ЭЕМ даму тарихы
Сабақтың тақырыбы: | ЭЕМ даму тарихы | ||||
Мақсаты: | Дербес пайдаланылатын компьютердің архитектурасымен, оның құрылғыларының міндеттерімен таныстыру. Топпен бірлесе отырып жұмыс істеуге тәрбиелеу. | ||||
Табыс критерийі | 1.ЭЕМ даму кезеңдерін біледі 2.Сұрақты дұрыс қоя біледі. 3.Сөз қорын көбейтеді. 4.Қорытынды жасауға үйренеді | ||||
Қолданылатын көрнекіліктер: | Интербелсенді тақта,плакат,маркер, стикер, бағалау парағы, тапсырмалар | ||||
Сабақтын түрі: | Жаңа тақырыпты түсіндіру | ||||
Әдіс-тәсілдер | «Шаттық шеңбері»ойыны, «Өзімді өзім сынаймын» ойыны, Не? Қайда? Қашан? компьютерде тапсырма, «Ой қозғау» әдісі, рефлексия | ||||
уақыты | Мұғалімнің іс әрекеті | Оқушының іс әекеті | Көрнекіліктер | ||
1.Ұйымдастыру кезеңі | 2 мин | Ынтымақтастық атмосферасы: «Шаттық шеңбері»ойыны арқылы сынып ішіне мейірім шуағын шаштыру. | Оқушылар сабаққа көңіл аударады,тыныштықты сақтайды. Бір-біріне ізгі тілектерін білдіреді. | ||
2 мин | Топқа бөлу: Молекула 1 атом ойыны арқылы оқушыларды 2 топқа бөлемін | Оқушылар 2 топқа бөлінеді. Осы бөлінген топ бойынша бірігіп жұмыс жасайды. | |||
1 мин | Бағалау әдісі:Тақтаға бағалау парағын ілемін. | Әр оқушы өздерінің жауаптарына қарай белгілерін алып,бағалау парағына іледі. | Стикерлер | ||
Үй тапсырмасын сұрау | 2 мин | «Өзімді өзім сынаймын» әдісімен әр топқа өткен тақырып бойынша кубик лақтыру арқылы не білетіндерін сұраймын. . | Әр топ өздеріне қойылған сұраққа жауап беріп не білетіндерін айтып шығады | Оқулық, дәптер. | |
«Ой қозғау» әдісі | 8 мин | ЭЕМ даму тарихы жайлы не білетіндерін сұраймын. | Әр топ өз ойларын постерге жазып қорғап шығады. | Плакат,маркер | |
4 мин | Нәтижесінде «ЭЕМ даму тарихы»слайд арқылы түсіндіремін | Оқушылар өздерінің жұмыстарын слайдпен тексеріп түзейді. | Интербелсенді тақта | ||
Сергіту сәті | 2 мин | Ритмикалық би қойып беремін | Ритмикалық биге қарай оқушылар іс қимыл жасайды. | Флипчарт | |
Жаңа сабақты пысықтау | 10 мин | Не? Қайда? Қашан? компьютерде тапсырма беремін | Әр топ мүшелері сұраққа жауап береді және тақтаға келіп жазады. | Кеспе қағаз | |
8 мин | Дәптермен жұмыс: Дәптерлеріне әр буын жетістіктерін кластерге бөліп жазып шығады | Әр буында ЭЕМ дамуын біледі, есте сақтайды | Оқулық Дәптер. | ||
Бағалау: | 2 мин | Өздерінің бағалау критерийлері бойынша жинаған ұпайларын есептеу,бағасын қою | Өз бағаларын өздері шығарады | Бағалау парағы | |
Рефлексия кезеңі | 2 мин | -Бүгінгі сабақ маған қалай әсер етті? — Нені үйрендіңдер? -Шағын топта жұмыс жасау ұнады ма? | Оқушылар сабақтан алған әсерлерін,ұсыныстарын стикерге жазып береді. | Стикер | |
Үйге тапсырма | 2 мин | ЭЕМ даму тарихына реферат жазып келу | Берілген тапсырма бойынша түсінбегенідерін сұрайды. | Оқулық,күнделік. | |
Рефлексифтік есеп.
Сабақта не сәтсіз болды? Оқушылар қысқа жауап берді. Өз ойларын толық айтпауы.
Сабақта не сәтті өтті? Тақырыпқа тиісті өз идеяларын ұсына алды. Кедергіні жою жолдары: Диалогтік оқыту арқылы. Нәтижесінде сөз қоры көбейеді.Сұрақты дұрыс қоя біледі.