Есептеуіш техниканың даму тарихы. ЭЕМ кезеңдері
Күні: . Пәні: Информатика Сыныбы: 7А Сабақ реті: 5
| ||||
Сабақтың тақырыбы | Есептеуіш техниканың даму тарихы. ЭЕМ кезеңдері. | |||
Сабақтың мақсаты | ЭЕМ-нің даму тарихы туралы білімдерін қалыптастыру, ой – өрістерін кеңейту және алған білімдерін пысықтау. Уақытты тиімді пайдалануға, өзін – өзі бағалауға дағдыландыру. | |||
Сабақтың типі | Жаңа сабақ | |||
Күтілетін нәтиже | ЭЕМ-нің даму жолы туралы білім қоры молаяды. Есептеуіш машинаның рөлін түсінеді. Даму тарихының әр кезеңіне сипаттама жасай алады. | |||
Сілтеме, негізгі дерек көздері | Сабақ жоспары, информатика оқулығы, сабаққа арналған таныстырылымдар, бағалау парағы, Интернеттен алынған ақпараттар | |||
Сабақтың барысы | Оқыту түрі | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Уақыт |
Ұйымдастыру кезеңі
| Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Топқа бөлу | Оқушылармен амандасу, сынып журналына жоқ оқушыларды белгілеу Сыныпта ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру мақсатында «Сәлем, сәлем, сәлем!» тренингін өткізу.
И-Н-Ф-О, Ф-А-Й-Л, Д-И-С-К әріптердің қиындыларын біріктіру арқылы топқа бөледі | Мұғаліммен амандасады, Шеңбер жасап тұрады да, басында тұрған оқушы өзі бүгін естігісі келген сәлемдесу түрін келесі оқушыға сыбырмен айтуы тиіс.
Әріптерді біріктіріп 3 топқа бөлінеді | 5 мин |
Мақсат қою кезеңі
| Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: ЕТ даму тарихы. ЭЕМ кезеңдері. Сабағымыздың мақсаты: ЭЕМ-нің даму тарихы туралы білімдерін қалыптастыру, ой – өрістерін кеңейту және алған білімдерін пысықтау. Уақытты тиімді пайдалануға, өзін – өзі бағалауға дағдыландыру.
| 1 мин | ||
Білімді тексеру кезеңі | ||||
Білу
| Оқыту мен оқуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану. АКТ | Блумның білу кезеңі бойынша ЭЕМ – ның даму тарихы туралы слайд ұсынады. | Жаңа сабақ бойынша алып отырған ақпа-раттарды үлгеріп, дәптерге жазып отыру, түртіп отыру. Түсінбегенін дер кезінде сұрау. | 8 мин |
Түсіну
| Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. | Келесі кезең түсіну кезеңіне «Неліктен ЭЕМ-нің техникалық негізі болған радиотехника ХХ ғасырдың бірінші жартысынан бастап дами бастады ? » Өз ойың | Оқушылар топ ішінде бір бірімен кеңесіп сұраққа жауап іздейді
| 8 мин
|
Сергіту кезеңі
/2 мин/ | ||||
Қолдану
| Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылар тест тапсырмасын орындайды
Диалогтік оқыту | Келесі кезең қолдану кезеңі. Компьютерде жұмыс үстелінде «Формативті тест» орнатылып тұр. Сол бойынша 5 минут уақыт беріледі. Алған бағаларыңды бірден бағалау парағына жазуларың керек.
| Оқушылар әр компьютерде тест тапсырмасын орындайды. Алған бағаларын бағалау парақтарына қояды | 5 мин |
Талдау
| Флипчартпен жұмыс | 3 топқа тапсырма береді. Оқушыларды бақылайды. Тапсырманы орындауға уақыт береді. | Постер қорғау арқылы тапсырманы орындайды. ЭЕМ даму кезеңдеріне байланысты картотека беріледі. | 12 мин
|
Бағалау | Өзара бағалау | Топтар бір – бірінің жұмысын өзара бағалайды. Ең жоғары ұпай 5. Әр топ мүшесі алған ұпайларын бағалау парақтарына жазып отырады. | ||
Жинақтау 1 мин
| Рефлекция
| Слайд арқылы жасалған рефлекциялық презентацияны ашып: · Бүгінгі сабағымыз сіздерге ұнады ма? · Өз бетіңізбен жұмыс тапсырмаларын түсіне алдыңыз ба? · Топпен жұмыс істеу ұнады ма? · Өз достарыңмен тақырыпты талқылаған түсінікті ме? · Маған бұл сабақ керек емес деп ойлайсыз ба? Сабақтағы оқушылардың көңіл күйі смайлик арқылы көрсетіледі.
| 2 мин | |
Бағалау
| Формативты бағалау | Оқушылар постер қорғағанда бір-біріне қойған ұпайлары мен компьютерде орындаған тест тапсырмаларынан жинаған ұпайларын қосып, мұғалімге хабарлайды. Арнайы Excel бағдарламасында есептеп, мониторинг шығарады. Оқушылардың өздері қойған бағаларын күнделік бетіне түсіреді. | 2 мин | |
Үйге
| §5 Осы тақырыптың мазмұнын ашып, оқып келу | 1 мин |