Тамақтану гигиенасы. Тамақтану нормасы, тәртібі
Тақырыбы: Тамақтану гигиенасы. Тамақтану нормасы, тәртібі.
Сабақтың мақсаты
- Дұрыс емес тамақтанудың себептерін анықтау.
- Пайдалы және зиянды тағамдық заттармен таныстыру.
- Тамақтану ережелерін жаттау.
- Ұзақ өмір сүру үшін басты себеп — дұрыс тамақтана білуге тікелей байланысты екенін дәлелдеу.
- Дұрыс тамақтана білу мәдениетін тәрбиелеу.
Сабақтың типі: қорытындылау
Құрал-жабдықтар: компьютер, ИКТ, презентация
Сабақтың барысы:
Мұғалім:
Грек философы Сократ (б.з.д. 470 – 399ж.ж.) айтқан: «Біз қоректену үшін өмір сүрмейміз, біз өмір сұру үшін қоректенеміз».
ДЕНСАУЛЫҚ – адам өмірінің басты кепілі.
Әрбір дені сау адам қоғамның басты байлығы. Жеке адамдардың денсаулығынан қоғамның денсаулығы қалыптасады. Денсаулық адамның негізгі көрсеткіші болып саналады.
«Денсаулық — ……», «Дені саудың — ……», «Халқың сырқат болса, қабырғаң ……..» деген халықтық даналық сөздерде үлкен мән бар. Әрбір адам өз денсаулығын сақтау үшін салауатты өмір салтын ұстану қажет. “Қазақстан 2030” бағдарламасында салауатты өмір салтын қалыптастыру шаралары нақты атап көрсетілген. Елімізде 1997 жылы “Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы” арнайы заң қабылданған.
1 тапсырма:
«Мақал -мәтелдерді аяқта»
1.Жан ауырса, …
2.Ауру батпандап кіріп, …
3.Тәуіптің жақсысы — …
4.Бас аманда мал тәтті, …
5.Ауруын жасырған өледі.
6.Сырқат тән жарасы, …
7.Денің сау болса, …
8.Тазалық — …
9.Ауырып ем іздегенше, …
10.Аурудың жақсысы жоқ, …
Салауатты өмір салтын сақтау қағидалары (оқушылармен бірге анықтау).
- Дұрыс тамақтану;
- Уақытымен ұйықтау;
- Белсенді жұмыс пен демалыс;
- Зиянды қылықтардан аулақ болу;
Адамға организм бір рет қана беріледі. Адам денесін еш нәрсемен алмастыруға болмайды. Көптеген аурулар – дұрыс емес тамақтанудың нәтижесі.
Дұрыс тамақтану — денсаулық кепілі.
Дұрыс тамақтанатын адамдар көп ауырмайды, психологиялық жағдайы жақсарады, көңіл-күйі көтеріңкі болады, ең бастысы жұмысқа қабілеттілігі,
оқуға деген қызығушылығы артады .
Сонымен, дұрыс тамақтана білу де денсаулықтың басты шарты. Адам дұрыс тамақтанған кезде ғана ағзасына қажетті тағамдық заттарды толық пайдаланады. Диетология дегеніміз не?
ДИЕТОЛОГИЯ – тамақты дұрыс пайдалану туралы ғылым.
Оқушы:
Адамның тамақтану мөлшері:
- Қәзіргі таңда адам бір тәулікте шамамен 800 грамм қорек және 1,5-2 литр су пайдаланады. Пайдаланатын жалпы тағамдар құрамында 15% нәруыздар, 30% майлар, 55% көмірсулар болғаны тиімді.
- Жер шарының халқының тәуліктік рационы (6 млрд адамнан астам) 5 миллион
тонна қорек құрайды.
Адам 70 жыл өмірінде 70 тонна су ішеді, 17 тонна көмірсулар, 3 тонна нәруыздар, 2 тонна майлар, 2-3 центнер тұздар, 38 килограмм фосфор, 8 килограмм магнийді пайдаланады.
FASTFOOD дегеніміз не?
Артық салмақ дегеніміз не? Қандай себептерін білесіндер?
Себептер:
* салауатты өмір салтын сақтамау;
* дұрыс тамақтанбау;
* қимылдау белсенділігі төмен.
2 тапсырма: сауланама толтыру.
Саулнама
Сенің бойың | |
Сенің салмағың | |
Күніне неше рет тамақтанасын? | |
Таңғы асыңды күн сайын ішесің бе? | а) ия б) жоқ |
Сорпаны күн сайын ішесің бе? | а) ия б) жоқ |
Көкөніс пен жеміс-жидектерді күн сайын пайдаланасын ба? | а) ия б) жоқ |
Сен бүгін мектепте тамақ іштің бе? | а) ия б) жоқ |
Ішсеңіз, тамақ қандай болды? | а) ыстық б) салқын в) жылы |
Қандай ыдысты пайдаландыңыз? | а) пластикалық б) шыны |
Таңғы, түскі және кешкі астың арасында қандай тамақ, сусын түрімен тамақтанасын? | а) жеміс-жидек б) тәтті тағамдар в) шай, сүт, йогурт г) тамақ ішпеймін |
Кешкі асыңды қашан ішесің? | а) ұйықтардын алдында б) 2 сағат бұрын в) әртүрлі |
3 тапсырма:
Пайдалы тағамдарды «+» белгіле, ал зиянды тағамдарды «-» белгіле.
Қарақұмық (гречка) ботқасы, газ сусыны, балық, алма, бесбармақ, сарымсақ, қуырылған картоп (фри), жүгері ботқасы, кока-кола, кириешки, компот, чипсы, сәбіз, айран, чупа-чупс, қияр, пирожное, пицца, доширак лапшасы, балмұздақ, нан пияз, салат, қызанақ, кәмпит, торт, жаңғақ, киндер-сюрприз, сүт, банан, құймақ, йогурт, жұмыртқа, ірімшік, шоколад,майда (манная) ботқасы, творог, шұжық, ет, шабдалы, апельсин,күріш, алмұрт, кофе, қызылша.
ПАЙДАЛЫ ЖӘНЕ ЗИЯНДЫ ТАҒАМДАР
- Пайдалы тағамдар: нан, ұннан жасалған тағамдар, ботқалар, картоп, жеміс – жидектер.
- «АБАЙЛА!» (зиянды тағамдар): қант, чипсы, кәмпит, тәтті тағамдар, кондитерлық заттар.
4 тапсырма:
Бәріміз біріге отырып дұрыс тамақтану ережесін құрайық:
1.Майлы тағамдарды көп пайдаланбаңыз.
2.Тым ащы және тұзды тағамдардан сақтаныңыз
3.Тәттілер көп, ал денсаулық біреу-ақ.
4.Жеміс – жидектер — пайдалы тағам.
5.Күніне 3рет, бір уақытта тамақтану қажет.
6.Тамақты дұрыстап шайнап жұту керек.
7.Тым ыстық не суық тамақтан тіс эмалі бұзылады.
8.Түрлі дәмдеуіштер қосылған тағамдар ағзаға өте зиян.
- Ағзаға күш беретін, ойлау қабілетін арттыратын қандай тағамдарды білесіндер?
- Ағзаның дамуына көмектесетін қандай тағамдарды білесіндер?
Қорытынды:
ТАМАҚТАНУ ГИГИЕНАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
- Тамақтану режимін сақта!
- Тамақ құрамы туралы ойланыңдар!
- Тамақты дұрыс шайна!
- Тамақты артық жеме!
- Тамақ уақытында асықпа!
Сіздерге тілерім:
Ешқашан ауырмаңыздар!
Дұрыс тамақтанып жүріңіздер!
Жақсы іс істеңіздер!!