Көп өлшемді жиымдар

Сабақтың тақырыбы Көп өлшемді жиымдар

Білімділік мақсаты: Оқушыларды Паскаль тілінде жиымдармен таныстыруды жалғастырып, паскаль тілінде екіөлшемді жиымға берілген қарапайым есептерді шығаруды үйрету

Дамытушылық мақсаты: Көп  өлшемді жиымдар туралы толық мағұлмат бере отырып, оқушыларды бағдарлама құруға дағдыландыру, ой-өрістерін дамыту. Білім сапасын арттыруға және пәнге деген қызығушылығын, іздемпаздығын, байқау қабілеттерін жетілдіру

Тәрбиелік мақсаты: Тақырып бойынша өзбетімен жұмыс                                    жасауға, бұрынғы білімді жаңа ақпарат үшін қолдануға мақсатты оқуға баулу

Сабақтың әдісі:  практикалық

Сабақтың түрі:  аралас

 

  1. Ұйымдастыру бөлім
  2. Оқушыларды түгендеу, класс тазалығына көңіл бөлу

 

  1. Үй жұмысын тексеру:

    1.Бір өлшемді жиымның ең үлкен элементі және оның тұрған орнын анықтау.

    2.Бір өлшемді жиымның ең кіші элементі және оның тұрған орнын анықтау бағдарламаларын тексеру.

Өткен   материалды   қайталау сұрақтары

  1. Жиым деп нені айтады?
  2. Паскаль тілінде бірөлшемді жиым қалай сипатталып жазылады?
  3. Жиым элементтерінің орны қалай сипатталады?
  4. Индекс дегеніміз не?
  5. Бірөлшемді жиымды бағдарламаға қалай енгізеді?
  6. Бірөлшемді жиымды экранға қалай шығарады?
  7. Жиым элементтеріне қандай амал қолданады?

 

  1. Жаңа тақырыпты баяндау

 

Көп өлшемді жиымдар

Жиым – бұл бір атаумен белгіленіп біріктірілген элементтер жиыны.

Турбо Паскальда жиым өлшеміне шек қойылмаған, іс жүзінде бір және екі өлшемді жиымдар жиі қолданылады. Жалпы бірөлшемді жиым математикада вектор, ал екіөлшемді жиым матрица ұғымдарымен сәйкес келеді. Егер жиым атауында бір ғана индекс болса, онда ол жиымды бірөлшемді, ал екі индекс болса — екіөлшемді және т.с.с. n индекс болса, n-өлшемді жиым дейді.

Осы айтылғандарға сәйкес жиым элементтері былай белгіленеді: А[i], B[i,j], C[i,j,k] және т.с.с., көпөлшемді жиым элементтерін басқаша да белгілеуге болады, мысалы, B [i] [j]. Мұндағы A [j] бір өлшемді жиымның i-ші элементі, оны математикада a i түрінде белгілейді, B[i,j]- екіөлшемді жиымның (кестесінің) i-жолы мен j-бағанасының қиылысында орналасқан элементінің белгіленуі; ал C[i,j,k] үшөлшемді жиым, оның элементін кеңістікте орналасқан нүкте координаталары (i,j,k) деп қарауға болады.

Типтер бөлігінде екіөлшемді жиым былай сипатталады:

TYPE atau= array [1…n, 1…m] of <элементтер типі>;

Екіөлшемді жиымды көбінесе айнымалы бөлігінде былай сипаттау жиі қолданылады:

VAR B: array [1…N, 1..M] of <элементтер типі>;

Көпөлшемді жиымдармен жұмыс атқарғанда бір цикл операторының ішінде бірнеше цикл операторлары болуы мүмкін. Мысалы, жиым екіөлшемді болса, онда қайталау екі рет, ал үшөлшемді болса қайталау үш рет және т.с.с. орындалады. Демек, жиым элементтерін енгізу немесе экранға шығару үшін цикл операторларын мынадай түрде пайдалануға болады:

 

for i: = 1 to n do

            for j: = 1 to m do

            read (B [i, j]);

немесе экранға мәлімет шығару үшін:

 

for i: = 1 to n do

            begin

                        writeln;

            for j: = 1 to m do

            write (B [i, j]);

end.

 

b 1,1      b 1,2         b 1,3                        

b 2,1      b 2,2         b 2,3

B = ( bi,j ) =                b 3,1      b 3,2          b 3,3

b 4,1      b 4,2         b 4,3

b 5,1      b 5,2         b 5,3

 

 

Мысал:        

  1. Екіөлшемді А (3,3) жиым элементтерін енгізу және шығару бағдарламасын құру.

      program esep mas;

var i,j:integer;

A: array [l..3,1..3] of integer;

BEGIN

for i:=1to 3 do

begin

for j:=1to 3 do

readln(a[i,j]);

writeln;

end;

 

for i:=1to 3 do

begin

for j:=1to 3 do

readln(a[i,j]);

writeln;

end;

END.

 

  1. Екіөлшемді жиым элементтерінің қосындысын және көбейтіндісін табу.

 program esep2;

var i,j,s,k:integer;

A: array [1..3,1..3] of integer;

BEGIN

for i:=1to 3 do

begin

for j:=1to 3 do

readln(a[i,j]);

writeln;

end;

k:=1;  s:=0;

for i:=1to 3 do

for j:=1to 3 do s:=s+a[i,j];

for i:=1to 3 do

for j:=1to 3 do k;=k*a[i,j];

writeln(`s=`,s);

writeln(`k=`,k);

END.

 

Бекіту: (Компьютермен жұмыс)

  1. А(5,5) екі өлшемді жиымының басты диагоналында орналасқан элементтерді шығару бағдарламасын құрыңдар.

PROGRAM ESEP1;

VAR A:ARRAY[1..5,1..5] OF INTEGER;

I,J:INTEGER;

BEGIN

FOR I:=1 TO 5 DO

BEGIN

FOR J:=1 TO 5 DO

READ(A[I,J]);

WRITELN;

END;

FOR I:=1 TO 5 DO

FOR J:=1 TO 5 DO

IF I=J THEN WRITE(A[I,J],’ ‘)

END.

  1. 2. А(5,5) екі өлшемді жиымының жанама диагоналында орналасқан элементтерді шығару бағдарламасын құрыңдар.

PROGRAM ESEP1;

VAR A:ARRAY[1..5,1..5] OF INTEGER;

I,J:INTEGER;

BEGIN

FOR I:=1 TO 5 DO

BEGIN

FOR J:=1 TO 5 DO

READ(A[I,J]);

WRITELN;

END;

FOR I:=1 TO 5 DO

FOR J:=1 TO 5 DO

IF I+J=6 THEN WRITE(A[I,J],’ ‘)

END.

 

Бекіту сұрақтары

  1. Екіөлшемді жиым қалай сипатталады?
  2. Екіөлшемді жиымды енгізуді қалай ұйымдастырамыз?
  3. Екіөлшемді жиымды экранға шығаруды қалай ұйымдастырамыз?

 

Үйге тапсырма:

І. §5.5  оқу (133 бет)

ІІ. Бағдарлама құру

1) Берілген екіөлшемді квадрат массивтің басты диагоналындағы элементтердің арифметикалық ортасын анықтау.

2) Берілген екіөлшемді квадрат массивтің бас диагоналындағы элементтер қосындысынан жанама диагоналындағы элементтерінің қосындысын азайту.

 

Оқушыларды бағалау:

Оқушыларды бағалау парағын толтыру

Аты жөніҮйге тапсырмаСұрақ-жауапТапсырма орындауОқушының белсенділігіқорытынды
1Қожбанов Н     
2Мәліков Н     
3Салауатов А     
4Серікқалиев А     
5Султангалиева Г     
6Хадис А     
7Шомақов Қ     
8Іңірбаева Ж