Paint графикалық редакторында сурет салу
Пәні : Информатика
Мерзімі: 19 ақпан 2011жыл .
Сабақтың тақырыбы : Paint графикалық редакторында сурет салу.
Сабақтың мақсаты :
- Оқушылардың пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыра отырып, білімін бағалау.
- Оқушының белсенділігін, ой-өрісін, дүниетанымын, тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін дамыту.
- Оқушыны кішіпейілділікке, адамгершілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : қайталау сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілі: ойын элементі бар практикум әдісі.
Сабақтың формасы : топтық, жұптық (2 топқа бөлінеді).
Сабақтың жоспары:
«Бақытты сәт» ойыны :
- «Бой сергіту»
- «Бөшкедегі бас қатырғылар»
- «Көкпар»
- «Шығармашылық тапсырма»:
- 1-топ : «Гүлдер әлемі»
- 2-топ: «Құстар әлемі»
- «ЭССЕ» жазу
- «Топ басшыларының сайысы» . Техникалық диктант.
Сабақтың барысы :
Пайдаланылған көрнекіліктер :
«Бой сергіту» сұрақтары:
- Графикалық редакторды іске қосу жолын ата.
- Салынған суретті сақтау үшін қандай әрекет орындалады?
- Тұйық контурдың ішін бояу үшін қандай құрал пайдаланылады?
- Түстер тақтсын жұмыс алаңына шақыру үшін қандай әрекет орындалады?
- Құралдар тақтасын шақыру қандай пернелер комбинациясы көмегімен орындалады?
- Жұмыс үстеліндегі суретті бірден жою үшін қандай әрекет орындалады?
- Жаңа бет ашу үшін қандай әрекет орындалады?
«Бөшкедегі бас қатырғылар» ойының тапсырмасы :
«Көкпар» ойынының тапсырмасы :
Редактордың терезе элеметтерінен сұрақтар қойылады. Жауап жылдам берілуі керек.
«Техникалық диктант» :
Графикалық редактор ____________ сурет салуға, графикалық объектілерді өңдеуге арналған бағдарлама.
Бағдарлама мынадай терезе элеметтерінен тұрады ________________________________________________________________________.
Негізгі түсті таңдау үшін мауыстың _____________ батырмасын, фонды таңдау үшін _____________батырмасын шертеміз.
Мәзір қатары мынады әрекеттерден тұрады ……………………………………………………………………………………………………………………………