Абайдың «Отыз бірінші қара сөзі»

Атырау облысы Исатай ауданы

Жалпы білім беретін Нарын орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі:

Аманбаева Гүлбағила

 

Сабақтың тақырыбы: Абайдың  «Отыз  бірінші  қара сөзі»   (6-сынып)

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Абай қара сөздерінің тәрбиелік мәнін түсіну, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық шолуларының маңызын түсінуге үйрету, отыз бірінші  қара сөзінің мазмұнын меңгерту.

Тәрбиелік: Оқушы дүниетанымын қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерді оқушы бойына сіңіру, ойшыл көтерген проблемалар тағылымынан үлгі алып, оқушының азаматтық бейнесін қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушыларды өзінше ой қорытуға, ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін дамыту.

Сабақтың типі:  Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, электрондық оқулықпен жұмыс, мәтінмен жұмыс, ауызша тіл дамыту, шығармашылық жұмыс, талдау, бейнесюжет.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу
  • Сынып оқушыларының сабаққа дайындығын, қатысу деңгейін тексеру.
  • Сабақ барысы туралы түсінік беру,топқа бөлу.

Осыны оқып ойлай бер,болсаң зерек,

Еңбекті сат,ар сатып неге керек.

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті,

Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек,-деп сынып оқушыларын «Ақыл», «Қайрат» тобы деп екіге бөлеміз.

ІІ.Үй тапсырмасын  тексеру,бекіту.

—           Балалар, біз сендермен өткен сабағымызда қазақтың бас ақыны атанған ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» , «Құлақтан  кіріп  бойды  алар» өлеңдерінің мазмұнымен танысқан болатынбыз. Бүгінгі сабағымызда ұлы Абай  шығармашылығымен таныстығымызды ары қарай жалғастырамыз.

 

Бүгінгі сабағымызды:

Қара сөзі, қара өлеңі қарымды,

Толғайды Абай мұңым менен зарымды.

Абай сынды дана туған халықтың,

Ұл-қызы да болу керек дарынды, —

 

деген өлең жолдары арқылы бастағым келіп отыр.

  • Ендеше үйге берілген тапсырмаға шолу жасайық,кім дайын?

 

  • Жаңа сабағымызды бастамас бұрын, біз тек қазақ елі ғана емес, бүкіл дүние жүзі таныған Абай атамыз туралы не білеміз, соған мына суреттер мен сандарға сүйене отырып, шолу жасап кетейік.

Абайдың қандай өлеңдерімен таныстық?

( «Ғылым таппай мақтанба», «Әсемпаз болма әрнеге», «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Жаз», «Күз», «Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай», «Жазғытұры», «Адамның кейбір кездері», «Құлақтан кіріп бойды алар»т.б.

Абайдың  қандай күйлерін білесіңдер?

( «Желдірме», «Май түні», «Торы жорға»)

Абайдың әндері «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Бойы бұлғаң», «Татьянаның хаты», «Қор болды жаным»

Әлихан Бөкейханов – қоғам қайраткері, әдебиетші, публицист, экономист, аудармашы. Абайдың ең алғашқы өлеңдер жинағының басылып шығуына атсалысқан тұлға. Абайдың өмірі мен шығармашылығы жөнінде алғаш зерттеу мақаласын жазған.

 

ІІІ. Жаңа сабақ

Бүгінгі сабағымызда Абай шығармаларымен таныстығымызды ары қарай жалғастырамыз, соның ішінде Абайдың философиялық ойлары берілген қара сөздерімен танысамыз.

Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күн ретін, тақырыпты жазып қойыңдар.

1.

Қазақ әдебиеті тарихында ең алғаш жазба әдебиетінің негізін қалаған Ы.Алтынсарин болса, оны ары қарай жалғастырған Абай болған. Ыбырай Алтынсарин көркем сөз әдебиетінің атасы болса, Абайдың қара сөздері ғақлиялық даналық сөздері болған. Абай өз қара сөздерін 1890-1898 жылдар арасында жазған. Қара сөздерін жазуды бастағанда Абай 45 жаста болған. Ақыл-ойы толысып, жасы кемелденген, көрген-білгенін ой елегінен өткізіп, сараптар жасқа жеткен кезінде қара сөздерін жазуды қолға алған. Бұған дейін Шығыс ойшылдары Әл-Фараби, Фирдоуси, Бабыр, Батыс философ, ғалымдары Галилей, Коперник, Спенсер, Дарвин, Ньютон, Пифагор еңбектермен танысып, үлкен дайындықтан өтіп келеді.

Өзінің қара сөзді жазуды қолға алғандағы мақсатын Абай бірінші қара сөзінде атап көрсетеді: «Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ».

Абайдың қара сөздерінің саны 46. Бірақ біз 46-ншы қазақтардың шығу тарихы жайлы жазылған «Біраз сөз қазақтардың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген  қара сөзін өз алдына жеке тарихи шығарма, очерк ретінде қарастырып жүрміз.

Абай қара сөздері — өмір тәжірибесінен туған ой толғамының қорытындысы.

 

  • Абайдың қара сөздері туралы бауырына салып тәрбиелеген немересі, Мағауияның қызы Уәсила былай дейді:

«Әкем балаларын 7-8-ге шыққанда оқуға беретін, балалармен қабат, қыздарын да оқытатын, қазақ тілінде кітап жоқ болатын. Сондықтан, балалардың ойы, дүние тануы кемшін болады деп әкем көп айтып жүрді. Әлі есімде, бір күні біздің оқып отырған үйімізге әкем келді. Молдаға қарап: «Балаларға мына кітапты әкелдім. Осыны көшіріп, көбейтіп бала басына бірден таратып бер, бүгіннен бастап осы кітапты қоса оқыт» деді. Біз қуанып кеттік. Әкем үйден шыққан соң, молда әлгі кітапты алды да, бас салып оқыды, кітап қолжазба екен. Біз ол кітапты көшіріп алып оқи бастадық. Өйткені, бұл жаңа кітаптың тілі ұтымды, сөзі түсінікті, ыңғай ақыл айтып отыратын жақсы кітап болды. Кейін байқасам, сол кітап әкемнің «Ғақлия» атты қарасөзбен жазған кітабы екен».

Қара сөздерінде Абай  әңгіме-сұхбат жанрының өзіндік ерекшелігін пайдаланады.

Абай қарасөздері туралы мүмкіндігіне орай батыл, ірі негізді пікірлер айтқан М.Әуезов еді. «…Абайдың осы қарасөз дейтін мұралары көркем прозаның өзіне бөлек, бір алуаны болып қалыптанады. Бұлар сюжетті шығармалар емес. Бұрынғы жазушылар қолданған естегі, мемуар да емес. Стиль мазмұн жағынан алғанда, осы шығармалар Абайдың өзі тапқан, бір алуан көркем сөздің түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбінше адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді». (М.Әуезов. 20-том).

Қара сөздері тақырып жағынан алғанда ақынның өлеңдерімен астасып жатады. Абай адал еңбек ету, егін салу, саудамен айналысу, өнер үйрену, білім-ғылымды игеру, қоғамдағы әр түрлі топтардың қылып жүрген харекеті, мінез-құлқы, адамгершілік, имандылық секілді, бірталай мәселелерді қара сөздерінде кеңінен толғайды, үлкен көрегендікпен көптеген құнды пікірлер түйеді.

 

 

 

Абай қара сөздерін тақырып жағынан бірнеше топқа бөлуге болады:

Қазақ мақалдары:

5, 6, 37, 39

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Бұған дейін біз,яғни 5 — сыныпта «Жетінші» қара сөзімен танысқан болатынбыз. Қане, кім есімізге салып жібереді?  ( аудиодан тыңдату)

Абайдың кейбір қара сөздері қазақтың мақал-мәтелдерін талдауға, олардың мәнін ашуға арналады. «Бесінші», «Жиырма тоғызыншы» сөздерінде ақын қазақтың мақал-мәтелдерінің ішіндегі оң-теріс дегендерінің, жақсылыққа емес, жамандыққа тәрбиелейтіндерінің астарлы сырын сынға алады.

Бүгінгі сабақта «Отыз бірінші» қара сөзімен танысатын боламыз. Барлығымыз назарымызды салып, тыңдайық

  1. Электронды оқулықтан «отыз бірінші» сөзді тыңдату. (3 мин.)
  2. Сұрақ-жауап:

-Қане, кім айтады, «Отыз бірінші» қара сөзінде ақын не нәрсені тілге тиек еткен?

—  Есте сақтаудың,ұмытпаудың 4 түрлі  себебі қандай?

  1. — сену керек;
  2. — үлгі алу керек;

3.- бірнеше рет қайталап отыру керек;

  1. – ой кеселді нәрселерден аулақ болу керек;

Ой  кеселдері: уайымсыздық, салғырттық,,ойыншы-күлкішілдік,қайғыға салыну,қызығу (құмарлану)

 

  1. Сөздікпен жұмыс.  (дәптерге,тақтаға жазу)

Ғибратләну- (араб)- үлгілі, өнегелі. «Жақсылық көрсең ғибрәтлі, Оны ойға жисаңыз».

Уайымсыздық- еш нәрсеге алаңдамаушылық.

Салғырттық- әр нәрсеге жай, салақ қараушылық.

 

  1. Топпен жұмыс.

1-топ:  «Отыз бірінші» сөз

Естілген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі — көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек;

2-топ: — төртінші — ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе — күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.

(әр топтан бір оқушы мазмұндап шығады)

 

  1. Ой –қозғау сәті. (сұрақ –жауап бойынша)

— Бұл қара сөздің идеясы қандай?

— Естіген  нәрсені ұмытпаудың,есте сақтаудың жолдарына  тоқталған.

—  Бұл шығарманың бас  кейіпкері бар ма?

— Иә,бар.

— Егер болса,ол кім?

—  Абай. Жеке өз аузынан айтылған пікір. Осындайда  кейіпкер  ойы мен автор ойының бір  жерден  шығып  отыратынын байқау қиын  емес.

-Абайдың  қара сөзі  кімнің ойын білдіреді?

— Абайдың әр қара сөзі  жалпы халықтың,қалың жұртшылықтың ойын білдіріп,үлкен  ғибратты  түйін жасайды.

— Абай бар асыл ойын кімге арнады?

— Абай бар асыл ойын замана жастарына ,келер ұрпаққа арнады.

— Оның шығармашылық қызметінің  негізгі мұраты- адам тәрбиесі.

 

  1. «Пікірі жоқ адамнан қорық» деген шығыс даналығы бар. Әрбір адамның өзіндік мені,өз пікірі болуы керек. Сендер оны  «өзін-өзі тану» сабағынан да үйреніп жүрсіңдер.

 

Мақал-мәтелдерАбайдың сыныӨз пікірің
 

Қалауын тапса, қар жанады

 

 

 

 

 

 

Атың шықпаса, жер өрте

 

 

Алтын көрсе, періште жолдан таяды

 

 

 

Ата-анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті.

 

 

 

Сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп, қорлықпен өмір өткізгенше, малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек.

 

Жер өртеп шығарған аттың несі мұрат?

 

Періште алтынды не қылсын, өзінің көрсеқызар сұмдығын қоштағалы айтқаны.

 

Ата-анасынан мал тәтті көрінетұғын антұрғанның тәтті дерлік не жаны бар? Ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың ісі емес пе?

 

·

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Асыл сөздің жалғасын тап.

Жұмысы жоқтық

Тамағы тоқтық …  (Аздырар адам баласын)

 

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті  …  (Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек)

 

Тағы сене бастаймын,

Күнде  алдағыш қуларға  …  (Есім шығып қашпаймын,Мен ішпеген у бар ма?!)

 

Баламды медресеге біл деп бердім … (Қызмет қылсын,шен алсын деп  бермедім)

 

Талап, еңбек, терең ой …  ( Қанағат,рахым, ойлап қой,Бес асыл іс,көнсеңіз)

  1. Дискуссиялық карта.

 

Сөз  таңдауСөз қисыныСөз әрлеу
ынтамен ұғубар зейінін салукөңілденіп,тұшыну
ғибрәтлануүйренуүлгі ету
берік болуештеңені ойламау,бар ынтасымен тыңдаукөкірегі байлаулы берік болу
қайтарыпішінен қайталауішінен қайтарып ойланып

 

 

 

  1. Мәтіндік тапсырма.

1-топқа:

Естілген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: —————————————————————————————————— болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде —————————- керек, көңілденіп, тұшынып, ———————————————   керек;

2-топқа:  үшінші — сол нәрсені ішінен ———————————————————————————————————-     көңілге бекіту керек;

төртінші —  ————————————————————————— —————————керек.  Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: ————————————————————————————————————————————————————  секілді. Бұл төрт нәрсе — ——————— мен ———————— тоздыратұғын нәрселер.

 

  1. Сатылай кешенді талдау.

 

«Отыз бірінші» қара сөзі

Авторы:

Жанры:

Тақырыбы:

Идеясы:

Естігенді ұмытпаудың төрт түрлі себебі бар:

1.

2.

3.

4.

Ой кеселдері:

Тәрбиелік түйіні:

 

Қорытынды:

Абай – ұлы ақын, ғалым, философ, көркем әдебиеттің темірқазығы.

Абай насихаты – ынтымақшыл, арлы, адал, еңбекқор, иманды, талапты, үлкен жүректі кісі болу. Абай «Жиырма тоғызыншы» қара сөзі арқылы кез-келген нәрсені сол қалпында қабылдай бермей, сын көзбен қарауға, өзіңе керекті нәрсені танып, талғап ала білуге шақырады. Абайдың өз сөзімен айтсақ:

Терең ойдың түбінде теңізі бар,

Тесіле көп қараса, көңіл ұғар

 

Үй тапсырмасы: «Абай қара сөзін оқығаннан кейінгі түйген  ойым»   эссе жазу және  «отыз  бірінші»  қара сөзін жаттау.

Бағалау.