болды, ол құрылғыларды кімдер ойлап тапты? 4. Алғашқы болып программа жазған кім?
2-топ Электронды -есептеуіш машиналар; 1. Бірінші ЭЕМ қай жылы, кім ойлап тапты? Оны қалай атады? 2. 1949 ж. қандай машина құрастырылды? 3. Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ қай жылдары, кімнің басшылығымен жасалды? 4. 1952-1953 ж. қандай машина пайдалануға енгізілді?
3- топ. « ЭЕМ –нің даму буындары» 1. ЭЕМ нің буындарын атаңдар. Олардың бір –бірінен айырмашылығы неде? 2. Қазіргі дербес компьютерлер қай буынға жатады?
4 топ тақырыптағы есептеуіш машиналардың аттарын, пайда болған жылдарын немесе авторын теріп жазу.
Барлық оқушыларға сұрақтар береді? 1. Бірінші ЭЕМ қалай аталған? Ол қай жылы жасалды? 2. Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ қай жылдары жасалды? Оны кім жасады? 3. ЭЕМ –ның буындарын атаңдар. 4. Компьютердің атасы деп кімді атаған?
Рефлексия. 4 топ жазған сөздерді толықтыру. Мысалы 1642 ж. , Марк -1;
Тапсырма береді, кестедегі тапсырманы әр оқушы жеке орындайды.
| Әр топ берілген тапсырмаларды оқиды, сұрақтарға жауаптар жазады.
Жауаптарын топта талқылап, бірін –бірі толықтырады
Жанұяға қайта оралып өздерінің үйреніп келген тақырыптарын түсіндіреді. Бір –бірінің сұрақтарына жауап береді.
Сұрақтарға жауап береді.
1642 жылы француз математигі Блез Паскаль он тоғыз жасында механикалық есептеу машинасын құрастырды. 1944 ж. Говард Айкен Марк -1 автоматты есептеуіш машинасын құрастырды.
|
Бағдаршам арқылы бағалау
Жұптық бағалау
| ЭЕМ –дың, авторларының суреттері.
Сұрақ парақшалар
| ||||||||||
Ой толғаныс (10 минут) | «Қар үйіндісі» ойынын жүргізеді. Кері байланыс. Бүгінгі сабақ саған ұнады ма? Бүгінгі сабақтың соңында қандай сезімде болдың. | «Қар үйіндісі» ойыны арқылы бір –бірлеріне тақырыптар бойынша сұрақ қойып, жауап берді.Парақшаларды толтырады. | Смайликтер арқылы өзін –өзі бағалау. | смайликтер | ||||||||||
Үй тапсырмасы | Есептеуіш техникасының даму тарихы туралы қосымша мәлімет жинап әкелу. | |||||||||||||