Конструктордың көмегімен кесте құру
Сабақтың тақырыбы: Конструктордың көмегімен кесте құру
Сабақтың мақсаты: 1. MS Access мәліметтер базасының негізгі
объектілері жайлы білім қалыптастыру.
- Оқушылардың пәнге қызығушылығын, танымдық белсенділігін, ұқыптылығын арттыру.
- Оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Білім, іскерлік дағдыны жетілдіру.
Сабақтың түрі: Интерактивті.
ТСО:
- Мультимедиа проектор.
- ДК.
Қолданылатын программалар:
- Windows XP Professional, Windows 98 амалдық жүйелері.
- Microsoft Access программасы.
- Microsoft Power Point программасы.
Сабақтың жоспары:
- Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
- Өткен тақырыпты сұрау.
- Жаңа сабақты түсіндіру.
- Зертханалық жұмыс.
- Сергіту сәті.
- Сабақты бекіту.
- Үйге тапсырма беру
- Қорытынды..
Сабақтың барысы:
- Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
- Өткен материаллдардан сұрақ-жауап алу.
- Мәліметтер базасы дегеніміз не?
- Мәліметтер базасы дегеніміз–ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым.
- Мысал келдтіріндер.
- Мәліметтер базасын басқару жүйесі дегеніміз– жаңа мәліметтер базасын құруға, оны мәліметтермен толтыруға, оның мазмұнын редакциялауға, оларды реттеуге, безендіруге және баспа құрылғыларына шығаруға немесе байланыс арналарына жөнелтуге арналған программалық құралдар кешені.
- Microsoft Access қандай мәліметтер типімен жұмыс істейді?
- Мәтіндік, МЕМО өрісі, сандық, мерзімі/уақыты, қаржылық, санауыш, логикалық, OLE объектілер өрісі, гиперсілтеме, ауыстырушылар шебері.
- Кесте құру жолы.
Жаңа сабақ.
Бірінші бағанға өріс атаулары енгізіледі. Егер қолтаңба қасиеті еңгізілмесе, онда болашақ кестенің сәйкес бағаны өріс атауымен аталады. Әрбір өрістің атауынаң жанында мәліметтер типі бағанында оның типі көрсетілген. Ол үшін сол ұяшыққа тышқан батырмасы пайда болады, оның ішіне кіріп тізімнен қажетті типті таңдап аламыз.
Бланкінің төменгі жағында өріс қасиеттерінің тізімі орналасқан. Оның кейбіреулері өзі алдын-ала берілген. Жалпы алғанда өріс қасиеттерін енгізу міндетті емес. Оны өз қалауымызша баптауымызға болады.
Кестені құрған кезде түйінді өрісті енгізген дұрыс. Сол арқылы кестелер арасындағы байланысты ұйымдастыруға болады. Қандай да бір өрісті түйінді өріс ретінде беру үшін, өріс атауына тышқанның оң жақ батырмасын басып, шыққан жанама менюден Түйінді өріс (Ключевое поле) бөлімін таңдап алу керек.
Дайын болған кесте Мәліметтер базасы (База данных) терезесіндегі кестелер тізіміне қосылады. Құрылған кесте осы терезеде тышқанның батырмасын екі рет басу арқылы ашылады. Жаңа кесте ешқандай жазбалары жоқ бағандардың атауынан тұрады. Мәліметтер әдеттегідей толтырылады. Ұяшықтан ұяшыққа өту ТАВ пернесі арқылы жүргізіледі. Кестенің төменгі жағында Өту батырмалары (Кнопки перехода) панелі орналасқан. Жазбалар саны өте көп болған жағдайда кестеде жылжу үшін осы панельдің элементтерін пайдаланған дұрыс. Енгізу барысында мәліметтер ұяшықтан тысқа шығып кесте, бізге белгілі әдіспен, яғни тышқанның нұсқағышын бағандардың шекарасына орналастырып, қажетімізше жылжытамыз.
Кестеге мәліметтер енгізілгеннен кейін оны сақтаудың қажеті жоқ, барлық мәліметтер автоматты түрде сақталынады.
Кестенің құрылымын өзгерту қажеттілігі туған жағдайда, оны Конструктор режімінде ашу қажет.
- Зертханалық жұмыс.
- Сергіту сәті.
Компьютер құрылғылары.
Бір сарайда тұрады екен,
Бес атаның баллары.
Қыдырмашы біреуі,
Бір күн бар да, бір күн жоқ.
Соны есепке алсақ,
Ұзын саны 107 (пернетақта)
Жануарға ұқсас аты бар,
Бағдар көрсетер заты бар.
Кілемше үстінде тұрады.
Ең қажет құрылғы. (тінтуір)
Төрт бұрышты әйнек, тұнып тұрған әлек. (монитор)
Ақпараларды қағазға шығарады,
Бұл құрылғы қалай деп аталады. (принтер)
- Сабақты бекіту.
Тест сұрақтары.
- Microsoft Access деген не?
А) мәліметтер базасын қолданушыға арналған программа.*
В) компьютер мен адамның өзара сұхбаттасы құралы.
С) мәтіндік редактор.
Д) амалдық жүйе.
- Microsoft Access қандай программалық жасақтамаға жатады?
А) жүйелік.
В) қоданбалы.*
С) қызметтік.
Д) оқытушылық.
- Ақпарат сақталынатын Microsoft Access программасынның негізгі объектілері.
А) кесте.*
В) қалып.
С) сұраныс.
Д) есеп.
- Кесте құруды неден бастаған дұрыс.
А) макетін беруден.
В) өрістерін енгізуден.*
С) мәліметтерді енгізуден.
Д) жазбаларды енгізуден.
- Microsoft Access мәліметтер базасының қандай терезесінде орнатылған байланыс параметрлері беріледі?
А) Мәліметтер схемасы терезесінде.*
В) Байланыс терезесінде.
С) Бас терезесінде.
Д) Мәліметтер базасы терезесінде.
- Үйге тапсырма беру. Microsoft Access кесте құру, кесеаралық байланыс. Кесте құру.
- Сабақты қорытындылау. Сабақты қорытындылай келе, «Білмегенін сұрап, үйренген–ғалым, арланып сұрамаған–өзіне залым» демекші, кімде қандай сұрақтар бар? Бүгін біз не білдік, не үйрендік?
Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Конструктордың көмегімен негізгі кестелерді құру.
Отырар кітапханасының басқармасы екі кестеге негізделген мәліметтер базасын жасауға тапсырыс берді. Бірінші кесте оқырмандарға арналған, онда кітапхзанадан кітап алған оқырман жайлы мәліметтер көрсетіледі. Екінші кесте кітапханадағы оқулықтарды тіркеуге арналсын.
- Microsoft Access программасын іске қосыңыз ( Пуск–Программы– Microsoft Access).
- Microsoft Access терезесінде Жаңа мәліметтер (Новая база данных) ауыстырып-қосқышын қосыңыз. ОК батырмасын шертіңіз.
- Жаңа мәліметтер базасының файлы (Файлы новой базы данных) терезесінде Мои документы бумасын таңдап алып, файлға Отырар кітапханасы деп ат беріңіз. Жаңа Отырар кітапханасы мәліметтер базасының терезесі ашылады.
- Кестелер панелін ашыңыз.
- Конструктор режимінде кесте құру белгісіне екі рет шертсеңіз кесте құрылымын даярлау бланкісі ашылады.
- Бірінші кесте үшін төмендегідей өрістерді енгізіңіз:
өріс атауы өріс типі
- Оқырманның аты-жөні мәтіндік
- Кітаптың аты мәтіндік
- Кітаптың авторы мәтіндік
- Кітаптың нөмірі мәтіндік
- Кітап алған уақыты мерзім/уақыты
- Бағасы қаржылық
- Кітаптың нөмірі өрісі мәтіндік екеніне көңіл аудармаңыз, өйткені олардың сандық мағынасы жоқ. Кітап нөмірлерін бір-біріне қосуға, көбейтуге, салыстыруға болмайды.
- Болашақ Оқулықтар кестесімен байланыс орнату үшін түйінді өріс беруіміз қажет. Кітаптың аты өрісін қайталанбайтын өріс ретінде таңдап алуыңызға болады. бірақ өте үлкен мәліметтер базасында аттары бірдей әр түрлі кітаптар кездесуі мүмкін. Сондықтан біз Кітаптың аты және Кітаптың авторы өрістерінің комбинациясын түйінді өріс ретінде пайдаланамыз. Бланкінің жоғарғы бөлігіндегі өрісті ерекшелеп алыңыз. Тінтуірдің оң батырмасын шерту арқылы жанама менюді ашыңыз және одан Түйінді өріс (ключевое поле) бөлімін таңдап алыңыз.
- Конструктор терезесін жабыңыз. Терезені жабу кезінде кестеге Оқырмандар деп ат беріңіз.
- 5–9 бөлімдердегі амалдарды қайталап, Оқулықтар кестесін құрыңыз. Оған төмендегідей өрістер енеді:
өріс атауы өріс типі
- Кітаптың аты мәтіндік
- Кітаптың авторы мәтіндік
- Баспасы мәтіндік
- Шыққан жылы мерзім/уақыты
- Кітаптың нөмірі мәтіндік
- Көлемі сандық
- Бағасы қаржылық
- Көлем өрісін шертіңіз. Бланкінің төменгі бөлігінде ондық белгілер саны 0–ге тең қасиетін беріңіз.-
- Бұл кестеге түйінді өріс енгізбесе де болады–берілген тапсырмада ол талап етілмейді.
- Отырар кітапханасы: мәліметтер базасы терезесінде құрылған кестелерді кезекпен ашып, он шақты жазбалар енгізіңіз.
Жұмысты аяқтап кестелерді жабыңыз. Microsoft Access программасын жабыңыз.
БАҒАЛАУ ПАРАҚШАСЫ | |||
Сабақ кезеңдері
Аты-жөні | Үй тапсырмасын сұрау | Зертханалық жұмыс | Қосымша баға |
5 балдық жүйемен бағаланады. МҰҚИЯТ БОЛ! | Қорытынды баға | ||
| |||
Біреулердің өнегелі бір ісін, Көре тұрып көрмегендер құрысын. Нең кетеді жақсы десең жақсыны, Нең кетеді дұрыс десең дұрысын,- Қадыр Мырза Әли |