Формулаларды енгізу және көшіру

Сабақтың тақырыбы:  Формулаларды енгізу және көшіру

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға Excel бағдарламасында формуларады енгізу және көшіруді меңгерту;
  1. Тәрбиелік: Компьютерде жұмыс істеуде ұқыптылыққа, әдептіліке, өз уақытын  дұрыс пайдалана білуге тәрбиелеу;
  1. Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттерін жан – жақты дамыту, ойларын дұрыс тұжырымдап сұрақтарға қорытынды жасай білуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютерлер және жұмыс парағы.

 

Сабақтың типі: білім, білікті практикада қолдана білу сабағы

 

Сабақтың түрі: практикалық, өз бетінше жұмыс

 

Пәнаралық байланыс: Математика, экономика негіздері

 

Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі ( оқушыларды түгелдеу, оқушыларды практикалық жұмыспен таныстыру, жұмыс парақтарын тарату)

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру арқылы теориялық білімдерін бекіту

1.Excel кестелік процессорының терезе элементтерін ата

 

 

 

2.Жұмыс кестесінің элементері

Жол –     65536;                                                           Белгіленуі: 1,2,3,…

Бағана –   256;                                                             Белгілелуі:  А,В,С,…

Ұяшық –    16F777216.                                               Белгіленуі: А1,А2,…

 

 

ІІІ. Практикалық жұмыс

 

Оқушыларды тапсырмалармен таныстыру, практикалық жұмыстарын орындату.

 

1.тапсырма

Электрондық журналмен жұмыс жасау

 

1.Excel электорондық кестесін іске қосып, жұмыс кітабының бірінші парағын 1-суретте көрсетілгендей етіп, толтыңыздар.

І – тоқсанының физика пәнінен қорытынды бағасын, тоқсан бойғы бағасының арифметикалық ортасын табу, яғни CP3HAЧ функцичсын қолдана отырып есептеңіз.

2.Осы кестені Журнал деген атпен сақтаңыз.

  1. Дәл осындай кестені басқа сабақтар үшін де толтырыңыз. Ол үшін :

Түзету, Жылжыту/Көшіру командасын пайдаланамыз. Математика және геометрия пәніне қолданамыз.

Лист1 парағы Физика, Лист1[2] математика , Лист1[3] геометрия деп атын өзгертіңдер.

 

ABCDEFGHIJKLM
1Физика
2Аты-жөні3.0910.0917.0924.091.108.1015.1022.1029.10Балл1-тоқсан
31Молдабекова С
42Жүсіпова М
53Тілеулесов С
64Байтілеуов Б
75Сыпатаев Б

 

2.тапсырма

Кестелік процессордың көмегімен фирма қызметкерлерінің айлық жалақысын есептеу есебін қарастырайық: 8% табыс салығы, 2% зейнетақы қорын есептегендегі қолына тиетін ақша көлемін анықтау.

1.Жаңа жұмыс кітабын дайындаймыз.

2.А2:Е2 ұяшықтарын белгілеп, біріктіру және орналастыру командасын береміз. Ашылған орынға қызметкерлер тізімі тақырыбын енгіземіз.

3.А4 ұяшығына 1 саны, А5 ұяшығына 2 санын жазып толтыру әрекетін орындаймыз.

4.В3:І9 блогының ұяшықтарына келтірілген берілгендерді көшіріп шығамыз. Төмендегі кестені толтырамыз.

5.G4 ұяшығына =F4*0,08 формасын жазамыз. Қалған төмендегі ұяшықтарды автотолтыру әдісімен толтырамыз. G5:G9 ұяшықтарын толтырамыз.

6.H4 ұяшығына=F4*0,02 формасын жазып, жоғарыдағыдай(6) әрекетті орындағаннан кейін H5:H9 ұяшығындағы нәтижелерді көреміз.

7.Қызметкерлердің қолына тиетін айлық жалақысының көлемін І4 ұяшығына F4- G4-H4 формасын енгізу және автотолтыру арқылы енгізе аламыз.

8.Соңында жұмыс кітабын Қызметкерлер тізімі.xls атымен сақтаймыз.

 

I4                fx=F4-G4-H4
АВСДЕАGHI
1
2Қызметкерлер тізімі
3БөліміЛауазымыАты-жөніТаб.№АйлығыТ/ салығыПенс.Қолына
41ЖабдықтауБастықӘзімов А2556000
52ЖабдықтауМенджерКөмеков А2345000
63БақылауАудиторДастанова Р6943000
74БақылауХатшыТастанова К4123000
85Шару. БөліміЕден жуушыҚадірова А5216200
96Шару. БөліміҚарауылКаримов А8917300

3.тапсырма

1.Excel – дегі формулалар.

2.Төмендегі кестені құрындар. В3:Д6 ұяшықтар аумағына сәйкес сан мәндерін енгізіңіз.

  1. «Барлығы» бағанына (Е3 ұяшығы) =В3+С3+Д3 формуласын енгізіңіз.

4.Е4 ұяшығына =СУММ (В4:Д) формуласын енгізіңіз.

5.Е3 ұяшығындағы формуланы Е5 ұяшығына енгізіңіз.

6.Е4 ұяшығындағы формуланы Е6 ұяшығына көшіріңіз.

  1. Өзгертуді сақтаңыз.

 

АВСДЕ
1Қызметкерлерге берілетін сыйақы (теңге)
2Аты – жөніҚазанҚарашаЖелтоқсанБарлығы
3Сәлімжанов А
4Михайлов М
5Әубәкірова Т
6Сыдықов М

 

  1. тапсырма

Төмендегі кестені толтырындар. Жәрмеңкеден түскен пайданың есебін шығарындар.

 

АВСДЕ
1ТауарСаныБағасыЖалпы сомасы
2Тәтті тоқаш13010
3Самса13010
4Шырын14010
5Тақтайша5050
6Еден жуғыш15100
7Орындық10200
8Барлығы:

 

ІҮ.Қорытындылау

 

Сұрақ – жауап әдісі арқылы білімдерін бекіту

  1. = белггісі нені білдіреді?
  2. Ұяшықтағы мәліметтерді қалай көшіруге болады?
  3. Берілгендерді қалай енгіземіз?
  4. Ұяшық дегеніміз не?

 

Ү.Бағалау

Оқушыларды тапсырмаларды және сұраққа жауап берулеріне қарай бағалау.

 

ҮІ. Үйге тапсырма беру

 

  • 8.3 тақырыбындағы ережелерді оқып келу