Дыбыстық ақпаратты өңдеу Фонограф ойнатқыш
Сабақтың тақырыбы: Дыбыстық ақпаратты өңдеу Фонограф ойнатқыш
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға Windows операциялық жүйеде дыбыстық файлды тыңдау үшін Windows Wedia ойнатқышымен таныстыру.
Білімділік: Оқушыларды мультемедиа бағдарламаларының жұмысымен таныстыру,
дыбыс жазу мен ойнатуға үйрету;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық – абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта. презентация слайд
Сабақтың өту барысы:
- Оқушыларды ұйымдастыру.
- Үйге берілген тапсырманы тексеру.
- Жаңа тақырыпты түсіндіру.
- Тапсырмаларды орындау.
- Сабақты бекіту.
- Үйге тапсырма беру.
Өткен материалды қайталау сұрақтары:
- Блокнот қолданбасының атқаратын қызметі қандай?
- Блокнот қолданбасын қалай іске қосамыз?
- Блокнот қолданбасында қаріп пішінін, өлшемін, түрін, әлпетін қалай өзгертеміз?
- Блокнот қолданбасында құжаттарды сақтау, ашу әрекеттері қалай орындалады?
- Калькулятор қолданбасының атқаратын қызметі қандай?
- Калькулятордың қандай түрлері бар?
Жаңа түсініктер:
Фонограф программасы
Фонограф – бұл дыбысты жазуға және ойнатуға арналған бағдарлама. Ол компьютерге сөздер мен музыканы енгізетін құрылғысы оның көзі болып табылатын дыбыс сигналдарын өңдейді. Дыбыс енгізу құрылғысы – микрофон.
Іске қосу. – пуск – программы-стандартные-мультимедиа-фонограф.
Оның терезесінде төмендегідей батырмалар бар:
1.Бас жағына өту
2.аяқ жағына өту
3.ойнату
4.тоқтату
5.жазу
Ақпарат WAV кеңейтілуі бар файлға жазылады.
Компакт – дискідегі бағдарламаларды орнату мен іске қосу
Кейінгі кезде компьютерлік бағдарламалар компакт-дискілерде таратылады. Бұл қолданбалы бағдарламалар, операциялық жүйелер, ойындар және т.б. болуы мүмкін. Кейінгі дискілердің көбі автоматты түрде іске қосылады, яғни дискіні СД-РОМ-ға қойсақ болды әрі қарай іске қосу автоматты түрде жүреді.
- Интерактивті тапсырмалар
Оқушылар ұяшықтарды таңдайды
- Тапсырма Компьютер ( ұяшықтар саны 7)
- Тапсырма Бағдарламалық қамтамасыз ету (ұяшықтар саны 7)
- Тапсырма Стандартты қолданбалы бағдарламалар (ұяшықтар саны 7)
- Интерактивті тапсырма (Тест)
Сабақты бекіту сұрақтары:
- Лазерлік ойнатқыш бағдарламасы не үшін қажет?
- Бір уақытта музыка тыңдап, басқа қолданбалармен жұмыс істеуге бола ма?
- Лазерлік ойнатқышты қалай іске қосуға болады?
- Дыбыс қаттылығын реттеу жолдары қандай?
- Дыбыс файлдар құру үшін қандай бағдарламаны қолданамыз?
- Дыбыс енгізу құрылғысы қалай аталады?
Үйге тапсырма: Фонограф программасы.