А. Құнанбаев «Ескендір» поэмасы
Күні: Бекітемін:
І. Сабақтың тақырыбы: А. Құнанбаев «Ескендір» поэмасы
ІІ. Сабақтың мақсаты: Поэманың идеясын түсіндіре отырып, идеялық — тақырыптық негізін, ой астарын түсіндіру
ІІІ. Сабақтың міндеті: б) Көркем туындыны түсіне білуге, мәнерлеп оқуға, ақынның образ жасау шеберлігін ұғынуға жол ашу
д) Поэманы талдай білуге төселдіру, өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыландыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру
т) Оқушылардың дүниетанымын, адамгершілік қасиеттерін дамыта отырып, рухани имандылыққа тәрбиелеу
ҮІ. Сабақтың типі: білік пен дағдыны қалыптастыру
ҮІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ
ҮІІ. Сабақтың әдісі: сөз әдісі, талдау әдісі, тест алу(бақылау)
ҮІІІ. Сабақтың көрнекілігі: Флипчарттар, дәйексөздер, Абай шығармалары
Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру бөлімі: (2 минут)
Топқа бөлу.1-топ : «қатаң»
2-топ: « Ұяң »
3-топ « Үнді »
Ұран : «Бәріміз біріміз үшін , біріміз бәріміз үшін » әр топ қол ұстасып , хормен айтады.
Бағалауды түсіндіру : 9- 10 тапсырма жоғарғы -5 ұпай 17-20ұпай — «5»
7-8 тапсырма жақсы — 4ұпай 13-16 ұпай -«4»
5-6 тапсырма орташа — 3ұпай9-12 ұпай -«3»
0-8 ұпай – «2»
1) Үй тапсырмасы .Өткен тақырып бойынша тест. 10-сұрақ
1.Абай өмір сүрген жылдарды тап:
а/ 1841-1900ж ә/1842-1901ж б/1843-1902ж в/1845-1904ж
2.Әкесі Абайды неше жасында Семей қаласына оқуға береді?
а/ 7 жас ә/ 8 жас б/ 10 жас в/ 9 жас
3.Абай алғаш өлеңдерін қай ақынның атынан жариялап отырды?
а/Көкбай ә/Барлас б/Жамбыл в/Байкөкше
4.Әкесі Абайды неше жасынан бастап ел билеу ісіне тәрбиеледі?
а/18 ә/13 б/20 в/12
5.Абай қай рудан шықты?
а/Арғын ә/Найман б/Тобықты в/Шекті
6.Абайды жеңгелері кім деп атаған?
а/Телқара ә/Кенжем б/Сұлу жігіт в/Шырақ
7.Абайға «Қазақтың бас ақыны » деп баға берген кім?
а/М.Әуезов ә/А.Байтұрсынов б/С.Сейфуллин в/С.Торайғыров
8.Абайдың аяқталмай қалған поэмасын тап:
а/ «Әзімнің әңгімесі » ә/ «Масғұт» б/ «Ескендір»
9.Абайдың неше қара сөзі бар?
а/40 ә/41 б/43 в/45
10.Абайдың өзі шығарған қанша өлең-әні бар?
а/21 ә/20 б/19 в/10
Жауабы: 1. В 2. Б 3. А 4.ә 5.б 6.а 7.ә 8.а 9.в 10.ә
Бағалау парағына түсіру
Абай –ұлы ақын. Видеоролик
— Жақсы, балалар, Абайдың неше поэмасы бар?
— Дұрыс, балалар, Абайдың 3 поэмасы бар екен.
Абай поэмалары
«Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі»
Біз бүгін сол поэмалардың бірі «Ескендір» поэмасымен танысамыз.
— Жалпы, балалар, поэма дегеніміздің өзі не?
-«Поэма» — грек сөзінен шыққан, «туынды» деген мағынаны береді, өлеңмен жазылады.
Жаңа сабақ:
«Ескендір» поэмасының сюжетін алғаш рет неміс романтикалық әдебиетінің көрнекті ғалымы болған француз Альберт фон Шамиссо Талмудтан алады. Шамиссодан В. А. Жуковский 1844 жылы аударады. Мұнда А. Македонскийдің қырып — жоюы туралы жырлайды. Бұл сюжет Абайды да қызықтырады. Абай сюжетінде өзгеріс бар. Поэмада Ескендірдің аты — жөнін, әкесін, тұрған жері мен патшалығын, Ескендірдің ұстазы — Аристотельді қосады. Абай шығармасы тұпнұсқаға ұқсас.
а) «Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?» – деп Абай айтқандай, Ескендір туралы оқушылардың не біліп, не білмейтінін анықтау
2.Шығарманың композициялық құрылысы:
1. Сюжеттің басталуы. Филипп патша қайтыс болған соң Ескендірдің таққа отыруы. Әскер жиып көрші елдерді жаулауы.
2. Сюжеттік байланыс. Елсіз шөлге тап болуы. Өлдім — талдым дегенде мөлдір бұлаққа кездесуі.
3. Шиеленісуі. Алтын қорған. «Бұл – Құдайға бастайтын қақпа» деп ашпай қоюы. Қақпаның ар жағынан алған сый.
4. Шарықтау шегі. Алғаш сыйдың қу сүйек екенін біліп ашуға булығу. Аристотельдің ақылы. Таразыға түскен қу сүйек.
5. Шешімі. Хакім Аристотельдің жауабы: Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да,
Өлсе тояр көзіне құм құйылғанда.
6. Жанр түрі – поэма (дастан)
7. Шумақ саны – 42
8. Тармақ саны – 168
9. Буын саны – 3 бунақты
10. Ұйқас түрі – қара өлең ұйқасы (ааба)
3.Ескендір бейнесі. Видеоролик.
Шығарма кейіпкерлерін талдау
Венн диограммасы 10
Абай дастанында әділдік, данышпандық, жауыздықтар сөз болады. Бірақ мұндағы әділ де, данышпан да, философ та Ескендір емес, Аристотель. Дастанда екі образ бар. Бірі — Ескендір, екіншісі — Аристотель. Көлемінің шағындығына қарамастан, дастанның идеясына сәйкес, екеуі де көркем жасалған образдар.
Абай Аристотель есімін құрметпен айтады, «ақылы мол», «жеке — дара», «хакім адам» деп бағалайды.
Ал Ескендір болса, дәріптелмей, сыналады. «Мақтан сүйгіш, қызғаншақ, қанішер, тойымсыз, қаһарлы, өзімшіл, тоқтау көрмей өскен жан, даңғой, долы, кекшіл, есер» деп суреттеледі.
- Түсіндірме сөздік
1.Жеміт – қанағатсыз, тойымсыз, обыр
2.Араны ашылды – тойымсыз, ашқарақ, қанағат тұтпау, құнығу
3.Даңғой – елірме, есер, желікбас
4.Долы – ыза кернеген, булықпа, ызақор
5.Кәпір – мұсылман дінінен басқа діндегілер, құдайсыз, дінсіз - Хакім — ғалым
7. Данышпан — оқымысты
8. Ғибрат — үлгі
9. Араны — көз тоймау
10.Жеміт – қанағатсыз, тойымсыз, обыр
Қорыту: «Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс, Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз» Н. Назарбаев
V. Үйге: «Ескендір », «Масғұт», «Әзім әңгімесі» дастандарын оқу.
«Рухани биіктік – ең жоғарғы биіктік» тақырыбына эссе жазу.
VI. Бағалау парағын толтыру
Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебі
А. Құнанбаев «Ескендір» поэмасы
9 «а»-сынып
Қазақ әдебиеті пәні мұғалімі: Батырова А
2013-2014 оқу жыл

Өлең құрылысы.Ырғақ,ұйқас.
10 «а»-сынып

2013-2014 оқу жылы
.